-
адам ағзасы жүйесінің және әр түрлі ағза қызметтерінің көрсеткіштері қоршаған
орта сапасын бағалау критериі ретінде;
-
қоршаған орта факторларының адам денсаулығына жинақталған әсерінің
(
пестицидтер, радионуклидтер, минералды тыңайтқыштар, басқа да химиялық заттар,
электромагнитті өрістер және т.б.) алатын орны және ролі;
-
қоршаған ортаның негативті және позитивті факторларының адамға бірігіп әсер
етуінің экологиялық аспектілері;
-
ландшафттардың медико-экологиялық қатерін және медико-экологиялық көлемін
бағалау;
-
медико-экологиялық нормативтерді өңдеу.
Медициналық экология пәніне ғалымдар әр түрлі анықтамалар береді. Мысалы,
И.И.Дедю (1990) «медициналық экология – адам ағзасының табиғи- антропогендік ортаға
морфофизиологиялық және генетикалық түрде бейімделу сұрақтарын өңдеумен
айналысатын және медико-биологиялық ғылымның әр түрлі саласын дамытатын
экологиялық бағыт», - деп есептейді.
Н.Ф.Реймерс (1990): "Медициналық экология – гигиена, токсикология және адам
экологиясын бір кешенді интеграцияланған ғылымның білім саласы",- деп жазды. Автор
медициналық экологияны әлеуметтік экологияның бір бөлігіне жатқызады да, одан
канцерогенез экологиясын бөліп алғысы келеді.
Сонымен,
«
Медициналық экология»
-
медицина және экология ғылымдары
түйіскен, қоршаған ортаның тұрғындар денсаулығына әсерінің жалпы заңдылықтарын
зерттейді,
зерттеу объектісі: – қоршаған орта, кеңістіктік-территориалды антропо-
экологиялық жүйе;
пәні – тұрғындардың денсаулығы және сырқаттанушылығына қоршаған ортаның
тигізер әсері;
мақсаты –нақты территориялардағы тұрғындардың денсаулығының оңтайлы
экологиялық балансын қорғауды қамтамасыз ететін шараларды өңдеу.
Қазіргі кезде, көбінесе тұрғындардың денсалық жағдайы – адам ағзасына табиғи
және антропогенді факторлардың әсерінің соңғы экологиялық көрсеткіші ретінде
қабылдануда.
Достарыңызбен бөлісу: