«Инженерлер» тобынақойылатын сұрақтар
1. Бұл маманның міндеті оған артылатын жауапкершілікке байланысты. Ол қоңырауларға жауап береді, қажетттілігінше анықтамалық ақпарат береді, басшыға қажетті мәліметтерді қабылдап, өз уақытында ақпаратты жеткізеді, келіссөздерді ұйымдастырады,отырысқа дайындық бойынша әкімшілік жұмысты атқарады және т.б.(хатшы)
2. РӘГІРДЕ(дәрігер)
3. Толық есімі – Уильям Генри Гейтс III «Майкрософт» корпорациясының негізін қалаушы, компьютерлік техниканың әлемдік көшбасшысы. Іскер әлеміндегі ең бай адам, ең жас миллиардер әлемдік тарихқа еңген. Соған 25 жаста жетті.(Бил Гейтс)
4. Оның шығармашылығының объектісі -– үй бөлмесінен қаланың орналасу жүйесіне дейінгі түрлі масштабтағы кеңістіктер болып табылады. Іс-әрекеттің негізгі түрі – жобалау. Жобалау сыртқы түрін, көлемді – кеңістіктік пішіні мен бейнесін ғана қамтып қоймайды, сонымен бірге, функционалдық жағдай, конструктивті сапа бойынша сұрақтарды шешеді.(архитектор)
5. Оның негізгі міндеті – азаматтардың және ұйымдардың заңды қызығушылықтары мен еркіндіктерін, құқықтарын қорғауды жүзеге асырады. Ең алдымен ол – құқық білгірі. Адамға кез келген жағдайда құқықтық жағынан кәсіби кеңесі қажет болғанда ол осы маманға жүгінеді.(заңгер)
7. «Әуезді мамандық» ойыны
Әрбір топ техникалық құралдар арқылы қойылған танымал әндерден үзіндіні тыңдап, сол әндердің қай мамандыққа сәйкес келетіндігін және сол мамандықтың нақты аттарын атап айтулары тиіс.
8. «Мен таңдаған мамандық»сайыс
Берілген тақырып бойынша әр топ өздері түсірген бейнероликтерін көрсетеді.
9.Сайысты қорытындылау.
Аталған кезеңдер бойынша сайыс жеңімпаздарын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |