Тақырыбы: Лекалоларды техникалық көбейту әдістері. Градациясы Мақсаты: Лекалоларды көбейту әдістерін оқып үйрену



Дата03.01.2022
өлшемі45,75 Kb.
#108824
Байланысты:
842f7d70-cd78-4e94-93a5-39b685fc181b-Киімді құрастыру-153805
тапсырма 8

Тақырыбы: Лекалоларды техникалық көбейту әдістері. Градациясы

Мақсаты: Лекалоларды көбейту әдістерін оқып үйрену.

Бір өлшемдегі және бойдағы бұйым конструкциясын жасау-жеткілікті еңбекті қажет ететін және ұзақ жасалатын процесс. Осыған орай әдетте лекло конструкциясын және комплектісін бір өлшем мен бір бойға жасайды. Басқа өлшеулі және бойлы бөлшектер лекалосын орташа есеппен алынған өлшем және бой лекалосының сызықтарын пропорционалды үлкейту немесе кішірейту жолымен жасайды, яғни лекало градациясының көмегімен алынады.



Градация немесе техникалық көбейту деп белгілі тәртіп бойынша киімдер бөлшектерінің негізгі өлшем-бойын үлкейту немесе кішірейту арқылы киім бөлшектерінің ұсынылатын өлшем мен бой құрастыру сызықтарының ұқсас бейнелер қатарын алу процесін айтады.

Градацияның белгілі үш тәсілі бар:

-топтау тәсілі;

-сәулелі тәсілі;

-есепті- пропорцияналдық тәсілі.

Бірінші топтау тәсілі бойынша бөлшектер лекалосының екі комплектісі дайындалады ( көбінесе орта және соңғы өлшемдерге) және аттас лекалолардың бір немесе екі сызық бойынша қосылады. Содан кейін аттас құрастыру нүктелерін тура сызықтарымен қосады және алынған кесінділерді аралық өлшемдер санына бөледі.

Саонымен, аралық өлшемдер санына бөледі.

Сонымен, аралық өлшемдер құрастыру нүктелерін, сандай-ақ өлшеммен өлшемге өсуін алады. Сәйкес келетін нүктелерді қоса отырып аралық өлшемдер лекалоларының контурын алады. Көбінесе осы тәсіл күрделі модельді киім бөлшектерінің лекалоларын градакиялау үшін пайдаланылады.

Екінші –сәукеле тәсілі, конструкцияның белгілі бір нүктесінен (кейде конструкциядан емес) негізгі құрастыру нүктесін тура сызықтар –сәулелер врқылы жүргізеді. Бастапқы бөлшек контурынан осы сәуле арқылы өсу қалдырылады және бөлшектің қажетті өлшемінің контурлары сызыл. Көбінесе сәулелі тәсіл бас киімдер бөлшектерінің лекалоларын градациялауда қолданылады, яғни осы тәсіл дұрыс геометриялық пішінге келтіре бөлшектеуге аса дәл келеді.

Үшінші тәсіл –пропорционалдық –есептік, өнеркәсіпте аса кең қолданылады.Әрбір бөлшекке оның конструкциясына байланысты негізгі бастапқы сызықтар (вертикаль және горизанталь) таңдалады. Бөлшектердің құрастыру нүктелері негізгісіне параллель белгілі бір вертикаль бойынша өсуге және горизанталь бойынша өсугелайықты сыйыстырылады. Өсу белгілерінің өзгешелігін есепке ала отырып, есептелуі мен градацияның бастапқы сызықтарынан құрастыру нүктелерінің орналасуына сәйкес белгіленеді. Басында градация лекало өлшемі бойынша содан соң әр өлшем бойы бойынша градацияланады.

Бүгінгі таңда лекало градациясы осы процесті орындаудағы еңбек қиындылығын жеңілдету үшін ЭЕМ көмегімен іске асырылады.

Артқы бой өлшем және бой бойынша өзгеруі.



Есепті-пропорционалдық тәсіл.



А. Есепті-пропорционалдық тәсіл.

Б. Сәулелі тәсіл

В. Топтау тәсілі;



Лекалдарды көбейту барысында лекалдар тігіссіз болады.

Бел бұйымын көбейту түрі



Тақырып бойынша тәжірибелік сабақтар орындалады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет