8 Қ сыныбы
Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев «Батыр баян» поэмасы
Мақсаты:
а) Білімділік: «Батыр Баян» поэмасын деңгейлік тапсырмалар арқылы мазмұны мен идеясын меңгерту;
ә) Дамытушылық: оқушылардың ой- қиялына ерік бере отырып, ой-өрісін дамыту, шығармашылыққа баулу, өзге шығармалармен салыстыру;
б) Тәрбиелік: оқушыларға ақынның үздік туындысы «Батыр Баян » поэмасы арқылы мазмұнын талдата отырып, оқушылардың бойында адамгершілік құндылықтарды жетілдіру, Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: дамыта оқыту технологиясы (Беспалько), жобалау технологиясы (Қ.Бітібаева)
Сабақтың әдісі: жүйелеу, жинақтау.
Сабақтың көрнекілігі: Бүктеме, Батыр Баян суреті, электронды оқулық, слайд, интерактивті тақта, қима кестелер.
Пәнаралық байланыс: тарих, география
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу, олардың ынта-зейінін сабаққа аудару.
Сабақ мақсатымен қысқаша таныстыру.
Жаңа сабақ бойынша жұмыс.
1.Зерттеу жұмысы 2.Батыр Баян бейнесі Шығармашылық
IV саты
1 Композиция-қ құрылысы
2. Венн диаграммасы
ІІІ Эвристикалық саты
. 1. Кейіпкерлер жүйесіне талдау
ІІ Алгоритмдік саты
Поэманы оқу
Сұрақтар
І Оқушы деңгейі
І- Оқушы деңгейі.
Мағжан Жұмабаев кім?
Қандай өлеңдерін білесіңдер?
«Батыр Баян» поэмасының негізгі идеясы.
«Батыр Баян» поэмасының м азмұны
«Батыр Баян» поэмасындағы оқиға сені қандай іс- әрекетімен ойландырады?
«Батыр Баян» поэмасына сенің өз көзқарасың? (пікірлерін айту)
ІІ. Алгоритмдік саты
Кейіпкерлер жүйесіне талдау
Абылай - данагөй басшы, айбынды батыр, халық қамқоры, елінің тәуелсіздігін аңсаған хан.
Батыр Баян – Абылайдың сенімді серігі, батыр, өжет, ақылды, патриот, опасыз бауырын атып өлтіреді.
Қалмақ қызы – сұлу. қайсар, кекшіл, өжет, айлакер, туған жеріне, еліне адал.
Ноян – батыр, махаббатына адал, еліне, ағасына опасыз, көрсеқызар.
ІІІ. Эвристикалық саты
Композициялық құрылысы.
Кіріспе- экспозициясы – Көкшетаудың табиғаты
Оқиғаның байланысы – батырлардың бас қосуы
Шегініс – Батыр Баянның жорықтан қалмақ қызын алып келуі.
Оқиғаның дамуы – Ноянның қалмақ қызына ғашық болуы
Оқиғаның өрбуі - Қыздың айласы
Оқиғаның шиеленісуі - Қос ғашықтың елден қашуы
Оқиғаның шарықтау шегі – Батыр Баянның екеуін атып өлтіруі
Оқиғаның шешімі – Батыр Баянның ерлікпен қаза табуы
2.Венн диаграммасы - Мағжан Жұмабаев «Батыр Баян» поэмасы
Сәкен Сейфуллин «Көкшетау» поэмасы
IV. Шығармашылық саты
1.Батыр Баян бейнесі - тарихи бейне, аңыздық кейіпкер, реалистік бейне, романтикалық бейне, трагедиялық бейне, батырлық бейне.
2.Зерттеу жұмысы - қабілетті оқушылардың Баян бейнесіне шолу жасауы, зерттеу жолымен тексеріп, сәйкес топшылау жасай білуі. Батыр Ноян бейнесінің шынайылы мен әдеби бейне екенін дәлелдеу.
4. Қорытынды: Түртіп алу стратегиясы- Нені бұрыннан білемін? Нені жаңадан білдім?
5. Оқушылардың білімін бағалау.
Үйге тапсырма: Көркемдеуіш құралдарды табу.
Достарыңызбен бөлісу: |