Тақырыбы: «Кітап ˗ жан азығы»
Мақсаты: келешек ұрпақтың сана - сезімін, ой- өрісін, рухани ойлау қабілетін дамыту. Кітапты оқуға баулу, білім көзі кітап екенін түсіндіру , оқу мәдениетіне тәрбиелеу
Көрнекілігі: Кітап макеті, нақыл сөздер. Кітап ұстау ережесі, кітап құрылымын жазу. «Кітап ˗ жан азығы» көрме.
Кітапханашы: Кітап та алма ағашы
Жемісін біздер теретін
Тәтті алмаға балашы
Кітабыңның әр бетін – деп, Мұзафар Әлімбаев атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар мен оқулықтар білім көзі, рухани қазына. Кітап білімімізді молайтады, кітаптан көп өнеге – үлгі аламыз.
Кітап: Бәрекелді! Мың рахмет Мұзафар атамызға. Балалар мен сіздерге үлкен қуанышпен келдім және дос болып қайтатыныма сенімдімін! Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты досымыз – кітап. Жоғары шығыңыз.
Ал балалар, жұмбақ айтудан бастайық.
Қабат – қабат қаттама,
Ақылың болса аттама. (Кітап)
Үндемес серік, ақылы берік. (Кітап)
Кітапханашы: Құрметті оқушылар, мен жұмбақпен тегін бастап тұрған жоқпын. Бүгінгі әңгімеміздің өзі кітап жайында болмақ, себебі біз кітапханада, кітаптар арасында отырмыз. Кітап туралы мол білгіміз келеді ғой. Кім біледі, балалар, "кітап" деген сөз қайдан шыққан, қандай мағына береді?
Кітап: Мен өзім жауап берейін бе?
Кітапханашы: Жоқ, балалар жауап берсін.
1-оқушы: "Кітап" – арабтың "жазу" деген сөзінен шыққан. Кітап – өлшеусіз қазына, тендесі жоқ байлық. Алғаш кітап жазу құпиясын тек дінбасылар мен монахтар білген. Дүние жүзіндегі тұңғыш кітаптар еврей тілінде «Таурат» (б.з.д. 25 ғ), чин қытай тіліндегі «Конфуция», грек тіліндегі «інжіл», араб тіліндегі «Құран», парсы тіліндегі «Авеста» (25 кітаптан тұрады).
Кітаппен дос болсаң, білім нәріне кенелесің.
Кітапханашы: Ой бәрекелді! Ал енді мақал – мәтелдің жалғасын табайық.
Кітап оқымай өмірді білу.... (білім алу мүмкін емес)
Оқу –білім азығы (білім – ырыс қазығы)
Наданмен дос болғанша.... (кітаппен дос бол).
Оқу –инемен (құдық қазғандай)
Бірлік болмай, (тірлік болмас)
Білім алмай "болдым деме",... (еңбек етпей "толдым" деме).
2-оқушы: Кітап баспасы ағаштан жасалады. Каллиграфия қалыбы ХІ ғасырда пайда болды. 1045 жылы Чин өнерпазы Би Шен құймалы әріптерді (литер) жасап шығарды. Еуропада тұңғыш рет ХV ғасырда неміс өнертапқышы И.Гуттенберг баспа станогын жасады. Русьте тұңғыш баспаны 1564 жылы, Мәскеуде Иван Федоров пен Петр Мстиславец басып шығарды. Қазақ кітап баспасы Ресейге қосылған соң қалыптасты. Бірақ араб тілінде
ІХ ғасырда жасылған. «Оғызнама» Махмұт Қашқаридың «Диуани мағатиат түрке» кітаптары болды. 1800 жылы тұңғыш қазақша кітаптар шығара бастады.
Кітапханашы: Ой, бәрекелді! Менің тарихымды жақсы біледі екенсіңдер. Міне, мен осылай өмірге келдім.
Кітапханашы: Ал оқушылар кім тақпақ біледі.
1-оқушы: Кітап – менің рухни астанам,
Қолыма алғаш «әліппе» алып бастағам
Кітап оқып, жан дүнием байыды
Шабытты жыр тудыратын, жас қалам!
Кітап – менің асыл, жақұт сырласым,
Бір өзіңе айтатұғын жыр басым
Жалықпаймын, жалықпаймын оқуға
Түндер келіп, тәтті ұйқымды ұрласын.
Кітапханашы: Міне көрдіңдер ме, балалар, кітаппен дос болсаңдар бәрін білесің. Білім нәріне кенелесің.
2-оқушы: Кітап менің өмірлік асыл мұрам,
Жалқауларға сені қалай басындырам.
Беттеріңе үңіліп, қарап тұрсам,
Алтын қазына алғы сөз асылды ұғам.
Кітапханашы: анкеталық сұрақ барысында кезек берейік.
1.Кітап деген не?
2.Қағаз қайдан алынады?
3.Кітап, қағаз туралы қандай ұлағатты сөздер бар?
4.Ең алғаш Еуропада кітап басу ісін ойлап тапқан кім?
5. Қағазды көбейту үшін не істеу керек деп ойлайсың?
6.Елімізде қандай ірі баспаларды білесіндер?
7. Балаларға арналған газет журналдар білесіндер?
8.Кітап кім үшін жазылады?
Кітапханашы: «Кітап – жан азығың» деп тегін айтылмаса керек. Жаныңды нұрландырып, көкірегінді оятатын не екен? Әрине, кітап. Ендеше аталарымыздың кітап туралы айтқан ұлағатты сөздерден қортындылайық.
1-оқушы: Кітапсыз үй – жансыз дене. Кітап заманалар толқынында тербеліп, үстіндегі қымбат қазынасын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан ой кемесі.
2- оқушы: Кітап – ғажап дос, өмірдің қиын сәттерінде сенімде сырласын болады, ешқашан өкіндірмейді.
3- оқушы: Кітап атаулы досы бола бастаған шақтан былай ғана әрбір жан өзін интеллигент бола бастадым деп санауына болады. (М. Әуезов)
4- оқушы:
Кітап - адамгершіліктің қайнар көзі, адамзаттың рухани байлығы, замана асыры, тарих шежіресі. (Абай)
Кітап: Міне балалар, мені оқысаңдар қызыққа кенелесіңдер, тауды бұзып, тасты жарасыңдар, бүкіл әлемге саяхат жасайсыңдар. Міне мен осындаймын.
Кітапханашы: Қымбатты оқушылар кітапты үзбей оқып, өзімізге бағыт сілтеп тұратын шамшырағымыз деп білейік. Кітаптың ұлы қасиетін бағалап, құрметтеп жүрейік. Олай болса кітаппен дос болайық, кітапхана оқырмандары көбейе берсін деген тілекпен бүгінгі шарамызды аяқтаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |