7.1.1.1. Әдеби шығарма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдау. 7.2.1.1. Шығармадағы эпизодтар мен бейнелерді салыстыру
Сабақ мақсаты
Барлық оқушылар орындай алады: Поэманың мамұнын баяндайды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Поэманың негізгі ойы мен идясын анықтайды;
Кейбір оқушылар орындай алады: Поэма сюжетінің құрамдас бөлшектерін талдайды.
Бағалау критерийі;
Шығарманың тақырыбын,мазмұнын айтады;
Поэманың негізгі ойы мен идясын анықтайды;
Шығарма желісі бойынша сұрақ дайындайды;
Тілдік мақсаты
Cөз тіркестері: Кейіптеу: өмір күшті уын аяды ма, қанды ор боп қалады, қызыл тілім кісендеулі.
Метафора : Көкшенің жүрегі , жаным жаралы
Теңеу: сұңқардай, жолбарыстай, аш бөрідей, атқан тандай , бар сұлулық жиылғандай. Анафора әдісі арқылы поэманың бояуын күшейтіп, естілу қуатын арттырған.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Не себепті Баян өз бауыры Ноянды өлтірді деп ойлайсыз?
Неліктен қалмақ қызы Ноянды өз еліне баруға көндірді?
Алдынғы оқу:
М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңдері
Жоспарланған жұмыс
Бағалау
Ресурстар
Басы
Ұйымдастыру. Тренинг: «Кір жаятын жіп» әдісі. Мақсаты: Сыныптағы оқушылардың арасанда психологиялық жағымды ахуал қалыптастыру.
Нұсқау: Жіпке ілінген суреттерден қалағандарын алып, шеңберге бәріміз тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық!
«Әділ бағалаушысың» деген жазбасы бар стикер түскен оқушы алдағы жұмысты бақылап, бағалаушы рөліне енеді Топқа бөлу. «Шарлар» әдісі. (бағалаушыны таңдау)
Ақынның еңбекке, білімге шақыратын өлеңдерінің тақырыбына және де поэмаларының тақырыбына қарай бөлінеді.
І топ «Баян» тобы
ІІ топ «Ноян» тобы
«Әділ бағалаушысың» деген жазбасы бар стикер түскен оқушы алдағы жұмысты бақылап, бағалаушы рөліне енеді. Үй тапсырмасын тексеру. «Картошка фри» әдісі. Мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша есте сақтау дағдыларын қалыптастыру.
Нұсқау: Фри таяқшаларына жазылған сұрақтарға жауап береді.
Мағжан Жұмабаев туралы айтылған ойлар.
«Миға шабуыл» әдісі. Оқушылар сабақтың тақырыбын болжайды.