ТАҚЫРЫБЫ: Мектеп ауласында
ҰОҚ оқытылу мақсаты: 0.1.5.1 Айтылған ойдың мәнін ашу үшін интонацияны сақтау, тілдесудің вербалды емес құралдарын қолдану
0.1.1.1 Сөздер мен фразалардағы дыбыстарды дұрыс дыбыстау
0.1.6.2 Өз тәжірибесі негізінде әңгіме құрастыру
0.2.1.1 Тыңдалған мәтіндегі ақпаратты сурет, сызба, белгілер қолданып жеткізу
Шаттық шеңбері. Келіңдер, келіңдер, Шеңбер құрып беріңдер. Ортаға түскен бұл допты,
Бір-біріңе беріңдер, - деп
педагог балаларға тілек айтып, допты қасындағы балаға беріп, әрі қарай жалғастыруларын сұрайды. Балалар бір-біріне жақсы күн тілеп, допты береді.
|
Педагог балаларға ым-ишаратпен, қимылмен іс-әрекет көрсетеді, ал балалар не істеп жатқанын табады.
Педагог гүлдерге су құйып жатқанын келтіреді.
Жүгіріп футбол ойнап жүргенді.
Секіріп баскетбол ойнағанды көрсетеді.
Ағаштарды түптеп жатқанын көрсету.
Ойынды балалар жалғастырып, теннис, хоккей, шаңғы тепкенді қимылмен, ишарамен келтіреді.
|
Педагог слайд арқылы мектеп ауласын көрсетеді. Балалар суретке тақырып қойып, әңгіме құрайды.
Мектеп ауласынан не көріп тұрсың?
Спорт алаңы қай жерде орналасқан?
Спорт алаңында кімдер жүр?
Аулада нелер өсіп тұр?
Ауладағы өсімдіктерді кім күтеді?
|
6. Аула тазалығына кім қарайды?
|
Көптілділік: аула – двор – yard
|
Әліппе-дәптермен жұмыс:
|
1-тапсырма. Суреттердің ішінен өз мектебіңнің ауласында бар заттарды белгілеп көрсет.
Сергіту сәті:
Доп ойнауға лайық
Мектеп ауласына шығайық. Жүгіріп доп тебеміз, Футболдан біз жеңеміз.
Баскетболда достармен Доп лақтырып ойнаймыз. Нысананы дәл көздеп, Доп түсірмей қоймаймыз.
Тіл ұстарту:
Ол-ол-ол – бұл мүшеміз қол, Ол-ол-ол – бұл, әрине, гол. Оп-оп-оп – мұның аты доп,
Оқ-оқ-оқ – бұл қып-қызыл шоқ.
Педагог балалардан өз ауласында нелер бар, әңгімелеп берулерін сұрайды.
Қандай ойын түрлерін ойнайсың?
Аулаң саған ұнай ма?
Әліппе-дәптермен жұмыс:
2-тапсырма. «Сабақ», «спорт алаңы», «достар»,
«футбол» сөздерін қолданып мектеп жанындағы спорт алаңы туралы әңгімеле.
3-тапсырма. Мектеп ауласында достарыңмен бірге қандай қозғалыс ойындарын ойнайсыңдар?
Педагог қорытынды жасайды, балаларды марапаттайды.
Рефлексиялық бағалау: өз жұмысын бағалап қорыту.
Балалардан допты түсті қарындашпен бояуын сұраңыз:
Ештеңе түсінбедім – қызыл қарындашпен; Түсіндім, бірақ түсіндіре алмаймын – сары қарындашпен;
Бәрін түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын – жасыл қарындашпен.
Достарыңызбен бөлісу: |