Тақырыбы: «Кіші Қазан» саясаты және Алаш партиясы Білімділік



Дата29.01.2018
өлшемі212,17 Kb.
#35720
түріСабақ
Тақырыбы: «Кіші Қазан» саясаты және Алаш партиясы

  • Білімділік: Өлкедегі ұлы жұттың демографиялық өсуіне кері әсерін тигізуі, халық санының күрт төмендеуі, халықтың сол жылдардағы тұрмыс-тіршілігі, әдебиеттерді пайдалану арқылы кең көлемде білім беру. Голощекиннің ұжымдастыру мен отырықшыландыру, тәркілеу саясаты және қазақ елінің саяси жағдайымен таныстыру.

  • Дамытушылық: Тарихи шығармаларды, деректерді, құжаттарды, қазіргі тарихшыларымыздың зерттеу нәтижелерінен туындаған деректерді пайдалана отырып, осы қанқұйлы кезеңге өз беттерінше баға беруге жол көрсету.

  • Тәрбиелік: Оқушыларға жазықсыз құрбан болған аяулы тұлғаларының аяққа тапталуы айта отырып, олардың өмір жолдарынан өнеге алуға үйрету, оқушыларды адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу. Ұлтжанды, Отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі

  • Тақырыпқа байланысты плакаттар.

  • Сызбалар.

  • Портреттер.

  • ҚР саяси картасы.

Сабақ түрі: Интерактивті.

Сабақ жоспары:

  • Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты

  • Кіші қазан” саясаты

  • Қазақ ұлтшылдарын жазалау

Сабақтың әдіс-тәсілі: Лекция, сұхбат, сұрақ-жауап, ойын, рольдік көрсетілімдер.

Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпқа ену, оқушылармен сәлемдесу,Техникалық құралдарды түгендеу, оқушылардың зейінің сабаққа аударту.

Сабақ басталмастан бұрын миға шабуыл мақсатында 2016 жылғы аталып өтілетін тарихи даталарға тоқталу.

Үй тапсырмасы: “1920 жылдағы Қазақ елінің қоғамдық – саяси өмірі.”

«Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты» тақырыбын өрбіту мақсатында сөздердің мағынасын ашу жұмысын жүргізу.

  • Азамат соғысы ,1916—1921 жылдар , 800 мыңға, 200 мың, күйзеліс , С.Сәдуақасов,  Н.Нұрмақов,

Ы.Мұстанбаев,  Ж.Мыңбаев, С.Қожанов,   өзін-өзі басқару,

Үй тапсырмасын бекіту: Тақырыптық диктант

1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына __________және __________облыстарының енуі, ____________қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі,_________, Ақмола, ___________, Семей, ___________, Жетісу және ______________ губернияларынан, __________автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астанаОрынбордан ______________ көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып __________ аталғанын ескеріпхалыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта  ____________аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы Перовск) _____________ болып өзгертілді.

Тақырыптық диктантты тексеру

1925 жыл Қазақстан халқы үшін саяси жаңалықтармен басталды. Қазақстан құрамына Сырдария және Жетісу облыстарының енуі, Орынбор қаласы мен губерниясының бөлініп шығуына байланысты республиканың әкімшілік құрылымына өзгерістер енгізілді. Ендігі уақытта Қазақ АКСР-і Адай уезі, Ақтөбе, Ақмола, Орал, СемейҚостанай, Жетісу және Сырдария губернияларынан, Қарақалпақ автономиялық облысынан тұратын болды. Қазақ АКСР Орталық атқару комитетінің 1925 жылғы 9 ақпандағы шешімімен астанаОрынбордан Ақмешітке көшірілді. Жаңа астанада 15—19 сәуір күндері өткен Қазақстан Кеңестерінің V съезі қазақ халқының тарихи есімінің патшалык билік тұсында бұрмаланып қырғыз» аталғанын ескеріпхалыққа өз атын қайтарды. Соған байланысты Қырғыз АКСР-і ендігі уақытта Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы аталатын болды. Республиканың жаңа астанасы Ақмешіт каласының аты (бұрынғы ПеровскҚызылорда болып өзгерт.

Жаңа сабақ: “Кіші қазан” төңкерісі және Алаш партиясы.

  • Голощекин Филипп Исаевич (Шая Ицкович, 1876-1941)

  • Мамандығы- тіс дәрігері.

  • 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісіне дейін Мәскеу, Петроград, Оралда партиялық қызметтер атқарған.

  • Қазақ өлкелік партия комитетінің Бірінші хатшысы болып 1925-1933 жылдар аралығында басқарған.

Қазақ қоғамына алаш зиялыларының ықпалының артуынан қауіптенген орталық билік республикадағы саяси тәртіпті қатаң бақылауға алу жолына түсті.

  • 1925 жылдың 29 мамырында И.В.Сталин партияның Қазақ Өлкелік Комитетінің бюро мүшелеріне «Ақ жол» газетінің саяси ұстанымына байланысты хатын жолдады.

  • Онда И.Сталин өзінің «Ақ жол» газеті материалдарымен танысып, жарияланған материалдардың мазмұн жағынан шетелдерде жарық көріп жатқан Мұстафа Шоқай мақалаларымен сабақтас, жақын екенін айта келіп, мұндай сынға кеңестік басылымдарда орын берілуге тиіс емес деген тұжырымын білдіреді.

  • И.Сталин хатындағы екінші мәселе алаштық зиялылар жөнінде болды. Кеңестік басшы партияда жоқ ұлт зиялыларын саяси жәнеидеологиялық қызметтерден біржола аластатуды ұсынды.

И.Сталин хатынан соң Қазақстандағы саяси билікке ұлттык кадрларды тек таптық тегіне қарап тарту кең етек алды. Сонымен бірге бұқара арасынан іріктелген қызметкерлердің өзін ұлттық сезімі мен ұстанымына байланысты жіктеу орын ала бастады.

  • 1925 жылы жазда республика басшылығына Орталық Филипп Исаевич Голощекинді жіберді. Жергілікті жағдаймен танысып алған соң Ф.Голощекин И.Сталинге арнайы хат жолдап, онда ендігі уақытта басымдылық жалпыұлттық міндеттерге емес, қазақ ауылын кеңестендіруге, республика өмірінде коммунистердің үлес салмағын күрт арттыруға, басқару аппараттарын жергіліктендіруге, яғни қазақ бұқарасына қазақша қызмет жасауға, сондай-ақ «үлкен саясатқа» емес, калың қазақ бұқарасаның күнделікті мұқтаждықтарын қанағаттандыруға берілмек екендігін тәптіштеп айтты. Ф.Голощекин ұсынған «Кіші Қазан» концепциясы осындай тұжырымдардан тұрды және ол И.Сталиннің толық қолдауын алды.

Қазақстандағы кеңестік мемлекеттік автономия қызметіне ұлттық сипат, мазмұн беруге күш салған саяси топ (С.Қожанов, С.Сәдуақасов, Ж.Мыңбаев, Н.Нұрмақов, т.б.) Голощекин ұсынған «КішіҚазан» бағдарламасын қазақ ауылында «азамат соғысын» тудыру әрекеті есебінде қабылдады. Қазақ қайраткерлері арасындағы келесі бір топ (О.Исаев, І.Құрамысов, Ғ.Тоғжанов, т.б.) ендігі уақытта басымдылықтың жалпыұлттық емес, таптық саяси мәселелерге берілгенін жөн санады. Республика өміріндегі саяси тартыс, негізінен, осы екі топтың арасында жүрді.

  • Ф.Голощекин бастаған саяси басшылық қазақ ауылын кеңестендіру жолында тұрған негізгі кедергі байлар табы деп түсінді. Сондықтан да 1926 жылы 20 мамырда «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заң қабылдап, байларды мал жайылымынан айыру шарасын осы жылдың маусым және шілде айларында бастап кетті.

  • Шабындық және егістік жерлерді кайта бөлуде бірқатар қиындықтар кезікті: жерді өлшеу даярлықсыз жүргізілді, болыстық атқару комитеттері мен ауылдық кеңестерде бұл шараның мақсаты мен мәнін толық түсініп, оны ақырына дейін жеткізуге мүдделі қызметкерлер аса көп байқалмады.

  • «Кіші Қазан» бағдарламасы аясында шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу арқылы қазақ ауылында тапаралық «майдан» ашудан үміттенген кеңестік басшылык бұл үміті ақталмаған соң, жаңа ауқымды да қауырт шараларды іске асыруды қолға алды.

Отырықшыландыру, қазақ байларын тәркілеу

  • 1927 жылы ақпанда БОАК төралқасы көшпелі, жартылай көшпелі қазақтарды жерге орналастыру туралы шешім қабылдады. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Бұл Н.Нұрмақов, Ж.Сұлтанбеков сияқты қайраткерлердің заңды қарсылығын тудырды. Сол 1927 жылы қарашада өткен VI Жалпы- қазақтық партия конференциясы Қазақстанды мекендейтін барлық ұлттарды жаппай жерге орналастыру қажеттігі жөнінде қаулы қабылдады. Ол қаулыны БОАК өзінің 1927 жылы 12 желтоқсандағы қаулысында толық мақұлдады. Соның нәтижесінде Қазақстан үкіметі 1928 жылы 4 наурызда «Қазақ АКСР-де жерге орналастыру тәртібі және жерді пайдалануды ретке келтіру туралы» арнайы қаулы кабылдады.

  • 1927 жылы желтоқсан айында тәркілеу туралы заң дайындау үшін арнайы комиссия құрылды. Ал келесі 1928 жылы 27 тамызда «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» және 13 қыркүйекте «Тәркілеуге қарсылық көрсеткені үшін қылмыстық жауапқа тарту және ірі, жартылай ірі феодалдарды көшіру туралы» деп аталған екі қаулы қабылданды.

  • 700 ірі шаруашылыктың мал-мүлкін тәркілеу белгіленді. Малмен қоса бау-бақша, ауыл шаруашылығы құралдарысоқа-сайман, арба, шана, тіптен күрке, жертөлелер де тәркілеуге жатқызылды.

  • 145 мың мал тәркіленіп, 619 отбасы көшірілдіБайлардың мал-мүлкін тәркілеу олардың туыстарының колымен жүргізілді. Осылайша қазақтарды өзара араздастыру саясаты тереңдей түсті.

Жаңа сабақты бекіту: «Қазақ ұлтшылдарын» жазалау (көрініс)

  • Ә.Бөкейханов бастаған ұлт-азаттық қозғалыс қайраткерлері мен белсенділерінің Кеңестік билікпен арақатынасы күрделі сипат алды. Мемлекеттік автономия алудан үміттенген ұлт-азаттық қозғалыс басшылары жаңа билікпен тіл табысуға ұмтылыс жасады. Өз ретінде кеңестік билік кешегі қарсыластары — Алаш зиялыларына қатысты екі жакты саясат ұстанды. Алғашқы кезеңде арнайы білімі бар мамандарға зәрулікті сезіне отырып билік орындары санаулы қазақ зиялыларын кеңестік кызметке тартуға әзірлігін байқатқанымен, осымен бір мезгілде алаш қайраткерлері билік тарапынан саяси сенімсіздікке ұшырап, қудалауға алынды. Өз ретінде ұлт зиялыларының өз ішінде ауызбірліктің болмауы, әсіресе билікке тартылған кейінгі буын — тәжірибесіз элитаның топшылдық дертіне шалдығуы империялық күштердің Алаш қайраткерлерімен есеп айырысуына қолайлы жағдай туғыздыА.Байтұрсынұлы және басқа Алаш көшбасшыларының зиялы топ өкілдерін татуластыру әрекеттерінен ештеңе шықпады.

  • Смағұл Сәдуақасов биліктегі топты Мәскеулік әкімшілік алдында ұлттың ішкі өміріндегі кейбір мәселелерге байланысты толық сыр ашпауға шакырды. Ал, бірақ Орталық билік қазақ коғамы ішіндегі саяси ағымдар мен ұстанымдар жөнінде толық мәліметті сол қазақ қызметкерлерінің өздерінен-ақ алып отырды. Басқаша айтканда, империялық ұстанымдағы орталыққа қазақ қоғамының ішкі өміріндегі процестерді бақылап, өзіне тиімді бағыт-бағдар беріп отыру қиынға түскен жоқ.

  • 1926 жылы 12 жоне 14 қараша күндері Мәскеуде, Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитетінің кезекті сессия жұмысына қатынасуға келген ұлттық автономиялық құрылымдардың 49 басшы қызметкерлері «националдар кеңесі» аталған жиналыс өткізеді. И.Сталиннің келісімінсіз өткізілген бұл кеңесте тыңдалған баяндамалар мен жарыссөзде орталық биліктің Ресей федерациясы құрамындағы ұлттық, автономиялық құрылымдарға жергілікті халықтардың мүддесі сол бұрынғы күйде ескерусіз аяқ асты қалып қойғандығы жан-жақты талқыға алынады. Кеңес жұмысына Ресей Федерациясыүкіметі төрағасының орынбасары Т.Рысқулов басшылык жасайды. Бір ауыздан қабылданған қарарда кеңеске катысушылар ұлттық автономияларда қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында ұлттық мәселелер бойынша кезекті кеңесті шақыруды талап етеді.

  • И.Сталиннің наразылығын туғызған бұл кеңес туралы орталықтың ызғарлы ұстанымын Ф.Голощекин тез арада «қазақ ұлтшылдарын» жазалау мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Мәскеудегі «националдар кеңесінің» ізін ала Қызылордада өткен Қазақ өлкелік партия комитетінің III Пленумы (1926 ж. 25—30 қараша) құрамында С.Сәдуақасов, С.Қожанов және Ж.Мыңбаев бар «ұлтшылдар» тобының қызметі жөнінде мәселе қарап, «қазақ ұлтшылдығын» үзілді-кесілді айыптаған қаулы кабылдайды. Бұл іс жүзінде республикадағы жоғарғы билікті «ұлтшылдардан» біржола тазарту шарасының өзі болатын. Саяси қудалауға ұшыраған Ж.Мыңбаев пен С.Сәдуақасов көп ұзамай өмірден өтті (1929, 1933 жж.), ал С.Қожанов болса, біржола саяси қызметтен ығыстырылды.

Жаңа сабақты қорытындылау: Сұрақтарға жауап беру.

Жемістерге жазылған сұрақтарға жауап беріп ағаш жайғастырады.

Үй тапсырмасы: 1.«Талапкерге хат қоржын» 1930 жылдары жазылған хаттардың мағынасын ашу.

2. Тақырыпқа байланысты арнайы тест базасындағы сұрақтарды жаттау.

ҚР Білім және ғылым министірлігі

2 А.Сүлейменов жалпы орта мектебі


Бекітемін: Тексерілді: Ә/б жетекшісі:

Мектеп директоры: ДОІМ: Ж.К.Боранбаева

К.М.Балықбаев М.Қалмұратов __________ ___________

Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ

Тақырыбы:



Мұғалім: Боранбаева Жаңагүл Қарабалақызы


Өткізілетін сынып: 11 «Ә»

Қала: Сарыағаш

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет