ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ Коммерциялық емес акционерлік қоғам «М.ӘУЕЗОВ атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті»
Тақырыбы:Механика және оның құрылымы.
Кинематика элементтері.
Орындаған:Мыктыбай Қ.
Тобы:ЕП-20-11к3
Қабылдаған:Байман Г.
Шымкент 2022
Жоспар:
1.Кіріспе. Механика және оның құрылымы туралы жалпы мағлұмат.
2.Материялдық нүкте,санақ жүйесі,орын ауыстыру,жол ұзындығы
3.Жылдамдық,орташа және лездік жылдамдық
4.Үдеу,орташа үдеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Механика
Галилей–Ньютон механикасы — классикалық механика деп аталады. Онда макроскопиялық денелердің жылдамдықтары вакуумдегі жарық жылдамдығына (с) қарағанда анағұрлым кіші болғандағы қозғалыс заңдары зерттеледі.Макроскопиялық денелердің жылдамдықтары С жылдамдықпен шамалас болғандағы қозғалыс заңдарын А.Эйнштейн тұжырымдаған салыстырмалылықтың арнайы теориясы зерттейді.Микроскопиялық денелердің қозғалысын Кванттық механика зерттейді.
Механика-денелердің механикалық қозғалысын зерттейді.
Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгеруін айтады.
Механиканың негізгі мақсаты:кез келген уақыт аралығында дененің кеністікте орынын анықтау.
Механика
Кинематика – денелердің әр түрлі қозғалысын зертейтін және пайда болу себептерін қарастырмайтын механиканың бөлімі.
Динамика- денелердің өзара әрекеттесу заңдарын, олардың пайда болу себептерін қарастыратын механиканың бөлімі.
Материялық нүкте деп - өлшемдерін берілген мәселеде есепке алмауға болатын массаға ие денені айтады. Денелер бір-бірімен әсерлескенде олар деформацияланады - өздерінің пішіндерін, өлшемдерін өзгертеді.
Санақ денесі – қозғалмайды деп есептелетін басқа дененің қозғалысы соған қарап салыстырып қарастырылатын дене. Демек кез келген механикалық қозғалыс салыстырмалы. Абсолют тыныштықта болатын дене жоқ. Ал, онымен салыстырғанда бұрынғы орнын өзгертетін дене қозғалыстағы денедеп аталады. Қозғалыс-барлық денелерге, табиғаттағы нәрселердің бәріне, бүкіл материялық дүниеге тән қасиет.
Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.
Санақ жүйесі. Зерттеліп отырған қозғалысты сипаттау үшін дененің уақытқа байланысты өз орнын қалай өзгертетінін білу керек. Ол үшін санақ денесімен байланысқан координата жүйесін сызамыз.
Координата жүйесі суретте көрсетілгендей, өзара тікбұрыш жасап қиылысатын үш түзу сызықтан тұрады. Санақ денесі осы түзулердің қиылысу нүктесінде, яғни О нүктесінде қиылысқан деп есептеледі.
Санақ денесімен байланысқан сызықтар жүйесін координа жүйесі деп, ал сызықтардың қиылысу нүктесін санақ басы немесекоордината басы деп атайды.
Сонымен, санақ жүйесі деп санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағатты айтамыз.
Пайдаланылған әдебиеттер :
1.Савельев И.В. Жалпы физика курсы. 1 том. Алматы, 2010– 505 б. 2 Савельев И.В. Жалпы физика курсы. 2 том. Алматы. 2010,429 б. 3. Трофимова Т.И. Физика курсы: ЖОО-лар үшін оқу құралы, 15 басылымы., М: ”Академия” баспа орталығы , 2011. – 482 бет. 4. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. М: “Мектеп” баспа орталығы. 2009 ж. 486 бет. 5. Савельев И.В. Курс физики в 3-х томах. – М.: Наука, 2010. – 1 т, 2 т. 6. Койшибаев Н.Механика, 1 том, Алматы 2005 ж, 494 бет