Тақырыбы: Кіріспе. Әлеуметтік медицина және денсаулық сақтауды басқару пәні



бет11/12
Дата07.02.2022
өлшемі4,05 Mb.
#82374
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
алеуметтік медицина және денсаулықты басқару пәниі.docx
Семинар-12 Педагогика, Договор Атырау Жарык, Біліктілікті арттыру курстарынан өтуі, 1 урок Берельские курганы

Республикада сәби өлiм-жiтiмi көрсеткiшiнiң азаю үрдiсi бар, алайда, тұтастай алғанда, Еуропа елдерiмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары болып отыр және 2009 жылы 1000 тiрi туғандарға шаққанда 15,3-тi құрады. Бұл ретте, осы көрсеткiштiң ДДҰ-ның ұсынымдары ескерiлмей есептелгендiгiн атап көрсеткен жөн. Ана өлім-жiтiмi көрсеткiшiнiң 1999 жылмен салыстырғанда 2009 жылы 100 мың тірі туғандарға шаққанда 65,3-тен 42,1-ге дейiн азайғандығы байқалады. Республикада ана өлiмi негізгi себептерiнiң бiрi - әйелдер денсаулығы индексiнiң төмендiгi болып табылады, ол 20-30%-тi құрайды. Балалар денсаулығының жай-күйі алаңдатушылық туғызады. Балаларды жаппай алдын ала тексеру жүргiзу екi баланың бiрiнiң ауру екендiгiн көрсеттi және ол сауықтыру терапиясына барабар алдын алу жұмыстарын, бiрiншi кезекте амбулаториялық-емханалық деңгейде ұйымдастыруды талап етедi. ДДҰ-ның ұсынымдарына сәйкес 5 жастағы балалар ауруының көбiсiн амбулаториялық жағдайда тиiмдi емдеуге болады, соған қарамастан Қазақстанда осы жастағы балалардың 60%-тен астамы стационарда емделедi. Ауруханаға балаларды жатқызу себептерiнiң бiрi - дәрiлiк заттарға амбулаториялық деңгейде қолжетiмділiктiң төмендiгi.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет