ІІ. Топ жетекшісінің тәрбие сағатының тақырыбын, мақсатын хабарлауы.
Оқушыларға халық ауыз әдебиетінің түрлерімен таныстыру. Халық ауыз әдебиетінің ішіндегі мақал-мәтелдер мен жұмбақ, жаңылтпаштардың түрлерімен таныстырып өту. Олардың шығу тарихы жайында мағлұмат беру. Мақал - мәтелдерді дұрыс, ұтымды пайдалануға үйрету. Әр сөздерді ұтымды, әсерлі етіп жеткізе білуге баулу.
ІІІ. Тақырыпқа сәйкес дайындыған материалдарды тыңдау.
Мұғалім: Армысыздар құрметті жиналған қауым. «Қазақ тілі – рухани байлығымыздың қайнар бұлағы» деп бекер айтылмайды. Қазақ елінде, қазақ жерінде қазақ тілі өркендеуі тиіс. Оған қазақ халқының ұрпағы ғана емес, Қазақстанды мекендеп жатқан барлық халық үлес қосуы тиіс. Ол үшін ана тіліміздің қадір-қасиетін өзіміз білуіміз, дәріптеуіміз, насихаттауымыз керек. Тіл қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп қалыптасады Тіл халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, болмысы деуге болады. Халықтың тарихта қалуы тіліне, тілінің сақталуына байланысты.
Сүйемін туған тілді – анам тілін
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, - деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров бекер жырламаған. Ана тілі әр адамға ананың ақ сүтімен, ананың әлдиімен, бесік жырымен құлаққа сіңіп, атадан балаға жетіп отыратын ұлы күш.ана тілінде сөйлуден бзу, ақ сүтін беріп асыраған Анаңды ұмытумен бірдей.
Ана тілі-ар өлшемі. Құрметті ақынымыз Қадыр Мырзалиев:
Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте, - деген тұжырымы жастар мен қатар үлкендерге де қойылатын талап
Достарыңызбен бөлісу: |