Тақырыбы: «Мақал – сөздің маржаны» Мақсаты: Білімділік


V. Мұғалімнің тәрбие сағатының нәтижесін қорытындылауы



бет5/5
Дата21.07.2020
өлшемі55,5 Kb.
#63468
1   2   3   4   5
V. Мұғалімнің тәрбие сағатының нәтижесін қорытындылауы.

Бүгінгі біздің сайысымыздың қорытынды кезіне де жеттік

Тіл ұлтымның тілегі,

Таңдатпай тағдыр жолдаған.

Тіл – ұлтымның жүрегі,

Лүпілін Алла қолдаған.

Тіл – Қорқыттың арманы,

Асан қайғы өрлеткен

Тіл-Абай сөз орманы,

Бұталы тармақ ер жеткен.

Жүдесе жүрек, хал бітер,

Жабылар озар жүйріктен.

Тілің тозса, әр кетер,

Сеп болмай қолда биліктен.

Мән берсең әрбір сөзіме,

Жан айқайын жазамын,

Өз қолың жетсе өзіңе,

Тіліңді қорға қазағым


Бүгінгі біздің жеңімпазымыз «Дарын» тобын құттықтаймыз!

Ана тілім – бала шағым, өркенім

Ана тілім – болашағым, ертеңім

Ана тілім – сайын далам, жер көгім

Ана тілім – арман ойым өрнегім

Ана тілді білмесем

Шат-шадыман күлмесем

Жер бетінде сайраңдап



Қазақ болып жүрмесем!

Осымен бүгінгі біздің сайысымыз аяқталды, қатысқандарыңыз үшін рахмет.жеңісті күндерде жолыққанша!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет