Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер –елімнің нышаны» Мақсаты



бет1/3
Дата14.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#178790
  1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағат тақырыбы «Мемлекеттік рәміздер –елімнің мақтанышы»
Алтын Орда, Кенистиктеги тузудин тендуи, 9 сынып 4-нұсқа, ИФМ Мектепішілік бақылау кестесі 2022-2023, алгыс хат шара айшуак

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер –елімнің нышаны»
Мақсаты:
Оқушылардың аса маңызды мемлекеттік белгілер - рәміздер жөніндегі білімдерін жан-жақты сарапқа салу, оларға мемлекеттік белгілердің аса маңызды екенін ұғындыру, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін ашып көрсету;
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздерін слайд арқылы көрсету.

Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.
Тәрбие сағаты Гимнмен басталады.
Оқушылар Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту, Гимн болып үш топқа бөлініп отырады.
Отан-жерім, Отан-суым,
Отан қуат, нәр береді...
Отан-ұран, Отан туым,
Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.
Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.
Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.
Қазақ халқы көптен күткен тәуелсіздікке қол жеткізді.Егемен мемлекет болды.Әрбір елдің өзінің тәуелсіздігін білдіретін басты белгілері болады. Қазіргі кезде дүние жүзіндегі мемлекеттер қанша болса , сол мемлекеттердің барлығында бірінен бірін ажырататын және өзіндік бет бейнесін айқындайтын шышан белгілері болады. Оларды рәміздер деп атаймыз.
Қазақстан Республикасының рәміздері?
-Қазақстан Республикасының рәміздері: Елтаңба, Ту , Гимн.
Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы, Гимні туралы заң қашан қабылданды?
-1992 жылы 4 маусымда.
Міне оқушылар Елбасымыздың Нұрсұлтан Назарбаев Жарлығымен 4 маусым ҚР мемлекеттік рәміздер күні болып белгіленді.
Мемлекеттік рәміздерді қайдан көруге болады?
-мемлекеттік мекемелерден , мектептерден т.б
Төлқұжатта, туу туралы куәлікте, орта білім туралы аттестатта құжаттарда бейнеленген. (Елтаңба)
Президент резиденциясында, Үкімет үйінде ілулі тұрады. Барлық мекемелерде бар. (Ту)
Республика, облыс, аудан көлеміндегі маңызды салтанатты мәжілістерде орындалады. (Әнұран)
1-жүргізуші: ҚР-ның Ата заңының 9-бабында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері –Туы, Елтаңбасы және Гимні бар,»- делінген.
2-жүргізуші:Сондай-ақ осы заңның 34- бап, 2-тармағында «Әркім Республиканың мемлекеттік нышандарын құрметтеуге міндетті,»- делінген.
Топтық жұмыс


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет