«Көрсеткіш» типті айнымалыны баяндағанда ол көрсеткіш қандай типті айнымалыға сілтеме жасап тұрғанын көрсету керек. Өйткені әр түрлі типті айнымалы жадыдан әр түрлі көлемде орын алады және де көрсеткіштермен байланысты кандай да бір операцияларды орындағанда жадыда бөлінетін орынның көлемін білу керек. Көрсеткіштерді дұрыс баяндау мысалдары:
Int*ptr;
Char*cptr;
Float-fptr;
Көрсеткіштерге қолданылатын операциялар
Көрсеткіштердің мәндерін өзгертетін өрнектер мен операторларды жазғанда есте сақталатын басты ереже бар: көрсеткіш мәнінің өлшем бірлігі оған сәйкес типтің өлшемі. Мысалы: *pti=*pti+1 немесе *pti++. Көрсеткіш pti мәнін 2-ге өзгертеді. Сондықтан ол FFC2 мәнін қабылдайды. Басқа тип көрсеткіштері де сол сияқты *pti++- көрсеткіш мәнін 1-ге *pti++ көрсеткіш 4-ке арттырады . Көрсеткіштерді функция параметрлерін тасымалдау үшін қолдануға болады. Қайтарылатын мәнді функцияның өзі алып жүреді. Яғни функция орындау барысында бас программа айнымалының мәндері өзгермейді, бірақ бұл ережені бұзуға болады. Егер функция параметрі ретінде көрсеткіштерді алсақ. Біз қарастырған мысалда функция swap() 2 айнымалысы шаманың мәндерін алмастырады.
void swap (int a, int*b)
{ int c;
c=*a; a=b; *b=c;
}
Егер бас программада мынадай үзінді бар болса:
int x=1; y=2;
swap (&x,&y);
print (“x=%d y=%d”, xy) онда экранға x=2 y=1 деп шығады.