Дидактикалық ойындар ересек топтарда төменгі топтарға қарағанда күрделеніп жүргізіледі. Ойын шарттары мен көрнекіліктерін пайдалану арқылы ойын әрекетін дамытуға болады. Дидактикалық ойындар баланың ақыл - ойын ойлау қабілетін, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін дамытуға, салыстыруға, жіктеуге өзін - өзі бақылауға үйретеді. Мысалы: «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты бір нәрсе жайында сұралып баланың оған жауап беруге белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады. Ойын қызықты тартымды өту үшін дидактикалық ойындарды дұрыс ұйымдастыру керек. Ойынға керекті құралдар әр балаға жеткілікті болу керек, сонда ғана балаларға түсінікті болады. Дидактикалық ойындардың құралдары ұзақ уақыт сақталу үшін эстетикалық, гигиеналық талаптараға сай әдемі қораптарда, қалталарда тұру керек. Ұйымдастырылған оқу қызметінде дидактикалық ойындарды қолдансақ алға қойған мақсатымызға жетеміз. Заттық дидактикалық ойынның түрлері төмендегідей заттармен ойнатылады.