Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр баян» поэмасы Мақсаты: а Білімділік



Дата22.08.2017
өлшемі36,87 Kb.
#24110
түріСабақ
8 Қ сыныбы

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр баян» поэмасы

Мақсаты:

а) Білімділік: «Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту;

ә) Дамытушылық: оқушылардың ой- қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру;

б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның үздік туындысы «Батыр Баян » поэмасы арқылы мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы (Беспалько), жобалау технологиясы (Қ.Бітібаева)

Сабақтың әдісі: жүйелеу, жинақтау.

Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, Батыр Баян суреті, электронды оқулық, слайд, интерактивті тақта, қима кестелер.

Пәнаралық байланыс: тарих, география

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.

  2. Сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру.

  3. Жаңа сабақ бойынша жұмыс.



1.Зерттеу жұмысы 2.Батыр Баян бейнесі Шығармашылық



IV саты

1 Композиция-қ құрылысы

2. Венн диаграммасы

ІІІ Эвристикалық саты

. 1. Кейіпкерлер жүйесіне талдау



ІІ Алгоритмдік саты

  1. Поэманы оқу

  2. Сұрақтар

І Оқушы деңгейі
І- Оқушы деңгейі.

  1. Мағжан Жұмабаев кім?

  2. Қандай өлеңдерін білесіңдер?

  3. «Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы.

  4. «Батыр Баян» поэмасының м азмұны

  5. «Батыр Баян» поэмасындағы оқиға сені қандай іс- әрекетімен ойландырады?

  6. «Батыр Баян» поэмасына сенің өз көзқарасың? (пікірлерін айту)


ІІ. Алгоритмдік саты

Кейіпкерлер жүйесіне талдау



Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.

Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.

Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.

Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.

ІІІ. Эвристикалық саты

Композициялық құрылысы.



  1. Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты

  2. Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы

  3. Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.

  4. Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы

  5. Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы

  6. Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы

  7. Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі

  8. Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы

2.Венн диаграммасы - Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы

Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
IV. Шығармашылық саты

1.Батыр Баян бейнесі - тарихи бейне, аңыздық кейіпкер, реалистік бейне, романтикалық бейне, трагедиялық бейне, батырлық бейне.



2.Зерттеу жұмысы - қабілетті оқушылардың Баян бейнесіне шолу жасауы, зерттеу жолымен тексеріп, сәйкес топшылау жасай білуі. Батыр Ноян бейнесінің шынайылы мен әдеби бейне екенін дәлелдеу.

4. Қорытынды: Түртіп алу стратегиясы- Нені бұрыннан білемін? Нені жаңадан білдім?

5. Оқушылардың білімін бағалау.

Үйге тапсырма: Көркемдеуіш құралдарды табу.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет