Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары төмендегі параметрлермен анықталады: - Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары төмендегі параметрлермен анықталады:
- - айыру объектісінің мөлшері – жұмысты жүргізген кезде бөлуді қажет ететін ең аз мөлшер;
- - фон – айыру объектісіне тікелей жататын бетті анықтау. Беттің түсі мен фактурасына байланысты жарықтану коэффициентімен (ρ) сипатталынады. Фон ρ>0,4 жарық болып, 0,2<ρ<0,4 орта және ρ<0,2 күңгірт болып есептелінеді;
- - объектінің (К) фонымен айқындылығы – абсолюттік шама бойынша объекті мен фонның шағылысу коэффициенті айырымының фонның шағылысу коэффициентіне қатынасымен сипатталынады. Айқындылық К<0,2 аз деп; 0,2< К<0,5 – орта деп; К>0,5 – үлкен деп есептелінеді.
- Көзбен істейтін жұмыстың жағдайлары фонның жарықтығын көтергенде жақсарады, ол бөлменің (қабырға, төбе, еден) және өндірістік жабдық беттерінің шағылысу коэффициентін көтерумен жетеді.
- Жарықтанудың абсолюттік мәнінен басқа, жарықталудың сапалы сипаттары: өте жарық көрсеткіші және жарықталудың толық коэффициенті нормаланады.
- Жасанды жарықтану есептемесі келесі тапсырмалармен қорытындыланады: жарық жүйесін таңдау, жарық көзінің түрін, шамды орналастыру, жарықтехникалық есептеуді орындау және жарық қондырғыларының қуатын анықтау [2,3].
- Жарықтың техникалық есептемесі:
- - пайдалану коэффициенті әдісімен;
- - нүктелік әдіспен;
Достарыңызбен бөлісу: |