Тақырыбы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы тақырыбы эссе жазу



Дата08.02.2022
өлшемі13,71 Kb.
#123480
Байланысты:
10срс


Тақырыбы: «Мәңгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы тақырыбы эссе жазу.
Елбасы Н. Назарбаев «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты жолдауында: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат – Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол – «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті... Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенімде «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр» деп «Мәңгілік ел» идеясының маңыздылығын айрықша атап өткен еді. Осы жолдауы арқылы қазақ халқын бір мақсатқа, бір мүддеге, бір болашаққа үндеген Елбасы ел тізгінін ұстаған азаматтарға ғана емес, өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруді мақсат тұтқан біз секілді педагог тәрбиешілерге де үлкен жауапкершілік жүктеді.

Дана Мұхтар Әуезов «Ел болам десең бесігіңді түзе» деген қанатты сөз қалдырды. Ұғына білген адамға бұл нақылдың астарында терең мағына жатыр. Мәні «Мәңгілік ел» идеясымен бір арнаға тоғысады. Бесігі түзу елдің ғана ғұмыры мәңгілік. Мұхтар ағаның айтып отырған бесігі – тәлім - тәрбие бесігі. Бұл ретте елдің осы алтын бесігін тербетіп отырған балабақша тәрбиешілері екендігінде сөз жоқ. Ал адам баласының өмірінде бес жасқа дейінгі алған тәрбиесінің барша ғұмырына ғибрат сыйлар іргетас секілді екендігін ескерсек, онда мектепке дейінгі мекемелердегі педагогтарға жүктелер жауапкершілік жоғары болмақ. Өйткені біз тәрбиелеп отырған бүлдіршін халықтың басты мұратына айналған Мәңгілік ел ертеңінің азаматы. Сондықтан да әр тәрбиеші өз міндетін мінсіз атқаруға күш салып, Елбасы Жолдауы да көрсетілген нақты тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асырғаны абзал.

Бүгінгі таңда өмірге келіп жатқан жас ұрпақ - ертеңгі Қазақ елінің мәңгілік перзенті. Олардың санасына «Мәңгілік ел» идеясын сіңіріп, мән - маңызын ұғындыру басты ұстанымыз. Ол үшін балабақшадан басталатын тәлім - тәрбиенің негізін осынау басты ұлттық мұраттың бағытына қарай батыл бетбұрыс жасатуымыз керек. Сонда ғана өсіп келе жатқан жас ұрпақ тәуелсіздік таңымен арайлап атқан азаттықтың қадір - қасиетін жете сезініп, өзін Мәңгілік елдің, Мәңгілік патриоты ретінде таныта алады.

Қазақстан халқының мәңгілік мұратына айналған бұл ұлттық идея бір сәтке де санамыздан өшпеуі керек. Әсіресе ұрпаққа ұлағатты тәрбие беретін педагогтардың басты ұстанымы бола бермек. Егер бүгінгі бүлдіршінді халқымыздың жарқын болашағы мен еліміздің кемел келешегі үшін еселі еңбек ететін, адалдықтың ала жібін аттамайтын атпал азамат ретінде қалыптастырсақ, онда мақсатымыздың толық жүзеге асқаны.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет