Тақырыбы: Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен маңызы Орындаған;Нұрлан Жауқазын тммп 22-11



Pdf көрінісі
Дата19.09.2023
өлшемі1,75 Mb.
#181468
Байланысты:
Нұрлан Жауқазын



Тақырыбы:
Мәдениет рәміздері және олардың мәдени коммуникациядағы рөлі мен
маңызы
Орындаған;Нұрлан Жауқазын 
ТММП 22-11


1. Мәдениет (латын cuItura өңдеу, егу деген сөзден
шыққан). Мәдениет адам жасаған әлем сияқты «екінші
табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен
қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып
тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік
құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке
адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып
қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет
қалыптаспайды.


2. Бүгінгі таңда жаппай жаһандану жүріп
жатқан уақытта, қазіргі жер шарындағы
халықтардың айтарлықтай бөлігі өзінің
тілінен, ұлттық ерекшеліктерінен
айырылуда. Демек, қазақ этносының тілі
мен ділі, ұлттық психологиясы мен
дүниетанымы, мәдениеті, оның ішінде
өнерінің қазіргі кезеңде сақталуы, дамуы
қазіргі кезеңнің кезек күттірмейтін
міндеті болып отыр. Қазақтың дәстүрлі
коммуникациясының семиотикалық
үрдістері әлі күнге дейін көбіне
классикалық талдаудың талдаудың
үлгісінде зерттеліп келеді.


3.Семиотикалық тәсіл дәстүрі мәдениеттің бірыңғай мәтінін біртұтас
коммуникациялық жүйе ретінде, әрбір рәміз- таңбаның басқа таңбалармен
ара қатынасы түрінде қарастыруға мүмкіндік береді.Қазіргі
коммуникациялық суреттемелерде ұлтсыздандырылған
тұоғасыздандырылған рәміздерден гөрі этномәдениеттердің төлтума
белгілерін сақтайтын рәміз- үлгілер жоғары бағаланады. Зерттеудің
көкейкестілігін " Басқаны түсіну алдымен өзіңде таны!" деген ұстаным
арқылы жеткізуге мүмкіндік бар. Әрбір адамның құнды екендігін мойындау
сол адамдарды тұтастандырып тұрған этномәдениеттің де құндылығын
мойындамау болып табылады.


4.Діни рәміз ерекше
көрініске ие және онда
абсолютті шындық
жасырылған, яғни
рационалды
иррационалдылықпен
бірге бітіскен.Өнер
өмірде болған
оқиғаларды қаз-
қалпында алмай,
өзгертіп, түрлендіріп,
көркем образдарды
типтендіру арқылы
сомдайтын эстетикалық
құбылыс.


 Оны қоғамдық сананың өзге формаларынан даралайтын белгісі де адамның
шындыққа деген эстетикалық қатынасы болып табылады. Өнердің мақсаты
– дүниені, адам өмірін, қоршаған ортаны көркемдк-эстетикалық тұрғыдан
игеру. Кез келген өркениетті елге тән ортақ ұқсастықтар мен рухани
құндылықтар болады. 


5.Ту, Елтаңба және Әнұран – солардың бірегей нышандары. Өйткені,
бұл рәміздер әр мемлекеттің тәуелсіздігін білдірумен қатар,
елдікке шақыратын, тұтастыққа ұйыстыратын, бірлікке үндейтін,
жүректегі патриоттық сезімді оятатын, Отанды, жерді сүюге
жетелейтін, ерлік дәстүрлер мен сабақтастық рухында тәрбиелеуге
жұмылдыратын айшықты белгілер саналады. Еркіндігіміздің Көк
байрағы көкте желбіреп, Елтаңба төрде орнығып, Әнұран шырқала
орындалғанда, ата-бабаларымыз сан ғасырлар аңсаған елдік
қалпымыз бен сүттей ұйыған тірлігімізге, дербес саяси және
экономикалық даму жолына түскенімізге шүкіршілік айтып,
толқымайтын жан, селт етпейтін көңіл болмас, сірә!


6.Қазақстанның мемлекеттігін нығайту жолында өзінің мемлекетіне
деген терең патриоттық сезім де, жалпылық сананы жетіктірудегі
қазақ тілінің тірек боларлық рөлі де бас көтерер азаматтардың
айқын мақсатты әркеттері де, тарихи сананы қалпына келтіру де,
бәрі-бәрі барша қазақ ұлтының басын біріктірер бастаулар болып
табылады


Назарларыңызға рақмет!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет