Тақырыбы: Мұқағали Мақатаевтың туғанына 85 жыл
мақсаты:
Қазақ поэзиясының мұзбалағы атанған ақынның өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін таныту, ақынның өлеңдеріне арнап салынған қылқалам туындыларымен таныстыру. Ақын өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту.
Көрнекілік құралдар: ақын портреті, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық құрал-жабдықтар, аудио аппаратура.
Кірісне сөз: кітапханашы – Жайлау Ә.
Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,
Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.
Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,
Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-
деп ақынның өзі айтқандай, оның өлеңі өмірден өзі кетсе де, өшпей жалғасын тауып келеді.
Мұқағали Мақатаевты атақ пен даңқ өлген соң өзі іздеп тапты. Тіршілігінде осы үшін жанын сала күрескендердің тағдыры керісінше шешіліп жатады.
Өйткені биік таулардың алыстаған сайын зорая түсетіні сияқты, мықтылық та уақыт озған сайын тұлғалана бастайды. Хантәңірі нақ осылай. Ал Мұқағали ақын табиғатына айнымай тартып туған ақын.
1-оқырман:
Бүгін менің туған күнім,
Ой пәлі – ай!
Мына адамдар неге жатыр тойламай?
Банкет жасап берер едім өзім-ақ,
Тәңірімнің жарытпай-ақ қойғаны-ай! –
деп мұңданған ақынның өмірден өткеннен кейінгі туған күндері халық болып тойланатын болды. Бүгін де сіз бен біз боп ұлы ақынымыздың туған күніне жиналып отырмыз. Бірақ арамызда ақынның өзі емес, ақынның албырт жырлары мен жансыз суреттері.
кітапханашы
Мұқағали Мақатаев Алматы облысы, Райымбек ауданында, Қарасаз ауылында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келген. Мұқағалидің азан шақырып қойған толық аты – Мұхаметқали. «Пайғамбардың атын түгел айту балаға ауыр болады»,- деп еркелетіп, қысқартып Мұқағали атап кеткен. Ақын 10 жасынан бастап өлең жаза бастайды. Ақынның аз ғұмырында артына қалдырған жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек», «Моцарт» сияқты дастандары бар. Ақынның өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алуған.
2-оқырман:
Жақындық сеземін-
Жерден де, аспаннан,
Жылылық сезінем-
Мұздардан, тастардан.
Өмірім, сірә да,
Арыдан басталған,
Әріден басталып, мәңгіге тасталған.
Осы мен өлмейтін шығарман,
Сәл ғана мызғып ап, қайтадан тұрармын,-
деген өлең жолдары бір көрегендікпен, сезімталдықпен жазылғандай. Мұқағали мұзбалақтың ортамызда әлі де тірі екеніне бүгінгі кеш, оқылған өлеңдері, оны сүйіп оқып, өз өмірінің бір бөлшегіндей көретін жыр сүйер елі куә.
кітапханашы:
Осымен ақын рухына арналған шығармашылық кешіміз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізді ән әуелеп, жанадарыңызды жыр тербесін.
Достарыңызбен бөлісу: |