Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті
Практикалық сабақтар
Тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері
Орындаған: Курбаналиева Лаура Нурлубековна
Факультет: Педагогика және психология
Мамандық: 6B01301 Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі
Тексерген: Утюпова Гульнара Елетаевна
Алматы-2021
Критериалды бағалау жүйесінің тарихи қалыптасу кезеңдері
«Критериалды бағалау» терминін алғаш рет Роберт Юджин Глейзер (1963) қолданған және бұл термин оқушылардың оқу жетістіктерінің қол жеткізген және потенциалды деңгейлері арасындағы сәйкестікті анықтауға мүмкіндік беретін үдерісті сипаттайды. Критериалды бағалау басқа оқушылардың жетістіктерін салыстырмайды және бір-біріне тәуелді етпейді, сонымен қатар әр оқушының құзыреттілік деңгейі туралы ақпарат беруге бағытталады.
Тарихқа көз жүгіртсек, формативті және суммативті бағалау арасындағы айырмашылық ХХ ғасырдың 60 жылдарынан бастап енгізіле бастады.
Әлемдік тәжірибеде формативті бағалау екі түрлі сызбасы бойынша жасалады: Холистикалық бағалау сызбасы [англ. holism; гр. holos - тұтас, барлығы – оқу үдерісінің мақсаттары бойынша анықталған қабілеттерді жеке-жеке бағалау арқылы оқушының даму деңгейін қысқа мерзімде және жалпы түрде бағалау. Бұл қысқа мерзімде жүргізілетін жылдам бағалау. Акцент бөлшек құрамға емес, тұтас тұлғаға жасалатын кез келген тәсіл. Аналитикалық бағалау – оқушылар үшін көзделген нақты қабілеттерді белгілі бір ұзақ мерзім ішінде біртіндеп бақылап отыру және бағалау.
Алғашқы ұғымда қалыптастырушы бағалауды аналитикалық бағалау деп аталса, жиынтық бағалауды холистикалық бағалау деп аталып келді.
Достарыңызбен бөлісу: |