Тақырыбы: Кестелер құру және мәліметтерді қарау және енгізу үшін формаларды қолдану Жоспары



бет5/5
Дата07.02.2022
өлшемі20,76 Kb.
#92291
1   2   3   4   5
Байланысты:
ФОРМАЛАР ҚҰРУ

Құрастырушы режимі. Формаларды құру мен түзетудің жақсырақ мүмкінідігін ұсынушы бұл режим, тәжірибелі пайдаланушыларға арналған.

«Қаріп» тобындағы командалар мәтіндерді пішімдеудің кең ауқымдылығын қамтамасыз етеді - сіз қаріптің өлшемін, оның түсін таңдай (және өзгерте), асты сызылған мәтінді және т.б. таңдай аласыз.
Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады. Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат). Деректер базасын басқару жүйесі – бұл программа. Ол арқылы ақпарат деректер базасына енгізілінеді, сұрыпталынады, сүзбеу жүргізілінеді, қажет ақпарат ізделінеді, қажет ақпарат басқа программаларға көшірілінеді.
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255. Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар. Формалар – кестенің деректерін енгізу және бір жазуды көру үшін және т.б. мақсаттары үшін қолданылатын экранның арнайы форматы болып табылады. Формалар деректерді енгізуге, оларды түзетуге, қосуға және жазуларды жоюға мүмкіндік береді. Бір уақытта өз ара байланысқан кестелермен операциялар істеу үшін формаларды құруға болады.
Жұмыс жасаудың режимдері:

  1. Оперативті режим – терезеде ақпарат жүйенің мәселелерін шешу, яғни ақпаратты қарап шығу, өзгерту, таңдау

  2. Конструктор режимі – объекттің құрылымын, макетін құру немесе өзгерту. Деректер түрлері.

  • Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін).

  • Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.

  • Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.

  • Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер

. • Memo – көп көлемді мәтінді сақтау.

  • Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді.

  • Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ).

  • OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.

  • Гиперсілтеме — әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол.

  • Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс. Кестелерді құру. Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді

пайдалануға болады. Біз Новая база данных ауыстыру қосқышын таңдаймыз және OK батырмасын шертеміз. Файл новой базы данных сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда файлдың атын және оның орналасуын көрсетеміз. Сохранить батырмасын шертеміз. Деректер базаның терезесі пайда болады. Мұнда 6 астарлы бет орналасқан. Кестені құрастыру үшін Таблицы астарлы бетінтаңдаймыз. Создать батырмасын шертеміз. Новая таблица сұхбат терезесі пайда болады. Мұнда кестені құрастырудың 5 мүмкін тәсілі көрсетілген.

  1. Режим таблицы – кесте өрістердің атауларын бағандардың тақырып жолдарына енгізу арқылы құрылады.

  2. Конструктор – кесте өрістердің атаулар тізімін және бірден әрбір өрістің қасиеттерін көрсету арқылы құрылады.

  3. Мастер таблиц – автоматты түрде шебердің көмегімен. Ол дайын тізімнен өрістерді таңдауға мүмкіндік береді және мұнда жүзден аса әр түрлі кестелердің түрлерінің шаблондары берілген.

  4. Импорт таблиц – кесте деректерді басқа деректер базасынан немесе электронды кестеден көшіру арқылы құрылады.

  5. Связь с таблицами – кесте басқа деректер базасында орналасқан кестемен байланыс жасау арқылы құрылады. Кесте бойынша жылжу. жебелек пернелерін пайдалану; қозғалту жолақтарын пайдалану; қажет орында маусты шерту; Tab пернесін пайдалану; терезенің төменгі бөлігінде орналасқан көшу батырмаларын пайдалану Деректерді сұрыптау. Деректерді қарап шығу ыңғайлы болу үшін, кестедегі жазуларды белгілі бір тізбек бойынша сұрыптауға болады. Мәндердің сұрыптауын орындау үшін, мәтін курсорын сұрыпталынатын бағанның кез келген ұяшығына орнату қажет, содан кейін келесі батырмаларды (өсу реті бойынша сұрыптау, — кему реті бойынша сұрыптау) шерту немесе Записиà Сортировка командасын орындау. Іздеуді ұйымдастыру. Егер кесте көп көлемді болса, онда редакталайтын деректерді тауып алу қажет. Іздеу жүргізу үшін, мәтін курсорын іздеу жүргізілетін өрісінің ұяшығына орнату, содан кейін Правкаà Найти командасын орындау қажет. Пайда болған терезеде ізделінетін деректердің үлгісі енгізілінеді және Найти батырмасын шертеді. Егер қажет мән табылса, онда курсор сол ұяшыққа орнатылынады. Сүзбеуді құру және қолдану. Сүзбеу – бұл жазулар жиынтығын таңдауға қолданылатын, шарттар жиынтығы. Типтер:

  1. белгіленген бойынша сүзбеу (фильтр по выделенному)

  2. кәдімгі сүзбеу (обычный фильтр) – Сүзбеуді өзгерту батырмасы

  3. кеңейтілген сүзбеу (расширенный фильтр). Жұмыс тәртібі: Записи/Фильтр/Изменить фильтр командасын орындау; Кестеден тек бір жол ғана қалады; Әрбір өріс мәтін курсоры орналасқан жағдайда тізімі бар өріс болып табылады; Бұл тізімнен берілген өріс үшін қажет мәнді таңдауға болады; Применить батырмасын шерту; Таңдауды алып тастау үшін, дәл осы батырманы шерту қажет, тек бұл жағдайда ол Удалить фильтр деп аталады. Форманы құру. Форманы көрсету режимдері. Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.

Құру тәсілдері: 1. автоматты түрде – Автоформа. 2. шебер арқылы – Мастер форм. 3. өз қолымен Конструктор. Форманы көрсету режимдері: 1. конструктор режимі 2. форма режимі
3. кесте режимі Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады. Басқару элементтер.
Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады. Басқару элементтер
– бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады. Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін.
Форманың бөлімдері:

  1. форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;

  2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.

  3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан. Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет