Бүгiнгi таңда саланы дамытып отырған негiзгi бағдарламалық құжаттар оларды әзiрлеу сәтiндегi талаптарына барабар болған, алайда қазiргi уақытта олар экономикадағы, сол сияқты басқа да секторлардағы өзгерiстер қарқынынан кейiн қалып отыр Жинақталған проблемалар денсаулық сақтау саласын басқару қағидаттарын түбегейлі қайта қарауды талап етедi. Мемлекет басшысының 2005 жылға арналған Жолдауында саланың басқару жүйесiн, денсаулық сақтау iсiн қаржыландыруды, ұсынылатын медициналық көмек берудi ұйымдастыруды, денсаулық сақтау жүйесiнiң нормативтiк базасын, саланың статистикасы мен оны ақпараттандыруды, есептілiктi оңтайландыруды жетiлдiруге, сондай-ақ қаржы ресурстарын тиiмдi пайдалану мен сатып алуды міндеттi түрде орталықсыздандыру бөлігінде байыпты өзгерiстер жүргiзу қажеттiгi көрсетiлген. Денсаулық сақтауды реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған осы мемлекеттiк бағдарламасы Қазақстанның 2030 жылғы кезеңге дейiнгi Даму стратегиясын, Президенттiң "Бәсекеге қабiлеттi Қазақстан үшiн, бәсекеге қабiлеттi экономика үшiн, бәсекеге қабiлеттi халық үшiн!" атты 2004 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан халқына Жолдауын iске асыру мақсатында әзiрленген.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісiн реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 13 қыркүйектегі N 1438 Жарлығы 2. Ю.П.Лисицын. Общественное здоровье и здравоохранение 3. www.google.kz 4. www.yandex.ru