Тақырыбы: Математиканың басқа пәндермен байланысы немесе пәнаралық байланыс Мазмұны: кіріспе І бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері


І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері



бет5/11
Дата12.06.2020
өлшемі139 Kb.
#73250
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
stud.kz-53761
stud.kz-53761
І Бөлім Қазіргі кездегі математика ғылымының теориялық негіздері
1.1. Қазіргі кездегі математика ғылымының мақсат-міндеттері мен ғылыми кеңістікте алатын орны

Қандай да болсын пәнді, соның ішінде бастауыш сынып ішінде бастауыш мектептегі математиканы, оқытып-үйрету арнайы мақсат көздейді. Ол, бастауыш сыныптардың математика курсы орта мектепке арналған математика курсының құрамды бөлімі болғандықтан, оны оқытудың жалпы мақсаттарынан,сондай-ақ математика ғылымының табиғаты мен өзіндік ерекшеліктерінен және арнайы әдіс-тәсілдерінен туындайды.

Қазіргі жағдайда математикалық біліммен жәнеоның өзіндік әдіс-тәсілдерімен, арнайы тілімен қарулану қоғам мүшелерінің жалпы мәдениеттілігінің элементі, тіпті мамандықтың қандай да болсын саласы үшін қажетті дайындық болады.

Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту – күнделікті өмірде және тұрмыста кеңінен қолданылып, мектепке басқа да пәндерді табысты оқу және білімді жалғастыру үшін қажетті математикалық білім, білік, дағдалардың практикалық негізін қалайды және осыларды игеру процесі – оқушыларды тәрбиелеу және жан -жақты дамыту ісімен тығыз және табиғи байланысы жүргізіледі. Сондықтан математика сабақтары балалардың ғылыми көзқарасының негіздерін қалыптастыруға, оларбасқа қырларын шыңдай түсуге, оқуға және қоғамдық пайдалы еңбекке баулуға, жалпы алғанда адамзат қоғамдағы жоғарғы ізгі игіліктерді игеру және қорғау қасиеттерін тәрбиелеуге септігін тигізеді.

Математикалық объектілер жалаң түрде берілмейді, оқушыны қоршаған орамен байланыстырады, демек, олардың танымдық қызушылығын тудырады, ғылыми көзқарасын қалыптастырады. Ал математиканың білімді іс-әрекет үстінде, тәжірибеде, өмірде қолданудың нақты мысалдары қарастырылады, яғни білімді қолданудың арнасы кеңейеді және солай жасауға біртіндеп бейімделеді. Мұның бәрі математиканы оқыту барысында тәлім-тәрбие беру мәселесінің де біршама шешуін табатынын аңғартады.

Математиканы оқытып-үйрету барысында әр алуан қиыншылықтарды жеңуге де тура келеді, байқампаздыққа, ойлауға, талдау және талқылау жүргізуге, қорытынды жасауға, салыстыруға т.с.с. машықтанады, адамның ақыл-ойының жетілуіне көмектеседі.

Сонымен бастауыш сынып математиканы оқыту төмендегідей өзара байланысты төрт түрлі мақсатқа жетуді көздейді:

1. Білімділік: бағдарламаға сәйкес математикалық білім, білік және дағдыларды меңгерту тәсілдерінің белгілі бір көлемін оқушылардың игеруі;

2. Тәрбиелік: шынайы ғылыми дүниетанымдық көзқарасты, жоғарғы ізгі игіліктер мен сапаларды, еңбекке дайын болу және тағы басқа қасиеттерді қалыптастыру;

3. Дамытушылық: логикалық құрылымдар мен ойлаудың математикалық стилін дамыта түсу;

4. Практикалық: меңгерген математикалық білімдерін нақтылы жағдайларда практикалық есептерді, мәселелерді шешуде қолдана білумен бйланысты біліктілік қалыптастыру.

Осы мақсаттардың табысты шешілуі оқыту мазмұнын тиімді жолмен алуға, оны оқытып-үйретудің жан-жақты ойластырылған жүйесін құруға және оқытудың сәйкес әдіс-тәсілдерін, ұйымдастыру түрлерін (формаларын) іріктеп алуға байланысты. Ең басты мәселе – оқыту мазмұны мен оның құрылысын анықтау болып табылады.

Математикалық білімнің мазмұнын дұрыс анықтауда әр түрлі мәселелердің ерекше маңызы бар:

1. Педагогика мен психология ғылымдары қағидалары қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, республиканың аймақтық ерекшеліктері, экономикалық, географиялық жағдайлар, қазіргі білім мазмұнының кемшіліктері жайындағы қорытындылар, педагогика ғылымы мен озық тәжірибенің бүгінгі жетістіктері мен жаңалықтарына және т.б. сүйене отырып, білім мазмұнын анықтау;

2. Оқушылар меңгеруі тиіс білім құрамы мен олардың пән бойынша игеруі міндетті білік пен дағдыларының түрлері мен деңгейінің алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің мектептердегі бастауыш буын үшін анықталған мөлшерден және деңгейден кем болмауы;

3. Бастауыш буынының соңына қарай оқушылардың білім, білік және дағдыларына қойылатын талаптар тұрғысынан алғанда бастауыш мектеп пен орта буынның алғашқы сыныптары арасындағы сабақтастықтың шын мәнісінде жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;

4. Балалардың жас және психологиялық ерекшеліктерін қатаң ескеру, яғни балалардың ойлау, қабылдау, есте сақтау, зейінділік тәрізді қабілеттерінің даму ерекшеліктерін ескеру, сондай-ақ олардың тілін ұстарту және дамыту, соның ішінде математикалық тілдік қорын қалыптастыру және оны дамыта түсу;

5. Қарастырылған объектілерді іріктеп алу жәнеоларды топтастыру, қарастыру ретін анықтау, материалын шоғырландыра түсу, оқыту мазмұнының сыныпаралық бөлінуіне түбегейлі өзгеріс енгізу, кейбір мәселені оқытудың әдістемесін жетілдіре түсу және математиканың бастауыш сынып курсын ора мектеп курсының шынайы құрамдас бөлігіне айналдыру.

Сонымен бұл пәннің міндеті – педагогика, психолгия, матеатика пәндерінен алған білімнің, білік және дағдылардың көлеміне және деңгейіне сүйене отырып, бастауыш мектептің математика бағдарламасы межесіне сай анықталған мәселелердің мазмұнын оқытуды шығармашылықпен шеше алатын мамандар дайындау қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет