Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер –елімнің нышаны» Мақсаты


-топ. Қазақстан – Туымен тұғырлы



бет2/3
Дата14.06.2023
өлшемі0,8 Mb.
#178790
1   2   3
Байланысты:
Ашық тәрбие сағат тақырыбы «Мемлекеттік рәміздер –елімнің мақтанышы»

1-топ. Қазақстан – Туымен тұғырлы
( Мемлекеттік тудағы нышандармен таныстыру)

  1. Нұр шұғылалы алтын күн;

  2. Қанатты қыран бейнесі;

  3. Ұлттық ою-өрнек белгісі;

  4. Тудың зеңгір көк түсі;

  5. Мемлекеттік тудың бір түстілігі;

Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының біркелкі көгілдір түсі бірігу идеясын білдірумен қатар, әрқашанда бейбітшіліктің, тыныштық пен жарқын болашақтың белгісі саналатын бұлтсыз ашық аспанды еске салады.

Геральдика тілінде көк түс пен оның реңктері адам бойындағы адалдық, тазалық, үміт сияқты қасиеттеріне сәйкес келеді. Шұғылалы алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелесе, дала бүркіті қазақстандықтар ұғымында дарқандық пен қырағылық, биіктік белгісі.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы суретші Шәкен Ниязбеков.

Бүкіл әлемдік Лондон олимпиадасында біздіңтуымыз желбіреді.Сурет арқылы көрсету.
2 -топ. Қазақстан – Елтаңбасымен еңселі

  1. Елтаңбадағы шаңырақ белгісі;

  2. Ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ белгісі;

  3. Маңдайдағы бес жұлдыз белгісі;

  4. Елтаңбадағы елдің аты – «Қазақстан»;

  5. Елтаңбаның негізгі бояуы – алтын және көгілдір түс;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.

Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі

Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер Шота Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет