Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары: - Дербес компьютерде жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:
- Дербес компьютерді іске қосу кезінде оның сыртқы қорабының дұрыс жұмыс жасап тұрғандығына және сымдарының қатесіз жалғанғанына көз жеткізу керек ;
- Жұмыс жасау кезінде сымдардың дұрыс жалғанғанына ерекше көңіл бөлінуі керек;
- Жұмыс орнына бекітілген тіркеу журналына керекті мағлұматтарды енгізіп, белгі жасау қажет.
- Студенттің дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:
- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;
- Кабинетке кірушілермен орнынан тұрмай амандасуға рұқсат етіледі;
- Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады;
- Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.
- Көз жаттығуларын білу міндетті.
- Апаттық жағдайдағы техника қауіпсіздігінің ережелеріне қойылатын талаптар:
- Жұмыс жасап отырған кезде дербес компьютерден ақау табылса, күйік иісі шықса немесе өзге дыбыс пайда болса, онда машинамен жұмысты тоқтатып, оқытушыға хабарлау керек;
- От сөндіруде көмек көрсету қажет;
- Электр тоғымен зақымданған адамға алғашқы көмек көрсетуді білуі керек;
- Компьютерлік кабинетте өртті сумен сөндіруге болмайтынын білуі керек. Оған құм және т.б. өрт сөндіргіш құрал- жабдықтарын пайдалануға болады;
- Электр тогының әсерімен зақымданған адамды су қолмен ұстауға болмайтындығын білу қажет. Оны әртүрлі материалдарды ( электр тогы сымынан басқа ) пайдалану арқылы босатып алуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |