Киім түрлерімен ойнатылатын дидактикалық ойындар: Киімдерді балалармен таныстырумен қатар киіну дағдыларын қалыптастыруға үйретеміз.
Заттық ыдыстарды қолдану арқылы жүргізіледі: Ыдыстарды қолдана отырып жеке және жалпы атауын айта білуге балаларды үйретеміз. Сонымен қатар «Қуыршаққа тамақ дайындаймыз» ойынын ойната отырып ыдыстарды қолданудың әдістерін үйретеміз. Мысалы: қасықты оң қолға ұстаймыз, тарелкені екі қолмен ұстаймыз. т. б. Заттық жеміс - жидектерді қолдану: Заттық жеміс – жидектерді қолдана отырып балармен бірнеше ойындар өткізуге болады. Мысалы: «Ғажайып дорба» ойынын алатын болсақ, онда жемістер мен көкеністерді сипап сезу арқылы оның пішінін анықтау, түсін анықтау және атын атауға үйретуге болады. Заттық үй жануарлаын қолдану арқылы: Заттық үй жануарларды қолдана отырап балалардың зейінін, есте сақтау қабілетін дамытамыз. Мысалы: «Үй және жабай аңдарды ажырат» дидиктикалық ойынын ойнау арқылы заттық үй жануарларын қолдануға болады. Мұнда балалар жануарларды ажыратып, өз орындарына қолымен ұстап орналастырады. Үстел – үсті дидактикалық ойындары таңертеңгілік балаларды қабылдау кезіне ойнатылады. Балалардың есте сақтау қабілеті таңертеңгілік уақытта жақсы қабылдайды. Сондықтан заттардың атын жаттау, немесе жалғасын табу, құрастыру, орнын табуға байланысты ойын түрлері ойнатылады. Мысалы: «Қуыршақ Айшаға киінуге көмектес», «Заттың екінші бөлігін тап», «Суреттің жетпей тұрған бөлігін толықтыр» (қысқыштармен) т. б. Сөздік ойындар - суреттер арқылы: суреттермен ойналатын дидактикалық ойындар барлық білім беру саласы бойынша ойнатылады. Суреттер арқылы балалар сөйлем құрастыруға үйренеді. Белегілері бойынша ажыратады. Жалпы атауын айтып үйренеді. Мысалы: « Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген?» дидактикалық ойынын алатын болсақ, балалар оған қарай отырып өз ойларын білдіреді. Бөбекжай - бақшадағы тәрбиелеу - оқыту жұмысында балалардың тілін дамыту, сөздік қорларын молайту, ауызша сөйлеуге үйрете отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана білуге жаттықтырады. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі - сөйлеуді дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептелінеді. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып, оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр - түсін және пішінін ажырата білуге, өмірдегі, қоршаған ортадағы түрлі құбылыстар жайындағы ұғым, түсініктерін дамыта отырып, белсенді түрде тілдік қарым - қатынас жасай білуге үйретеміз. Бала саусағын ойната отырып, сөйлеу тілін дамытамыз. Саусақ ойыны - бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны - саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең - тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан - жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс - қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т. б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Саусақ ойынын бөбекжай - бақшада және үй жағдайында әсерлі, көңілді түрде ұйымдастыруға болады. Алдымен балаларға саусақ ойыны түсіндіріледі, әр қимылы көрсетіледі. Мысалы: халық арасында кеңінен тарап жүрген «Қуырмаш» ойыны да саусақтардың нәзік қимылын жетілдіруге бағытталған. Саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары мен бұлшық еттерінің жетілуімен бірге, олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамитын болады және кейін жазу шеберлігін ойдағыдай меңгеруіне дайындайды. Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісінде тәрбиешінің: