Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Ерлердің ісі бітер ме?!- деген жолдар бірыңғай «е» дыбысынан басталып, ақынға тән ақтарыла, ағындап, ұрандап тұр.
Аллитерация - өлең жолдарының бірыңғай дауыссыз дыбыстан келіп үндесуі. Дауыссыз, әсіресе қатаң дауыссыз дыбыстар қайталанып, шегелеп айтар ақыл, нақылды, тепсініп толғар тегеурінді күш-қуатты өте әсерлі береді. Көптер көзін тіккендей, Көп соңына түскендей,
Көптің несін алыппын?!
Көп кісіден анықпын!
Эпитет (грек. epіtheton – қосымша) – заттың, яки құбылыстың ерекшелігін, сыр-сипатын бейнелі түрде танытатын поэтикалық және стилистикалық ұғым. Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу мақсатында қолданады.
1-тапсырма.
1-тапсырма. “Аты шулы тоғыз қасқыр” бөлімінен алынған үзіндіден көркемдегіш құралдарды анықтаңыз. Қолданысын түсіндіріңіз.
(Оқушыларға мәтін беріледі)
Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда, аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмайды...
Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері басталды. Ашумен жер тарпып, қар боратып, көп ұлыды. Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді. Бұрылып бір жаққа қарай жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қалыпты...
Көксерек бұрынғы дағдысымен жемтіктің кеудесіне тұмсығын тығып жіберіп, жұлып асап жатыр еді. Желкесінен "ырр" етіп бір ауыз тістей түсті. Жемтіктен басын суырып алып, көк шолақтың асылып тұрған аяғынан қатты тістеп алып, үстінен жұлып тастады.
Ықтимал жауаптары
1. Қораны өрт шыққандай, жер сілкінгендей дүр-дүр еткізіп келіп, қақ жарып шыққанда. Теңеу. Қолдану мақсаты - Көксеректің қара күшін, адуынын көрсету;
2. Аузына кем болса бір-екі батпан құйрық ілінбей қалмайды... Синекдоха. Қой деген сөзді білдіреді. Автор қой деген сөзді қайталамау мақсатында қоланады.
3. Қайтадан қарлы, боранды қыс келді. Аязды, елсіз ұзақ далаларда аштық түндері басталды. Эпитет. Автор қыс, дала деген сөздерге еркше сипат беру мақсатында қолданады.
4. Ашумен жер тарпып, қар боратып, көп ұлыды. Бір мезгілде ай астында ағараң-ағараң еткен көп топты көрді. Бұрылып бір жаққа қарай жалтарғанша, тасырлатып, қар боратып, қасына ағызып келіп қалыпты...
Градация (дамыту) – алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра, асқақтата суреттеу мақсатында қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |