Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз. Мақсаты



бет1/3
Дата29.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36140
  1   2   3
Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз.

 Мақсаты:Оқушыларға еліміздің рәміздерінің мағынасын терең түсіне білуге     мемлекеттік рәміздердің авторларының өмірбаяндарын, еңбек жолдарын үйрету,өз ойын дұрыс жеткізуге  ынталандыру.Оқушылардың мемлекеттік нышандарды оқып-үйренуде өзіндік дағды қалыптастырып және шығармашылық қабілеттерін дамыту.Оқушыларды Отан сүйгіштікке,                                        адалдыққа, адамгершілікке, мемлекеттік рәміздерді қастерлеуге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері,Қазақстан Республикасының рәміздерінің авторларының  суреттері, Отан, жер туралы нақыл сөздер.

Кіріспе бөлім:Біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз.Сондықтан өз жерімізді,өз елімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге,қорғауға тиіс екенімізді естен шығармайық.

Қазақстан Республикасының Гимн орындалады.

Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат, нәр береді...

Отан-ұран, Отан туым,

Отан мәңгі гүлденеді-демекші, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы-мемлекеттік рәміздерді қастерлеп,құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады.

Мемлекеттік рәміздер-еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін нышандар.Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.

Мемлекеттік рәміздер-халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын,қаhармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер.

                     Тұңғыш Президент.

1-оқушы:1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

2-оқушы:Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

3-оқушы:Қазақстан дейтін менің бар елім,

                  Жатыр алып жарты дүние әлемін!

                  Бұл даланы анам жаспен суарған,

        Бұл далада атам қолға ту алған.

                   Бұл далаға жылап келіп, уанғам,

                   Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

                   Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4-оқушы :Кең байтақ қой Қазақстан картасы,

                  Астанамен айшықталған ортасы.

                  Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем,

                  Бұның бәрі Елбасының арқасы.

                  Шықты тарап ой-данадан,

                  Бері қарап жұлдыз беті.

                  Өзі қалап сайлап алған,

                  Елімнің бар Президенті

5-оқушы:Міне осындай егеменді еліміз

                 Кең жазира ұлан байтақ жеріміз

                 Туған елін, туған жерін сүйетін

                 Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

6-оқушы:Азат елдің тәуелсіз азаматы

                Сенің келді мінбе де сөз алатын

                Аттан барыс бейнелі болашаққа

                Барша әлемге шығыршы қазақ атын.

7-оқушы:Көз тойғысыз қазағымның жері бар

                 Ну орман, тауы,өзені, көлі бар

                 Қазағымның елін жерін қорғайтын

                 Жас жеткіншек ұланы бар, елі бар.

Би «Қазақша»                   

    Тұғырлы туымыз.

Жүргізуші: Егер де Туға тұтас зер салсаң, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ол жер жүзінде әлемге нұрын шашқан Күн сәулесі астында қияға қанат қаққан қыран- тыныштық пен баянды өмірдің белгісі, ал ою-өрнек тудың қай елдікі екенін аңғартады.

Тудың авторы – Шәкен Оңдасынұлы Ниязбеков белгілі  монументші-суретші. Біздің туымыз – көгілдір түсті, тік төртбұрышты мата. Ол бірлік пен аман- есендікті көрсетеді. Оның қақ ортасындағы сәулесін шашқан алтын Күн – тыныштық пен байлықтың белгісі.

Қазақ халқы  сонау ерте заманнан бері қыранды киелі, қасиетті құс деп есептеген. Туда қыранның орын алуы тәуелсіздік алған Қазақстан қыран сияқты биікте болсын, қыран сияқты ғұмыры 

ұзақ болсын деген ойдан туған.

Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ қазақ елінің өзіндік сипатын, танымдық бейнесін көрсетеді.

8-оқушы:Айнымайды аспаннан

                 Біздің тудың бояуы

                 Оны халық қашанда

                 Биікке іліп қояды.

9-оқушы:Мен қазақтың ұланымын

                 Мен қазақтың,ұланымын елімнің

                 Мен қазақпын, тірегімін жерімін 

                 Ұланымын туын көкке көтерген.                                                                                

                            Еңселі Елтаңба.

Мемлекеттік елтаңбаның авторлары танымал суретшілер:

Жандарбек Мәлібеков пен  Шота-Аман Уәлиханов.Қазақта «Шаңырағың биік, керегең кең, босағаң берік болсын» деген тілек сөз бар.Елтаңба авторлары осы сөздерді басшылыққа алған.Қазақстан Республикасының Елтаңбасы көгілдір түстің үстіне салынған шаңырақ  бейнесінен тұрады.Одан жан-жаққа күн сәулесі тәрізді уықтар тарайды. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді. Қазақстан Республикасының Елтаңбасының бір бөлігі ертедегі қанатты тұлпар. Елтаңбаның жоғарғы жағындағы бес бұрыш – бақытты өмірге жол сілтейтін жарық жұлдыздың белгісі. Төменгі жағындағы «Қазақстан» деген жазу республиканың атын көрсетеді. Масақ Отанымыздың байлығы іспеттес.

10-оқушы: Қатар шапқан  қос тұлпар,

                   Ай астында қазақ үй

                   Қалықтаған  жас сұңқар,

                   Шарықтаған таза күй.

                   Бұл таңбасы елімнің,

                   Елдігімнің белгісі.

11- оқушы:Бейнелеп сан ғасырды

                    Елтаңбасы елімнің,

                    Таратады хас үлгі

                    Киесіндей жерімнің.

                    Бабам тұлпар жаратты,

                    Құлынында танып-ақ.

                    Тұлпар барда қанатты,

                    Шайқалмайды шаңырақ.

                    Тәуелсіздік көркі ол да,

                    Нұр төгеді елтаңба

                    Ақ орданың төрінде.

                                Асқақтаған Әнұран.

    Кез  келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Әнұран. Әнұран мемлекеттің салтанатты әні. Ол халықты әйгілі етеді. Оның сөздерінде халықтың мыңдаған жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Әнұранды  түрегеліп, жүректің тұсына қолдарын қойып айтады. Бұл өз мемлекетіңе деген құрметті көрсетеді. Халық өмір салтын бүгінгі тіршілігі мен келешек армандарын, мың жылғы тарихын осы әнге сыйғызған.

1986 жылы «Менің Қазақстаным» бостандық аңсаған қазақ жастарының бейресми әнұраны болған еді.

2006 жылғы 7 қаңтардағы Конституциялық заңға сәйкес ҚР-ның Мемлекеттік Әнұранының музыкалық редакциясы мен мәтіні жаңа редакцияда жазылды. Мемлекеттік  Әнұранның авторы  Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар Жұмекен Нәжмеденов, Нұрсұлтан Назарбаев. Алғашқы рет Қазақстан Республикасының Әнұраны ретінде «Менің Қазақстаным»  әні 10 қаңтарда 2006 жылы, Елбасын  ұлықтау рәсімінде орындалды.Бұл Әнұранның сөзі республикамыздың барлық халықтарының жүрегіне жақын, жұрттың бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі ән.

12-оқушы:Әнұраным –жан ұраным

                    Айтар әнім, сөйлер сөзім

                    Туған жерім сағынарым

                    Бақыт-бірлік күн талабы.

                    Тоқтамайды дабыр әні

                    Мәңгі бақи шырқалады

                    Республикам Әнұраны!

13-оқушы:Барша халық таныған                      

                   Біздің үміт, тілекті.                           

                   Шырқалғанда әнұран 

                   Шаттық кернер жүректі                         

                   Жеңіс туын көтерген

                   Жарыстарда сан қилы,

                   Жетіп бізге шетелден

                   Көкке әнұран шалқиды.

                   Шәмші атаның сазды үні

                   Жігер беріп қайратты,

                   Бәрімізді мәз қылып,

                   Жаңғыртады аймақты.

Қорытынды:

Мемлекеттік рәміздерді қадірлеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматының қасиетті борышы. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – елді, халықты, тарихты, әдет- ғұрыпты, салт- дәстүрді қастерлеу болып табылады. Құрметті оқушылар! Сендер тәуелсіз еркін елде ер жеткен ұлансыздар. Ендігі жерде еліміздің тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елімізді жоғары дамыған елдер қатарына енгізетін мына сендерсіңдер. Ол үшін сендер терең әрі жан – жақты білім алу керексіңдер, – дей келе бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз


Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет!

Тақырыбы:Ұлттық тәрбие отбасынан басталады.

Мақсаты:Отбасы - халық тәрбиесінен үнемі нәр алып отырған. Халық тәрбиесі - отбасы тәрбиесінің бастауы.Халық тәрбиесінің отбасындағы ролі, мақал - мәтелдердің тәрбиелік мәнінен тоқталу.
Көрнекілігі: Отбасы өмірін бейнелейтін суреттер, қанатты сөздер: «Баланы жетіге келгенше тыйма, жетіден он төртке келгенше құлынша қина, ал он төрттен кейін құрдасыңдай сыйла». «Тәрбие баламен баламен сөйлесумен, әңгімелесумен, оған ақыл кеңес берумен ғана шектеледі» (А. С. Макаренко)
Барысы:
І. Кіріспе
Жүргізуші. Ғасырлар бойы халқымыз бала тәрбиесіне ерекше мән берген. Шыр етіп дүниеге келгеннен бастап өсіп өнуіне қалыптасуына ерекше мән берген. Ата - ананың жүрек жылуын сәби жарық дүниеге келместен бұрын ана құрсағында жатып сезу керек. Дүниеге келген нәресте бір мен бес жас аралығында адамгершілік әліппесі және дүниетану тәрбиесін ұғынады. Бесіктегі балаға тіл қату, бесік жырын айту, тілі жаңа шыққан баланың қойған сұрақтарына ойланып жауап беру, түсіндіре білу керек, ол да тәрбиенің алғашқы қадамы. 6 жастан бастап мектеп есігін ашқан балдырған жарығы мол жаңаша өмірде адамгершілік асыл қасиеттерді қастерлеп өмір заңдылықтарын үйренеді.
Мақал-мәтелдер айту.
Тәрбиенің мәнін ашатын тәлім - тәрбие туралы мақал - мәтелдерді бір - бірден айтып, мағынасына тоқталамыз.
Оқушылар жауабы тыңдалады.
1. Үлкенге үнемі сәлем бер
2. Үлкенге қарсы шықпа
3. Үлкеннің батасын қабыл ал.
4. Атаға бөлінгендер адыра қалады.
Көпті қорлаған көмусіз қалады.
5. Үлкен кісіні ренжетпе
6. Ауылыңда қария болса,
Жазып қойған хатпен тең.
7. Кәрі келсе асқа,
Жас келсе іске.
8. Кәрі, кәрінің сөзі - дәрі
9. Ақылды қария - ағып жатқан дария
10. Кәріліктің алды, жігіттіктің соңы.
11. Махмуд Қашқари «Жақсы үлкенді қадірлесе - құт болар!

Жүргізуші: Қазақ отбасында әуелі әке содан соң шешесі отбасы мектебінің ұстаздары. Әке мен шешесінің баласына қоятын ең басты талап - тілектері баланың «әдепті» болып өсуі.


Солндықтан қазақ отбасы әрдайым: «Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген, Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үйінде үнемі осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл ағылшын, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді. «Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!»- дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жеберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі.
Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүреке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
Көрініс:
Оқушы: Бүгінгі біздің сүйікті атамыз Мақалбай бізде қонақта. Ол бізге мейірін, бар ақылын төгіп келіп отыр. Мақалбай ата ендігі сөз өзіңізде.
Мақалбай ата: ата - анаңды құрметтесең, сенде жақсылық игілік көресің.
Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер
Ата - бәйтерек,
Бала - жапырақ,
Әке - асқар тау,
Ана - бұлақ
Бала – жағасындағы құрақ.
Қарияларды ардақтап өтсең, құрметтесең қартайғанда сені де етер ізет.
Маған мынаны айтып беріңдрші, балаларым!
Дүниеде не қымбат?
Не қатты?
Не тәтті?
Жеті жоқты апап беріңдерші?
Балалар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Бәрекелді, өздерің шеттеріңнен шешен екенсіңдер ғой. Үлкендерді құрметтеуге арналған қандай мақал - мәтел білесіңдер?
Оқушылар жауабы тыңдалады.
Мақалбай ата: Ал, балаларым, жарадыңдар. Енді өздеріңе ақ батамды берейін.
Сабағыңды оқы беске
Балалар үйінің қуанышы бол
Бауырыңның жұбанышы бол
Сенімін ақта үлкендердің
Түлесін көктеп мекенің.
Қорытынды:

Жүргізуші:Сонымен бала тәрбиесінде отбасының орны ерекше. Оны қоғамдық тәрбиенің қандай саласы болса алмасотыра алмайды. Отбасының мақсаты баланы өмірге келтіру ғана емес, оған ата - бабасының салт - дәстүрі, ақыл тәрбиесін беру, бүгінгі өмірдің құндылықтарын қабылдату, ата - анасына, қоғамға, еліне қамқор болар ұл - қыз тәрбиелеу.


Қатты тәртіп берсек бала күнінде,
Өнерімен қуантады түбінде.
Бала нені білсе жастан, ұядан
Өлелгенше соны таныр қиядан.
Өнер білім берем десең басынан
Бер оқуға балаларды жасынан.
Ата - анадан өсіп ұрпақ тараған
Жақсы, жаман болса, бала солардан - деп ХІ ғасырда Ж. Баласағын айтқандай, ата - аналардың баланың жеке ерекшеліктерін танып, жақсы тәрбие беруі қоғам алдындағы міндеті. Сыйластық, түсіністік, үлкен жауапкершілік сезімдері бар отбасы - бақытты отбасы. Бақытты отбасында ғана дені сау, жан дүниесі бай, өмірге құштар, ой - өрісі кең, білімді ұл - қыз өседі.

Тақырыбы: «Сыбайлас жемқорлықтың мәні, мазмұны, қоғамға тигізер зардаптары»

Мақсаты:1.“Сыбайлас-жемқорлық” деген ұғымды түсіндіріп,пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру.

2.Өз көзқарастарын білдіріп,дүниетанымдарын кеңейту.

3. Өз мемлекетіне жауапкершілікпен қарау және әділдікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сыбайлас жемқорлық туралы слайд,т.б.

Барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:

-Сыбайлас-жемқорлық деген не?

(оқушылардың пікірлері тыңдалады)
Баяндамашы:Сыбайлас-жемқорлық деген не?

“Сыбайлас-жемқорлық” деген “параға сатып алу”, “пара” ретінде, "corruptio" деген латын сөзін алып, анықтауға мүмкіндік береді. Рим құқығында сондай-ақ "corrumpire" түсінік болған, ол жалпы сөзбен айтқанда “сындыру, бүлдіру, бұзу, зақымдау, жалғандау, параға сатып алу” деген түсінік берген де, құқыққа қарсы іс-әрекетті білдірген. Орыс тілінің түсіндірме сөздігі сыбайлас-жемқорлықты пара беріп сатып алу, лауазымды адамдардың, саяси қайраткерлердің сатқындығы ретінде сипаттайды.

ҚР “Сыбайлас-жемқорлықпен күрес туралы” Заңы сыбайлас-жемқорлыққа келесідей анықтама береді. Ол: “...мемлекеттік міндеттерді орындайтын адамдар, сондай-ақ соларға теңелген адамдар, өздерінің лауазымды құзыреттерін және онымен байланысты мүмкіншілікті немесе өз құзыреттерін басқаша пайдаланып мүліктік пайда алу үшін заңмен қарастырылмаған мүліктік жайлылықты және артықшылықты қабылдау, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалармен аталмыш жайлылықты және артықшылықты оларға заңсыз беруге осы адамдарды парамен сатып алу”.

2001 жылы Мексикада БҰҰ - ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясына қол қоюға арналған. Дүниежүзілік конференция ашылды

БҰҰ. 2003 ж 9 желтоқсан күнін халық - қ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күн деп жариялады.

1 - оқушы 
Жамандыққа тосқауылды қояйық,
Пара алғанның жолы жабық қой анық,
«Қазақстан - 2050»- айқын жол,
Күресейік, жемқорлықты жояйық.
2- оқушы 
Әр ата - ана өнеге берсін балаға,
Тәрбиесіз шоқ жұлдыздың жанама,
Адалдыққа, даналыққа үйретсең,
Жолдан таймас ар болған соң санада.
3 - оқушы 
Пара алғандар темір тордан әрі асар,
Алса да оны мойындамай санасар,
Беделі кетіп, қайыры қашып ортадан,
Мәнді өмірі енді қайтіп жарасар.
4 - оқушы 
Қазақ елі байтақ болсын десеңіз,
Жемқорлықтың жолын бірге кесеміз,
Сонда ғана жер гүлденер, ел байып,
Сонда ғана шарықтаймыз, өсеміз.
5 - оқушы 
Егеменді өсер елде тұрам Мен,
Білдіремін сезімімді жыр - әнмен.
Жолыменен Елбасының жүрейік,
«Жемқорлыққа жол жоқ»- деген ұранмен.


Топтық жұмыс: «Егер мен болашақта Қазақстан Республикасының президенті болсам, сыбайлас жемқорлықпен қалай күресер едім?»

(Әр топ постерге өз ой-пікірлерін жазып, қорғайды)

Сахналық көрініс (Әр топтан екі  оқушы шығып, берілген мәтінге байланысты өз іс- әрекеттерін көрсетеді)

Сыбайлас-жемқорлықты қалай жоюға болады?

1.Пара бермеу және алмау.

2.Мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншілігіңмен жетуге тырыс.

3.Парақорлықты көрсеңіз жергілікті органдарға және ақпарат көздеріне хабар беріңіздер.

Адамгершілік, әділеттілік туралы мақал-мәтелдер .

1.Адамгершілік болмай,
Әділдік болмас.
2.Адамның ұяты бетінде,
Адамгершілігі ниетінде.
3.Адамгершілікке арналған үш сауап бар: Шөлге құдық қазған бір сауап,
Өзенге көпір салған бір сауап,
Жолға ағаш еккен бір сауап.
4.Адалдық — ардың ісі.
5.ШЫНДЫҚ ЖОҚ ЖЕРДЕ СҰМДЫҚ КӨП.
6.Адамның әдемілігі шыншылдығында.
7.Ақихат сөзде алалық жоқ.
8.Әділ айтқан жеңер.
9.Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
10.Әкімің әділ болмаса жұрт бұзылады,
Саудаң әділ болмаса нарық бұзылады.


Мемлекеттік құрылымдардың қандай әрекеттері жемқорлыққа жатады? Басқа мемлекеттік органдар, мекемелердің жұмысына заңсыз жолмен араласу; Қызметтік лауазымды пайдалана отырып, жеке басының не туыстарының материалдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға байланысты мәселелерді шешу; Мемлекеттік қызметке заңда белгіленбеген басымдықтарға ие болып өту және өсу; Шешімді дайындау мен қабылдау барысында біреуге заңсыз жолмен басымдық беру; Кәсіпкерлік қызметті не басқа табыс әкелетін саланы жүзеге асыруда заңда белгіленбеген кез келген әрекетпен көмек көрсету; Мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында алынған ресми жариялануға жатпайтын ақпаратты жеке мүддеге пайдалану; Заңда жариялауға рұқсат етілген деп бекітілген ақпаратты беруден бас тарту, оны кешіктіру, жалған не толық емес ақпарат беру, заңда жариялауға тиістігі бекітілмеген ақпаратты жеке және заңды тұлғалардан талап ету; Жоғары тұрған ресми тұлғаларға қызметтік емес ілтипат көрсету не сый жасау (әдепті және қонақжайлылық бойынша жалпы қабылданған нормаларға сәйкес символикалық ықылас көрсету, символикалық кәдесыйлар тарту, сонымен қатар, ресми және хаттамалық шараларды өткізуді қоспағанда); Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңдық мүдделерін қанағаттандыруға тосқауыл болу; Мемлекеттік немесе осыған теңестірліген қызметі үшін жеке тұлғалар мен мекемелерден ақшалай, қызметтік және басқа формада сый алу.

Қортындылау:

Ел болып еңсемізді көтеріп, тәуелсіздігімізді алып, шаршы әлемге танылдық, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында мемлекетіміздің тамыры тереңге тартып, нығая түсуіне бағытталған құқықтық заңнамалар қабылданып, ел экономиясы мен әлеуметтік жағдайы түзеліп, әлем мемлекеттерінің ортасынан өз орнын айқындады. Бүкіл әлемге өзінің біртұтастығыменен, ажырамас бірлігімен танылды. Қоғам дамуының жаңа жолын таңдап, уақыттан туындаған әр түрлі кеселдерден айығуды міндет етіп қойды. Ол жол – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастауымен алға қойылған сыбайлас жемқорлықпен күрес жолы.

Құрметті оқушылар әрқашанда адамдық жақсы қасиеттерді сақтап,мақсаты нәтижелерге жету үшін,өз мүмкіншіліктеріңмен жетуге тырысыңдар 

Тақырыбы:Тұмаудың алдын алу.
Мақсаты:Оқушыларға тұмау туралы түсіндіріп, тұмау туралы баяндау және оның адам ағзасына әкелетін аурулардан алдын ала сақтану. Оқушылардың спортқа, еңбекке, тазалыққа баулу.
Міндеті:
Оқушыларды салауатты өмір сүруге шақыру.
Болашақта тұмаумен ауырмау үшін оның алдын алу туралы оқушыларды ескерту.

Көрнекілігі:тұмау туралы слайд,бейнеролик.
Барысы:
Жүргізуші:
Тұмау
Тұмау - өте көп таралған жұқпалы ауру. Онымен бір уақытта өте көп адам ауырады, өйткені ауру жылдам тарайды. Өмірінде тұмаумен ауырмаған бірде - бір ересек адам жоқ болар. Бұл аурудың аты француз тілінде «гриппе» - жаулап алу деген сөзден шыққан. Шындығында, бұл ауру үлкен қалалардың, бүкіл бір елдің немесе құрылықтың халқын қамтып тарай алады. Тұмаудың қоздырғышы - бірнеше түрлі вирустар Екі - үш жылда бірнеше рет қайталанып тұруы және оны әр жағдайда әр түрлі вирус туғызуы мүмкін.
Тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарау қате әрі зиянды. Ол жұқпалы да қатерлі сырқат. Халық арасында «Тұмау түбі – құрт» деп бекер айтылмаса керек. Себебі, бұл ауруда уақытылы алдын алып, ем жолдарын қолданбаса, түрлі қосымша дерттердің тууына және асқынуына әкеліп соқтыруы ықтимал.
Тұмау науқас кісіден сау адамға вирус арқылы жұғады. Яғни, инфекция көзі – ауру адам. Ол тыныс жолдарының жоғарғы жағына күшті зақым келтіреді. Тұмаумен ауырған адам жиі түшкіріп, жөтеледі де, оның сілекей тамшыларындағы вирустар жан - жаққа шашырап тарайды. Ауру адам
сөйлегенде, түшкіргенде және жөтелгенде вирус оның демімен ауаға шығып, сау адамның тыныс жолдарына түседі.
Тұмаудың бірінші белгілері бір - екі күнде санаулы сағаттың өзінде байқалады.
Сөйтіп барып кенеттен, күтпеген жерден қатты басталады. Ауруға шалдыққан адам қалтырап тоңады, денесінің ыстығы 38 - 40 градусқа дейін көтеріледі, басы ауырып, кейде құсады.
Бұл сәтте, сондай - ақ, дене әлсірейді, бұлшық еттері мен сүйектері, буындары сыздап сырқырайды, дел - сал болып, терлей береді, мұрны бітіп қалады, қан қысымы төмендейді және науқас жиі түшкіріп жөтеле бастайды. Тамақтың жыбырлап ауруы және жөтелу сияқты тұмауға тән белгілер көбінесе ауру басталғаннан кейін байқалады.
Құрғақ жөтел екі - үш күннен кейін пайда болады. Мұндай кезде ауыз - мұрынының айналасы қызарып, ашып мазалайды.
Тағы бір ескеретін нәрсе, тұмауға жас балалар, қарттар кеш шалдығады. Сондықтан, мұндай жастағылардың бойында басқада бір аурудың түрі болса, ол осы тұмаудың әсерінен асқынып кетуі ғажап емес. Тұмау әсіресе, жасы ұлғайған қарт адамдарға өте қауіпті, өйткені олардың ағзасының жас адамдардың ағзасымен салыстырғанда жұқпалы аурулардан қорғану мүмкіншілігі төмен. Тұмаумен ауырған бір адамның таңертеңгілік қоғамдық көлікте бір рет түшкіргені сол күні кешке ондаған немесе жүздеген осы ауруды жұқтыруына әбден жеткілікті. Егер тұмауға шалдыққан адамдар оны елемей жұмысқа немесе оқу орындарына барса, олар тағы да мыңдаған адамға жұқтырады.
Сөйтіп тұмау қоршаған ортаға тез тарап, індетке айналады. Егер науқас тұмаудан жатып емделмесе, ауру асқынып өкпенің немесе ми қабығының қабынуы мүмкін. Адамзат тұмау ауруының зардабын көп тартты. Соның ішіндегі ең ауруы 1918 - 1920 жылдары болған испан тұмауының індетінен дүние жүзінде 25 млн. адам өлген.
Бүгінгі күні адамның тұмаудан қайтыс болуы өте сирек жағдай, өйткені оны емдеудің және асқындырмаудың тиімді жолдары табылған. Бірақта осы ауруды тарататын вирустар мен күресу әлі қиынға соғуда. Алдын – ала егуге қажет дәрілер болғанымен де, вирустардың өте тез таралуына байланысты, аз уақыт ішінде барлық адамдарды егіп үлгеру мүмкін емес. Осы жайға байланысты «емделген тұмау - тек бір аптаға, ал емделмеген тұмау - толық жеті күнге созылады» деген қалжың бар. Сондықтан тұмаудың бірінші белгісі пайда болысымен дәрігер шақыртып, емделу қажет. Егер оны уақытында емдемей, жұмысқа немесе оқу орындарына барсаңыз, айналаңыздағы жүздеген жазықсыз адамдарға тұмау жұқтырасыз.
Тұмаудан сақтану жолдарына келетін болсақ, оны алғашқы белгілері біліне бастасымен төсекке жатып, дәрігер шақырту керек. Әрине, мұндай уақытта сырқаттың көпшілік орындарына баруына шектеу қойған жөн. Сырқаттың жанында болып, оған емдеу қолданатын адам төрт - алты қабат дәкеден жасалған ауыз жапқыш салуы және мұрын ішіне оксолин майын жаққан дұрыс. Тұмаудан тезірек айығып кету үшін міндетті түрде бөлек бөлмеде жатып емделу, егер адам сау кісілермен бірге бір бөлмеде тұратын
болса, онда оның төсегін шымылдық пен бөлі керек. Әрине, мұндайда сырқаттың пайдаланатын ыдыс - аяқтары бөлек ұсталғаны жөн.
Ем алу кезінде тамақты жылы орау, көбіне сұйық тағам - лимон қосқан шай, көк шай, ыстық сүт, минералды су, пияз қабығының қайнатпасын, сарымсақ тұнбасын, емдік өсімдіктерді пайдаланған тиімді.
3-оқушы:
Тұмау кезінде сырқат жататын бөлменің тазалығына ерекше аударған жөн.
Еденді хлорлы әк ерітіндісі қосылған сумен жүйелі сүртіп, бөлмені әлсін - әлсін желдетіп, ондағы температураны 18 - 20 градус төңірегінде ұстау қажет.
Дер кезінде дәрігерге көрініп, оның тағайындаған, емін бұлжытпай орындаса, әдетте, 3 - 4 күннен кейін ауру адамның ыстығы төмендеп, денсаулығы жақсара бастайды. Сөйтіп, одан 3-4 күннен кейін айығып та кетеді. Қалай дегенімен, тұмауға жеңіл - желпі ауру деп қарауға болмайтынын әркім жадында ұстауы керек - ақ.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет