Курстың мақсаты:
Оқушылардың шығармашылық ізденістерін, өзіндік қабілеттерін және қоғамдық қарым-қатынасын қалыптастырып, өзіндік талдау, жинақтау, жұмыста шапшаңдық таныту, өз ойын география тілімен өрнектей білуге машықтандыру, қоршаған ортаға деген эстетикалық көзқарасын дамыту, жан-жақты білім көздерін пайдалана отырып, дүниетанымын кеңейту.
Курстың міндеті:
- Оқушылардың оқу-тәрбие үрдісінде алған білімдерін әрі қарай дамытуға мүмкіндік жасап, қабілеттерін шыңдау;
- Мектепте алған білімді түрлі өмірлік жағдайларда келешекте таңдаған мамандықты меңгеруге қабілетін ашу, қойылған мәселелерді ғылыми әдістермен шешу, ақпараттың түрлі көздерімен жұмыс жасай және оны сыни тұрғыдан бағалай алу;
- Оқушылардың қоғамдық белсенділігін дамыту;
- Оқушылардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті нығайту;
- Жер шарының табиғатын және тарихи мәдени ескерткіштерінің құндылығын қастерлеуге үйрету;
- Оқушылардың өзара қарым-қатынастарын қалыптастыру, белгілі бір еңбек түріне баулу, оны дамытуға ықпал ету.
Білім мен біліктілікке қойылатын талаптар:
Оқушылардың география пәнінен алған білімдерін дамыта отырып, қоршаған ортаның табиғатын қорғауды түсіну;
Өзінің ой-өрісін дамыта отырып, сын тұрғысынан ойлау қабілетін арттыру;
Жер шарының табиғатын үйрете отырып, түрлі деректер жинау іскерлігін дамыту;
Оқушылардыі шығармашылық жұмыстары нәтижесінде өз білімін көтеруді ұйымдастыру.
Курс бойынша оқушы меңгеруі керек:
географиялық, саяси, экономикалық, басқа да ғылыми және әдістемелік ақпаратты, карталарды, мерзімді баспасөз басылымдарын, ғаламторды, білім берудің цифрлық ресурстарын қолдана алуы;
өз өмірі және әрекеті барысында географиялық білімді тиімді пайдалана білуі үшін білім, дағды және шеберлікті меңгеруі;
карта, атластардан материктер мен мұхиттарды, берілген нысандарды тауып, талдай жасай алуы;
карта тілін меңгеруі – шартты белгілер жүйесін, картографиялық бейнелеу, географиялық координаталарды таба білуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |