Тақырыбы: «Мақал – сөздің маржаны» Мақсаты: Білімділік


Еңбек, батыр, білім, отан, тіл



бет4/5
Дата21.07.2020
өлшемі55,5 Kb.
#63468
1   2   3   4   5
Еңбек, батыр, білім, отан, тіл.

Осы бөлімнің қорытындысын тыңдасақ Алтай апай өзіңіз айта кетсеңіз, рахмет.

Талаптың мініп тұлпарын

Самғай бер көкке сұңқарым

Талаптыға нұр жауар, талапсыздан қорқамын – дей келе сайыс шарты түсінікті болса, сәттілік тілеймін.

Сайсымыздың екінші шарты. Мұғалім қойған сұраққа қатысушы мақалмен жауап береді. Мысалы: жыланды інінен қалай шығарамыз. Жылы – жылы сөйлесең жылан інінен шығады.



  1. Қар жана ма? (қалауын тапсаң қар жанады)

  2. Тастың жеңілі бола ма? (керек тастың ауырлығы жоқ)

  3. Инемен құдық қазуға бола ма? (Білім инемен құдық қазғандай)

  4. Киіз қазық жерге кіре ме? (тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді)

  5. Аппақ қарға бола ма? (қарға баласын аппағым дер)

  6. Қой мен қасқыр ойлана ма? (қойдың ойлағаны – амандық, қасқырдың ойлағаны арамдық)

  7. Қарғыстың жаманы не? (қаралы қарғыс киесін табар, қарасыз қарғыс айналып иесін табар)

  8. Жігітті шал деген жөн бе? (жаман жігіт жасында шал болады)

  9. Ең тәтті не? (ананың сүті тәтті, баланың тілі тәтті)

  10. Адамның қай мүшесі қорқақ? (көз қорқақ, қол батыр)

  11. Етікті қонышынан басып киюге бола ма? (қолыңнан келсе қонышынан бас)

  12. Кімнен кім жаман? (Олақтан салақ жаман)

  13. Шашу мен жинаудың қайсысы оңай? (шашу оңай, жинау қиын)

  14. Тауық түс көре ме? (тауықтың түсіне тары кіреді)

  15. Үлкен көз, үлкен сөз бола ма? (қорқақтың көзі үлкен, ақымақтың сөзі үлкен)

  16. Ер неше ре, қорқақ неше рет өледі? (ер бір рет, қорқақ мың рет өледі)

  17. Көрдім, көрмедім деген неше сөз? (көрдім деген көп сөз, көрмедім деген бір сөз)

  18. Отан неден ыстық? (Отан оттан да ыстық)

  19. Отқа түсіп күймеуге бола ма? (отан үшін отқа түс, күймейсің)

  20. Шошқа үре ма? (ит жоқта шошқа үреді)

Рахмет осымен көзді ашып-жұмғанша сайысымыздың екінші бөлімі де аяқталды. Осы бөлім бойынша қортындылайтын болсақ Жүргенбай ағай не айтар едіңіз.Рахмет. Енді сайсымыздың үшінші бөліміне тоқталып өтейік. Мына сөздерге мақал-мәтел құрыңыздар:

  1. Қой, қойшы, қозы

  2. Арпа, бидай

  3. Бірлік, тірлік

  4. Жер

  5. Ит

  6. Еріншек

  7. Білім

  8. Отан

  9. Қылыш

  10. Әке

  11. Тіл

  12. Той

  13. Ет

  14. Өтірік

  15. Ер, батыр

Рахмет бұл сайсымыздың қорытындысын Айткүл апайымыз айта кетсе, Айткүл апай сөз кезегі өзіңізде

Гүл жайнасын жастардың ажары

Тарқалмасын бүгінгі күн базары

Болашақтың берік ұстап тұтқасын

Сайыскердің болсын жарқын жолдары – дей келе төртінші бөлімге де келіп жеттік. Бұл бөлімде жұмбақ шешеміз.


  1. Сүмбіл теректі, жасыл желекті

Ерден қалмайды, жауға керекті. (Найза)

  1. Шеңбер жасап өседі, желмен бірге көшеді. (Қаңбақ)

  2. Жансызда бір жансыз бар, жалғыз аяқ,

Беліне қыстырғаны шиден таяқ,

Келбетіне қарасаң ештеңе емес

Беліне буыныпты аянбай-ақ (Ұшқыш)


  1. Үлпершекке қан құйып, үріп талға байладым (бүлдірген)

  2. Шидиген ұзын сирағы, тастай керең құлағы

Сөйтіп жүріп көп жерге, аспалы тор құрады. (өрмекші)

  1. Тептім терекке шықтым (үзеңгі)

  2. Көтерейін десем, ауыр кілем

Көтермейін десем тәуір кілем (жер шары)

  1. Тұратұғын әр үйде, жайлы орын сәбиге

Шаңғы табан үйшік ол, тербететін әрине (бесік)

  1. Аяғы бар жүрмейді, аузы бар күлмейді

Айнымайды бөпемнен тек сөйлеуді білмейді

  1. Сөйлесесің әркіммен, естілмейді дыбысың, білінбейді бір ісің.

(көрген түс)

  1. Алтынмын деп алдайды, алтын бола алмайды. (жез)

  2. Тастан емес, қылыштан емес қорғаны

Қарағайдан , қайыңнан да болмайды

Шешілмейтін жұмбағы да қалмады

Сонда мұның қандай қала болғаны. (Талдықорған)


  1. Жетісу мен Арқаның арасында

Сынаптай көлбеген көл жағасында

Орналасқан қаланың есімі бар

Көл аттас ойлансаң сен табасың да (Балқаш)


  1. Емес ол кітапта, дәптер де

Жүреді бірақ портфельде (күнделік)

  1. Таптым-таптым тап жорға

Табаны жалпақ боз жорға (түйе)

16.Аспай піскен, қайнамай түскен. (жеміс)

17. Алам аяқ, алам аяқ жүгірсем жеткізбеді жалаң аяқ (көлеңке)

18. Жаурағанды күлдірер, оө еркіне жіберсең дүниені бүлдірер (от)

19. Тізіліп тұрған тісі бар, көп тындырған ісі бар (орақ)

20. Текшелеп тебен арттым тамашаға,

Тамашам жүгіреді оңашады (кірпік)


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет