Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз. Мақсаты


Тақырыбы:Кітап білім бұлағы



бет3/3
Дата29.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36140
1   2   3

Тақырыбы:Кітап білім бұлағы.

Мақсаты: Кітаптың адам өміріндегі орны туралы түсінік беру.

Міндеті: Кітапқа деген оқушылардың  қызығушылықтарын арттыру, сөйлеу мәнерін дамыту.

Оқушыларды кітапты сүюге баулу,кітапты күтіп ұстау ережелерін білуге тәрбиелеу.



Әдісі: түсіндіру, сұрақ – жауап, әңгімелеу,

Көрнекілігі: Балалар әдебиетінен кітап көрмесі, ертегілер әлеміне саяхат.

                               Барысы:

     І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.

     Жүргізуші. Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздерде ертегілер әлеміне саяхат жасау сабағы өтеді. Бүгін біздер үшін айрықша күн. Бүгін сендер, яғни, мектеп кітапханасына жазылмаған балалар, оқырман болып қабылданасыңдар.

     Кітапхана сөзінің мағынасы нені білдіреді?Ол араб тілінен енген сөз, жазу қоймасы деген мағынаны білдіреді.

          Білесің бе кітап білім ұясын,

          Келесің мұнда, өмірге азық жиясың.

          Оқып біліп, зерттеп көріп санаңа

          Терең білім, ой маржанын құясың.

          Дейді ойшылдар «Кітап – білім бұлағы»,

          Кітапхана- сол кітаптар тұрағы.

          Көп үйреніп, көп оқыған баланың

          Анық тағы білімпаз боп шығары.

     Кітаптар кітапханада тек қана сақталмайды, олар онда өмір сүреді және өздерінің оқырмандарына қонаққа барады.

     Сондықтан олардың іші пыспасын десеңдер оқуға алған кітапты мерзімді уақытында қайтару керек. Өйткені оларды басқа балалар да тосады.

     Кітап – ол ең жақын дос, егер сен оны шынымен жақсы көрсең.

     Балым:

Қуан кітап, қуанатын күн бүгін,

Серпіп таста мұңды жүрек түңдігін.

Кел, оқырман, тойын тойла кітаптың,

Шаттанатын мерекелі күн бүгін.

О, кітап, бас иемін мәртебеңе,

Игілік қазынасың бар адамға.

Сен берер игіліктің есебі жоқ,

Жеткізіп жолын тауып айта алам ба?

   Нұрай:

Адамның досы кітап - өмір кілті,

Тең емес оған жиған мүлкің,

Ақылшы жанға серік,

Ақыл – ой қазынасы, өмір көркі.

     Ал сендер кітаппен дос болғыларың келе ме?

Оны қазір байқап көреміз. Бүгін біз сендермен әр түрлі ойындар түрлері арқылы Кітап кейіпкерлерін табамыз, кітапты күтіп ұстау ережесімен танысамыз.(төмендегі суреттермен таныстыру)

      Сендер келгенше бізде қонақтар болды. Қане, олар кімдер екен?

     Кебіс кімдікі? (ханшайымдікі)

     Себеттегі самса (қызыл телпек)

Жыртық шапан (Алдар көсе)

Кілт (буратино)

Хат (Хат тасушы Печкин)

Жарайсыңдар, бірақ, балалар, біз көп қонақ шақырғанбыз, олар неге келмей жатыр екен? (есік қағылады) Ол кім екен?

     Хат тасушы апай: Бұл мен, хат тасушы атаймын, сізге жедел хат әкелдім.

Мұғалім: Олай болса, оқиық, кімнен екен?

Қане, балалар, сендер маған көмектесіп жіберіңдер?

1.     Мерекеге келе алмаймын, менің таныс атайым жоғалып кетті, мен оны табуым керек. (Андерсен ертегісіндегі Герда)

2.     Мерекеге сондай барғым келді,  бірақ Африкадағы жануарлар ауырып қалды, соларға барамын. (Айболит)

3.     Келгім ақ келеді, бірақ пеш тартпай қалды. (Жалқау Емеля)

Олардың келе алмағаны өкінішті. Ал, енді ертегілерді шешуге қалайсыңдар?

1.     Орман жанында

Үшеуі бір үйдетұрады.

Үш төсек, үш жастық,

Қане, олар кімдер?     (үш аю)

2.     Ұшып келіп батпаққа түсті

Батпақта оны ұстап алды.

Кім жасыл қабыршақты шешіп,

Бір сәтте сұлу ханшайымға айналды?    (патшайым бақа)

3.     Қаймаққа иленген,

Терезеде суытылған,

Сап-сары домаланған.    (бауырсақ)

4.     Жерден аспанға ұшу үшін

Оған үлкен сыпыртқы керек.    (мыстан кемпір)

     Жарайсыңдар! Ертегі кейіпкерлерін сендер жақсы білесіңдер. Мына өлең жолдары қай ертегіден екен?

Жол алыс,

Ал себет ауыр,

Отырамын түбірге самсаны жеп.   (Маша мен аю)

Шал кемпірге оралды:

Кемпірде жаңа астау.     (балықшы мен алтын балық)

Тартамын, тартамын,

Тіпті де жұла алмаймын.   (қызылша)

Енді өздерің кітап оқу үшін келдіңдер. Кітапты не үшін оқиды?



Қарақат:

Кітапхана – кітаптардың ордасы,

Білсең кітап – нағыз жолбасшы.

Ал, білімің – кітап нағыз,

Қанып ішсең сусыныңды қандырады.

Кітап – ұстаз,

Кітап – үйретуші.

Кітап – нағыз дос, жолдас,

Ақылы бұлақ көзіндей еш азаймас.

     Балалар, сендердің қолдарында кітапхананың қандай кітаптары бар? Еске түсірейікші. (оқулықтар)

Ал, олар қандай күйде?

Жыл бойы кітап иесі

Оқиды, өзіңе бірдеңе белгілейді.

Көктемде кітап өткізерде

Ол бәрін айтып қояды,

Оның не жазып қойғанын.

      1-кітап, Рияна:Қалың қалай, кітабым?

      2-кітап, Мадина:

Ой, мен сыныптың алдында ұяттымын, Менің қожайыным сыртқы қабымды жұлып алды! Онымен қоймай беттерімді де жұлып алды. Одан қайық, ұшақ жасады. Ал, сен бүтінсің бе?

       1-кітап, Рияна

Сенің халің маған таныс. Менің оқушым қол жумай сабаққа отырған емес, беттерімде де бір сызық жоқғ тап-таза. Мен оны қалай болса солай емес, тек беске оқуға үйретемін.

     2-кітап, Мадина:  Ал менің оқушым үшке әрең ілігеді, тіпті екілік те алады. Ой, мен сынып алдында ұяттымын.

   Екі кітап қосылып:

Кітап та алма ағашы

Жемісін бізге беретін.

Тәтті алмаға балашы

Кітабыңның әр бетін.

-         Балалар, қай оқулықты қолдарыңа алып оқығыларың келеді?

Сендерден кейін осы оқулықтарды басқалары пайдалана алуы үшін сендер кітап нені жақсы көретінін білулерің керек.

     Ойын «Иә-жоқ». Егер келіссеңдер иә, келіспесеңдер жоқ дейсіңдер.

Кітап нені сүйеді?

Кітап бауы «иә», Қар не жаңбыр «жоқ», Кір қолды «жоқ», Ұқыптап ұстауды «иә», Еркелеткенді «иә», Қуырған  жұмыртқаны «жоқ», Еденде жатқанды «жоқ»,  Таза қолды «иә», Төбелескенді «жоқ», Кітап сөресінде тұруды «иә», Білгіш оқушыларды «иә».

     Кітапхананың оқырмандарын кітапты пайдалану ережесімен таныстырып өтсем:

1.     Кітапты тек таза қолмен алуға болады.

2.     Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парғы түсіп қалады.

3.     Кітаптың арасына дәптер, қалам салуға болмайды, одан мұқаба бүлінеді.

4.     Кітапты бүктеме, кітап баулығын пайдалан.

5.     Тамақ ішкенде кітап оқымау керек.

6.     Кітап бетіне қалам не қарындашпен сызуға болмайды.

Ал, оқушылар сендер кітаптапрмен дос болғыларың келе ме?

     Мадина:

Ойшылдар мен білімпаздар мекені

Бәріне аяң кітапхана екені.

Кітаппенен дос болуға баулитын

Кітапханашы мұнда қызмет етеді.

Дарина:

Өмір мәні өнер менен білімде,

Құштар болсаң көп құмартып білуге.

Қарсы алып сәні дәйім күлімдеп,

Жөнін айтып, жол нұсқайды білімге.

     Балым:

Білім сүйсең, кел күн сайын осында,

Кітап сенің айналады досыңа.

Талаптансаң үйренуге құмартып,

Келгін, жас дос, ізденейік қосыла.

  Қорытынды:

  Жүргізуші: Кітабыңның әр бетін, -деп Мұзафар атамыз жырлағандай, әдеби кітаптар және оқулықтар сендерге білім көзі,рухани қазына.Біз кітап арқылы бастауыш кластардың өзінде –ақ бүкіл адамзаттың мәдениетімен таныса бастаймыз.Бірақ рухани өмірімізде кітаптың алатын орны осымен тоқтап қалмайды.Алға басқан сайын кітап біздің айнымас серігіміз болып қала береді.Кітап білімімізді молайтады,кітаптан көп үлгі –өнеге аламыз.Оқыған-тоқығаның көп болса, жеңбейтін жау,алынбайтын қамал жоқ. «Батыр бірді жығар,білімді мыңды жығар»,-деген халық даналығы бекер айтылмаған.Ендеше,кітап біздің сарқылмас рухани қазынамыз екен.



Оқушылар тәрбие сағатымызды «Айгөлек» әнін айтып аяқтайды.


Тақырыбы: Біз бабаларын сыйлаған халықпыз.
Мақсаты: оқушылардың бойына ұлттық, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, оқушыларды имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу және оқушы бойына әдептілік және адами қасиеттерді қалыптастыру. Жақсы мен жаманды ажырата біліп, аталы сөзден ғибрат алу.
Көрнекілігі: адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер. Мақал - мәтелдер жазылған плакаттар ілу.
Ұйымдастыру: сәлемдесу, түгендеу
Барысы:
Жүргізуші: Қазақ – сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Кендігін де, елдігін де, кемеңгерлігі мен көсемдігін сөзге сыйғызған. Оның тарихы, тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен дала көңілі де сол сөзде жатыр. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше. Бітпес даудың, бәтуәсіз шудың кесімі де, шешімі де сөз болған. Тұла бойдың тылсым сырын сырқа жаря еткен сезім, терең ақыл, кемел ой, арман - мұрат, мұң - сыр бәрі сыйған сиқыр сөздің бағасын біреу білсе, қазақтай - ақ білсін. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.
1 - оқушы: Шешендіктен не пайда
Артында сөз қалмаса,
Батырлықтан не пайда
Халқына қайрат қылмаса
Хандықтан да пайда жоқ
Қара шашын жаймаса
Молдалықтан пайда жоқ
Шариғатты өзгертіп
Надандарды алдса.
2 - оқушы: Даралық сөз суырып салма ақындықпен туыстас. Аумалы - төкпелі алмағайып замандарды бастан кешкен халықтың өзіндік басқару жүйесі болды: ел қамын жеген ерлердің, сөзін сөйлеп жағдайын жайлаған шешендері, білімпаз билері болды. Би халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы.
Жүргізуші: 120 жасқа келген Абыз бабаға Әсет би амандаса келеді де былай дейді.
Ассалаумағалейкүм, Абыз баба,
Жасыңыз келіп қапты 120 - ға.
Атамыз айтып еді дейтұғын ұрпақтарға
Айтыңызшы өсиет бір асқан дана.....
3 - оқушы: Өркенің өссін десең өршіл болма,
Кесапаты тиер еліңе.
Елім өссін десең өршіл болма,
Өркеніңді өшірерсің.
Басына іс түскен пақырға
Қастық қылма,
Қайғысы түсер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға
Жәрдемші бол асыға,
Қиын қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп
Жақыныңды басын ба.
4 - оқушы: Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса апайың жақын.
Бауырмал болса інің жақын.
Алдыңа тартқан адал асын
Қимас жақын қарындасың,
Сыбайлас болсаң нағашың жақын.
Адал болсаң досың жақын,
Еркелейтін немерең жақын.
5 - оқушы: Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт - берекең - атаң қымбат.
Аймалайтын анаң қымбат,
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың әкең қымбат,
Туып - өскен елің қымбат.
Ұят пенен ар қымбат,
Кіндік кескен жер қымбат.
6 - оқушы: Арадан шыққан жау қиын, таусылмайтын дау қиын,
Шанышқыланған сөз қиын
Жазылмаса дерт қиын.
Іске аспаған серт қиын
Ақылыңнан адасып
Өзің түскен өрт қиын.
Не істеріңді біле алмай
Ашиды сонда бас миың.
7 - оқушы: Қызыл жасыл киінбесе
Қыздың сәні кірер ме.
Мың бұралып билемесе
Бидің сәні кірер ме,- дегендей келесі кезекті Айдананың биіне береміз.
8 - оқушы: Ақыл - адамды аздырмайтын ем,
Білім таусылмайтын кен.
Адамның басшысы - ақыл
Жетекшісі - талап
Шолғыншысы - ой
Жолдасы - кәсіп
Қорғаны - сабыр
Қорғаушысы - мінез.
9 - оқушы: Еліңе жақсы көп болса
Пайдасы ерге тиер.
Содырлы сотқар көп болса,
Еліне найзасы тиер
Ақылды кең болсаң
Әрқашанда халқын сүйер.
Басыңа үлкен қатер төнсе,
Үшке дейін қатты шыда,
Кең болсаң кем болмайсың
Деген сөз бар.
Қорытынды:
Жүргізуші: Нартуғанның термесі «Қызыл тілім сөйлеші»
Иә, туған соң адам боп
Білімсізден жаман жоқ.
Ардақ тұтып үлкенді
Ата жолын жалғапты.
10 - оқушы: Жақсыға үлкен кіші - бәрі жақсы,
Жасына бірге өскен көкесіндей.
Жақын адам алысты жақын етер,
Беттескен екі таудың өркешіндей.
«Дедім - ай ау»
Жүргізуші: Қайтадан қайрылып өмірге келмейсің,
Барыңды, нәріңді тіршілікте бергейсің.
Ғибрат алар артыңа із қалдырсаң -
Шын бақыт, осыны ұқ, мәңгілік өлмейсің.
Осымен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ден қойып тыңдағандарыңызға рахмет
Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет