Тақырыбы: Курстық жұмыстың мақсаты, міндеттірі. Курстық жұмысқа қойылатын талаптар Мақсаты


Курстық жұмыстың құрылымының үлгісі



бет4/9
Дата20.12.2021
өлшемі27,59 Kb.
#103741
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Курстық жұмыс мақсаты

Курстық жұмыстың құрылымының үлгісі:

  1. Титул беті

  2. Жоспары

  3. Кіріспе

  4. Негізгі бөлім

  5. Зерттеу нәтижесін талдау

  6. Қорытынды

  7. Ұсыныстар

  8. Әдебиеттер тізімі

  9. Қосымша

Курстық жұмысты орындау реті бірізділікті қажет етеді:

  1. Зерттеу тақырыбын таңдау

  2. Оның өзектілігін негіздеу

  3. Зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтау

  4. Зерттеу нысанасын белгілеу

  5. Нысана туралы білімдерді игерту

  6. Мәселені көтеру

  7. Зерттеу пәнін анықтау

  8. Болжам жасау

  9. Зерттеу жоспарын құру

  10. Зерттеу әдістерін анықтау

  11. Белгіленген жоспарды жүзеге асырау

  12. Болжамды жүзеге асыру

  13. Зерттелінер нысананы түсүну үшін мәселенің мағыздылығын анықтау

  14. Табылған шешімнің практикада қоланылуының мүмкіндіктерін анықтау

Курстық жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

  1. Курстық жұмыстың негізгі мәтінінің көлемі 25-30 беттен кем болмауға тиіс. Бет саны компьютер басылымы мен есептеледі. Негізгі мәтінге жоспары, әдебиеттер тізімі, қосымшалар кірмейді.

  2. Егер фотосуреттер бар болса олар стандарт қағазға желіммен жапсырылады. Оларда ешқандай сызат, түзету, таңба болмау керек. Барлық графиктер мен кестелерге курстың жұмыстың мазмұнына міндетте түрде сілтеме жасалуы керек. Сілтемеде «График» немесе «Кесте» деп жазылып нөмірі көрсетілуі керек. Кесте, сурет, қосымшаларға сілтеме кәдімгі жақшаларға алынады. Қосымшалар мәтіндегі сілтеменің тәртібі бойынша орналастыру керек. Әр қосымша жаңа беттен басталады. Егер қосымша курстық жұмыстың соңында келсе, онда қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін, жұмыстың соңында келсе, онда қолданылған әдебиеттер тізімінен кейін жұмыстардың жалпы беттерінің санына еніп, жеке бетте «қосымша» деп үлкен әріппен жазылады. Осы беттен кейін қосымшалар беріледі.

  3. Курстық жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттер саны 20-дан кем болмауға тиіс. Әдебиеттерге ғылыми еңбектер жинағы, монография, конференция материалдары, газеттер мен ғылыми журналдарға басылымдар, кондидаттық және докторлық диссертациялар және авторефераттары жатады.

  4. Курстық жұмыс графикке байланысты кезең бойынша орындалады. Студент жұмыстың орындалу барысы туралы әр кезең бойынша жетекшіге есеп беріп, одан кеңес алып отырады.

  5. Дайын жұмыс реценцияға толық безендіріліп, компьютерге басылған, түптелген түрде бекітілген графигіне сай беріледі. Қорғауға дейінгі 7 күнен кешіктірмеу керек.

  6. Жұмыстың жобасы дайын болғанда алдын-ала қорғаудан өтеді.

  7. Қорғау комиссия мүшелерінің қатысуымен өтеді.

  8. Курстық жұмысты қорғау кеінде ғылыми жетекшінің берген пікірі ескеріле отырып, комиссия мүшелерінің шешімімен бағаланады.

Курстық жұмыс компьтер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындайды. Шрифт қалыпты, кегль 14. Абзац дол шегінісі-барлық мәтін бойынша 5 соққы (12,5-15мм)

Мәтіндер жазылған беттер рамкамен шектелмейді.

Курстық жұмыс мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан-30мм, жоғары жағынан-20мм, оң жағынан - 10мм және төменгі жағынан - 025мм.

Курстық жұмыс беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының оң жақ шетінде нүктесіз қойылады.

Курстық жұмыста қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті білімгер- курстық жұмысының авторы-өз мойнына алады. Курстық жұмыс мәтіні қысқа, анық болуы керек және әр түрлі түсінік беруге жол беруге болмайды.

Курстық жұмыс мәтінінде рұқсат етілмейді:

-бір және сол түсінік үшін мағынасы жағынан жуық(синонимді) ғылыми-техникалық терминдерді, сондай - ақ қазақ тіліндегі тең мағыналы сөздер термині бар болғанда шет ел сөздері мен терминдерін қолдануға;

- мәтінде шамалардың теріс мәндерінің алдында математикалық минус (-) белгісін пайдалануға; (-) белгісі орынына «минус» сөзін жазу керек





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет