Тақырыбы: Күз кереметі. Оқу іс-әрекетінің мақсаты



Дата27.12.2016
өлшемі26,29 Kb.
#5826
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Сауат ашу және жазу.

Тақырыбы: Күз кереметі.

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыру. Күз мезгілі, адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету. Адамдар үшін жемістер мен көкөністердің маңызы туралы түсінік беру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, түсіндіру, ароматерапия.

Сөздік жұмысы: бау, бақша.

Оқу іс-әрекетінің көрнекіліктері: суреттер, слайдтар.

Билингвалды компонент: Күз –Осень

Қолданылған әдебиеттер: Сауат ашу және жазу (әдістемелік құрал) 31 бет


Әрекет кезеңдері


Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс-әрекеті


Мотивациялық қозғаушы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

1.Шаттық шеңбер.

Кел, балалар, күлейік!

Күлкіменен түлейік!

Қабақ түйген не керек!

Көңілді боп жүрейік!


шеңберінде дөңгелене тұрып, төмендегі әнді бәрі бірге айтты.





Ұйымдастыру-іздену

2. Жұмбақтар шешу

Аспай піскен, қайнамай түскен. (Жеміс)

Бақшадан жер қазып,

Жиып алдым жез қазық. (Сәбіз)

Көк ала костюм киеді, күннің көзін сүйеді. (Қарбыз)

3. Сөздік жұмысын жүргізу.



Бақ-әртүрлі ағаш (алма ағаштар, өрік, алмұрт) өсірілетін жер.

Бақша–көкөністер(қауын-қарбыз,қияр, т.б.) егілген жер.

4.«Дәміне қарай ажырат» дидактикалық ойыны.

Ойынның шарты: үстел үстіндегі көкөністер мен жемістердің бөліктерінен көзі байланған бала дәм татып, қандай жеміс немесе көкөніс екенін табады.

1. Дәптермен жұмыс.

а) 6-7 беттердегі суреттер бойынша «Бақта» және «Бақшада» тақырыптарында әңгіме құрастыру. Педагог балаларға жетекші сұрақтар қойып тұрады. Мысалы:

– Суретте күз мезгілі бейнеленгенін қалай білуге болады?

– Бақта не өседі?

– Бұларды бір сөзбен қалай топтап айтуға болады? (Жемістер).

ә) үзік сызықтармен берілген алма, алмұрт, шиені салу, оларды бояу. (6-бет) б) «Жемістерді себетке жина» дидактикалық ойыны.Суретте бақта өсетін жеміс, көкөністердің және себеттің суреттері берілген. Себетке тек жемістердің суретін сызық арқылы себетке сызып көрсетеді.

в) Дәптердің 7-бетіндегі (бұрыш, сәбіз, қызанақ) көкөністердің суреттерін үзік сызықтармен қосу және бояу. «Бірдей шелекті штрихта» тапсырмасын орындату.

2. Сергіту сәтін өткізу.

Жайдары күз, жарқын күз.

Аяулы күз, алтын күз.

Дәнге толы ең далам,

Дарияда шалқып жүр.



Балалар жұмбақтың шешімін жарыса тапты.

Сөздік жұмысын орындады


дидактикалық ойынды қызыға ойнады.


Дәптермен жұмысты түсініп орындады.

Сергіту сәтін қимылмен көрсете орындады




Рефлексифті түзету

III. Қорытындылау.

1. Күздің қандай кереметін сездіңдер?

2.Күз мезгілінде қандай жеміс-жидектер мен көкөністер піседі?

3.Суреттен жемістерді атаңдар?



4. Көкөністер қайда өседі?


Сұрақ-жауап арқылы қорытындылап, пысықтады.


Күтілетін нәтиже:

Білу: күз мезгілінің ерекшеліктері туралы сөйлем, әңгіме құрастыра білді.

Игеру: адамдардың күзгі еңбегі туралы әңгімелеуге үйрету.

Меңгеру: Жазуға қолдарын жаттықтырып ,көркем жазуды меңгерту..

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет