Тақырыбы: Мемлекеттік рәміздер-ұлттық мақтанышымыз. Мақсаты



бет2/3
Дата29.01.2018
өлшемі0,55 Mb.
#36140
1   2   3

Қорытынды: (сұрақ - жауап арқылы).
1. Осы тұмау ауруының инфекция көзі кімдер саналады?
2. Тұмаудың алғашқы белгілері қай уақытта және тұмаумен ауырған адамның күйі қандай болады?
3. Тұмаудан сақтану жолдары қандай?

Тақырыбы:Экологиялық соқпақ табиғат тазалығы.

Мақсаты: Бейнефильм көрсету арқылы оқушылардың табиғат туралы білімдерін молайту, табиғатты қорғау әр адамның міндеті екенін ұғындыру;туған жер табиғатына деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық тәрбие негізін қалыптастыру;

табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол, ізгілікті экологиялық білімі мен мәдениеті жоғары жаңа ұрпақ тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақстан туралы, табиғат туралы бейнетаспа.
Барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі

а)Оқушылармен сәлемдесу;

ә)Оқушыларды орындарына отырғызу.
Тәрбиеші:
Адам мен табиғат әрқашанда егіз. Табиғатты қорғаушың, асыраушың деуге болады. Ата-бабамыз «Жер – қазына, су – алтын, мал – байлық» деп өсиет айтып келгені тегін емес.
Бүгінгі көрсетілер жұмысымыз да табиғатты қорғауды жетілдіру мақсатында болып отыр.
Экология – бүкіл адамзат баласының шалыс басқан іс-әрекетіне келешекте шек қоятын, оның тыныс-тіршілігіне тікелей атсалысатын ғылымның жаңа саласы.: Табиғат, Жер Ана, Отан, Туған жер, Атамекен деген құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналық мазмұны бай сөздер. Табиғат пен Жер Ананы сүйе білу, оны аялау адамның азаматтық борышы.  Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Адамзат баласының көз алдында таусылып, құрып бара жатқан Арал, Балқаш, Семей, Чернобыль қасіреті т.б. Соның бәрі адам қолымен салынған таңбалар. Алпысыншы жылдары кемерінен аса шалқыған қайран теңіз қазір құрдымға айналды. Арал тұрғындары арасында ауру-сырқау, өлім-жітім көбейді.
Өзіміз күнде көріп жүрген салақтық пен немкеттілік те табиғатты бүлдіреді екен. Саяхатқа шыққанда немесе демалып отырған жерге қалдыра салатын әр түрлі қалдықтар суды ластайды. Сөйтіп, табиғатты бүлдіретін өзіміз екенбіз.
Адам табиғатсыз өмір сүре алмайды. Елді мекен маңындағы ағаштардың кесілуі, бұлақ көздері мен өзендердің ластануы, кейбір аңдар мен құстардың жойылуы бұл экологиялық мәселе.
Табиғат – бүкіл тіршілік атауының алтын ұясы және аялы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені.
Табиғат – адамға қажет баға жетпес байлық, ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі сондықтан халқымыз «Табиғат – адамзаттың өмір нәрі, қажетінің табылар содан бәрі» деп дәріптеген. Табиғат – адам бойына адамгершілік абзал қасиеттерді қалыптастыратын ұлағатты ұстаз.
Табиғат адам өмірінің барлық қажетін толық өтей алу үшін ол міндетті түрде ештеңемен былғанып уланбауы тиіс. Адам өзінің де, табиғаттың да досы, санасыз іс-әрекет жасаса, жауы бола алады. Адам баласы табиғаттың ең ұлы перзенті болумен бірге ең ұлы қамқоршысы екенін ешқашан естен шығармауымыз керек.

Қорытынды:

Табиғаттың тарылтпайық мөлдір таза тынысың
Пәк табиғат әр жүректің тамылжыған жырысың
Ей, адамзат, ақылға сал, қатігездік жасама
Өзің дағы содан тудың, табиғаттың ұлысың дей келе бүгінгі іс-шарамызда өз мәресіне келіп жетті.

Табиғат адам бойына шабыт, көңіліне қуат, сезіміне сұлулық пен сағыныш ұялатады. Адам бойына адамгершілік қасиеттерді қалыптастыратын мол тәрбие көзі.
Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен, қамқорлықпен қарап, үйлесімділік сақталғанда, адамзат баласы үшін
табиғат – кең сарай мәңгі тозбас құтты қоныс болатынын ешқашан ұмытпайық!

Тақырыбы: Күзгі орманға саяхат.
Мақсаты: Балалардың күз мезгілі жайлы білімдерін пысықтау, табиғаттағы өзгерістер туралы түсініктерін қалыптастыру жалпы табиғат жайлы түсінік беріп, өлі - тірі табиғат дегеніміз не оны айту, жыл мезгіліне байланысты жәндіктер, құстар, аңдар, өсімдіктер өмір сүруге бейімделетіндері туралы түсінік беру.
Күзгі табиғаттың әсемдігін сезіне білуге және оны қорғай білуге тәрбиелеу.
І - бөлім. Ұйымдастыру сәті.
Балалар шеңбер бойына жиналып тұрады.
Тәрбиеші: Қуан шаттан алақай
Қуанатын келді күн
Қайырлы таң, қайырлы күн!
Күліп шықты бүгін де күн.
Балалар таңертеңгілік бір - бірімізге не деп айту керек?
Балалар: Қайырлы таң!
Тәрбиеші: Ендеше қане бір - бірімізге қайырлы таң айтайық.
Балалар: Қайырлы таң деп амандасып шығады.
Тәрбиеші: Балалар енді көңіліміз жақсы болу үшін, жақсы тілектер айтып, қолдарыңдағы жапырақтардан «тілек шоғын» жасайық.
Аспанымыз ашық болсын!
Денсаулық болсын!
Достық болсын!
Нан көп болсын!
Еліміз тиыш болсын!
Елбасшымыз аман болсын!
Тәрбиеші: Көрдіңдер ме балалар қандай жақсы - жақсы тілектер айтылып, қандай әсем «тілек шоғы» пайда болды.
Тәрбиеші: Балалар, саяхатқа шықпас бұрын сақтайтын ережелері еске түсіріп алайық.
1. Бір - біріміздің қалмаймыз
2. Орманда айғаламаймыз
3. Ағаштың бұтағын сындырмаймыз
4. Құстың ұясын бұзбаймыз
5. Орманды ластамаймыз
6. От жақпаймыз
ІІ бөлім: Қорытынды
1. Табиғат дегеніміз не?
2. Табиғат нешеге бөлінеді және қандай – қандай
3. Өлі табиғатқа не жатады?
4. Табиғатқа байланысты тыйым сөздер айтқызу.


Тақырыбы: «Туған жерім,тұғырым-Қазақстан»

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстанның қашан, қалай құрылғандығы туралы білім беру арқылы ой өрістерін кеңейту.

Міндеті:

а) білімділік: «Қазақстан» тақырыбы бойынша оқушылардың
білімдерін толықтыру,тиянақтау,дүниетанымдарын кеңейту;
ә)дамытушылық:оқушылардың ой-өрісін,ойлау қабілеттерін, тақырып бойынша сөздік қорларын дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру;
б ) тәрбиелік : Отанын сүюге,рәміздерді ,Ата заңымызды құрметтеуге тәрбиелеу,достықты күшейту,ынтымақтастыққа баулу,патриоттық сезімдерін ояту. 
Түрі: патриоттық тәрбие сағаты
Әдіс-тәсілдері:әңгімелеу,сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс:әдебиет,география,тарих, музыка.

Қатысушылар саны, құрамы: 2-3 сынып оқушылары, 25 бала

Өту орны: мектепте, кабинетте.
Көрнекі құралдары: флипчарт,карта,рәміздер,Елбасының портреті,сөзжұмбақ, сандық, көрініске арналған киімдер (Атаның,ағаның,әскерден қайтқан баланың киімдері).

Барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
-Сәлеметсіз бе,мұғалім!
-Балалар,сабағымызды бастамас бұрын шаттық шеңберін құрып,бір-бірімізге мейіріммен қарап,амандасайық (оқушылар хормен).
Аспаны ашық еліміздің,
Көркі сұлу жеріміздің,
Біз-бақытты баламыз!
Ақпыз,қара, сарымыз,
Ағайынбыз бәріміз!
-Орындарына отыра қойыңдар.

Ойын «Миға шабуыл» Сақтың тақырыбын ашу үшін балаларға бірнеше сұрақ қоямын.

— Біздің отанымыз қалай аталады? (Қазақстан)

— Дұрыс айтасыңдар.

— Қазақстан қандай мемлекет? (Тәуелсіз, зайырлы, әдемі)

— Өте жақсы,балалар.
ІІ.Негізгі бөлім. Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін!-деп Қасым Аманжолов ақын ағамыз жырлағандай,бүгінгі сыныптан тыс іс-шарамыздың тақырыбы: «Туған жерім, тұғырым -Қазақстан » деп аталады.

1991 жыл …1желтоқсанда республикада бүкілхалықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазак ССР-інің алғашқы Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Республика тарихында халық алғашқы рет саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады.

10 желтоқсонда Қазақ ССР Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің мемлекетімізге Қазақстан Республикасына атауын беру туралы заңға қол қойды. Ел атауын өзгерту өмірдегі өзгерістер болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының болып жатқан жаңа тарихи кезенде республика азаматтарының өркениетті демократиялық қоғамды таңдағанын білдірді.

Бүгінде Қазақстан егеменді ел болып, дүние жүзіне танылып отыр. Сіздер қазақ елінің ең жас ұланысыздар. Қазақстанда әртүрлі ұлт өкілдері (130-дан астам) тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Өз жерімізді, елімізді, Отанын қорғаған ағаларымыз, апаларымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиіспіз.



2 флипчарт: қазақ батырларының суреттері. (Ә. Молдағұлова, Б. Момышұлы, Қ. Рысқұлбеков және тағы басқа.

-Мұғалім: Балалар биыл Ұлы Жеңісімізге неше жыл болды?

-Балалар: Ұлы Жеңіске биыл 70 жыл.

 Мұғалім: Дұрыс айтасыңдар.

Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең,өркениетті Ел ретінде танылып, Өзінің Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлейй білуі керек.

3 флипчарт:

Мақтансаң мақтан елім деп,

Тани біл елдік таңбамды.

Елтаңба,Туың,Гимн-

Шырқатты биік арманды.

Тәуелсіздікке тән белгі-

Қасиетті осы рәміздер.

Еліме рух, мән береді,

Иесі оның мына біздер.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.



Мұғалім: ҚР МЕмлекеттік рәміздерін кім біледі?

Оқушы: ТУ,Елтаңба, Әнұран

4 флипчарт:

Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік әнұран мемлекеттік рәміздер болып табылады.



Ту.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.



1-ші оқушы: Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.

Елтаңба.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.



2-ші оқушы:Елтаңбасы елімнің,
Неткен әйбәт,әдемі!
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі.

Әнұран

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды. Музыкасы – композитор Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі – Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаевтікі.



Әнұран орындалады.

5 флипчарт:

Қазақстан жері өте бай. Еліміздің жерінен мұнай, көмір,минералдар, алтын, түсті металдар және тағы басқа қазба байлықтар алынады. Қазақстан Республикасында 14 облыс бар.



6 флипчарт: Қазақстаннан қазба байлықтар өндірілетін аймақтар.

7 флипчарт: Астана.

Алтыншы шілде-Астана күні,

Жадыдан, шырақ, тастама мұны.

Жаңа шаңырақ көтеріп биік,

Жаңа дәуірге бастама күні.

Астана-Отанымыздың бас қаласы,астанасы.Ол Есіл өзенінің жағасында орналасқан.

Балтыбаев Әлинұр өзінің жүрегінен Астанаға арнап шығарған өлеңін оқиды.

Астана

Еліміздің мақтанышы жас қала,

Қалалардың барлығына бас қала.

Нұрын шашып жарқыраған бүгінде,

Асқақтатқан қазақ елін Астана!

Астана деп ән саламыз бәріміз.

Жарасады бұл қаламен сәніміз,

Барлық арман орындалсын осында.

Жалғасады махаббатпен әніміз.

8 флипчарт: Бәйтерек суреті.

Балалар, бұл Бәйтерек самұрық құстың алтын жұмыртқасын аспанға көтерген алып киелі ағаш бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған ұлы мақсат көрінісі.



9 флипчарт: Пирамида.

Пирамида-әлем кереметінің бірі. Зорлық пен зомбылықтан бас тарту нышаны ретінде есептелінеді.



10 флипчарт: Хан шатыры.

Хан шатырдың аумағы 1 млн 700 шақырым метр, биіктігі 150 метр, 7қабаттан тұрады.



11 флипчарт: Ақ орда.

Ақ орда ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мәжілістер өткізетін және Республикамыздың ең маңызды ғимараттары.



3-оқушы. Отанды әркім анасындай

Қастерлейді қолдайды.

Өйткені Отан баласындай

Бізді асырап, қорғайды.



4-оқушы. Отан-анам,

Отан-әкем, осы сөзім қате ме екен,

Қате болса неге біздер

Дейміз оны Атамекен?



5-оқушы. Отанымның төрінде,

Сарыарқаның өрінде,

Ту ұстаған Астанам

Әсем қалам-бас қалам!



6-оқушы. Отан-жерім, Отан-суым,

Отан қуат нәр береді.

Отан-ұран, Отан-туым,

Отан мәңгі гүлденеді.

Енді балалар Дамирмен Әділдің орындауында «Жаса қазағым!»атты тамаша әнге кезек берйік.

Жаса қазағым

Жастарының жалыны бар,

Қарттарының қадірі бар,

Жақсылыққа жаны құмар,

Жаса қазағым!

Тарихының тамыры бар,

Дәстүрінің тәлімі бар,

Сақ пен ғұнның сарыны бар,

Жаса қазағым!

Қайырмасы:

Жаса, жаса қазақ тілім!

Жаса, жаса ғажап дінім!

Баянды боп, азат күнің,

Бағың таймасын!

Жаса, жаса рухты халқым!

Жаса, жаса құтты салтым!

Айдан асып мықты даңқың,

Жаның жайнасын!

Көсемдері кесім берген,

Керуен тартып, көшін керген,

Төрт түлігі төсінде өрген,

Жаса қазағым!

Ту көтеріп, тұлпар мінген,

Саят құрып, сұңқарды ілген,

Күй төгіп, ән шырқап жүрген,

Жаса қазағым!

Балалар шаршадыңдарма?

Ия.


Ойын ойнасақ қалай болады?

Алақай…
Кел,балалар келіңіз,


Тамашаны көріңіз,
Томсырайып отырма
Мақал ,ребусты ойла

Шешімін таппай қойма.



12 флипчарт: Мақалдың жалғасын тап.

Шарты: тақтадағы мақалдың жалғасын тауып, оқу.

1.Отансыз адам… (ормансыз бұлбұл)

2.Отан…(оттанда ыстық)

3.Отан үшін отқа түс…(күймейсің)

4.Отан елдің анасы…(Ел ердің анасы)

5.Ердің көркі-ерімен…(Отан көркі-жерімен)

Өте жақсы балалар. Енді сендермен «Қазақстан» деген сөзжұмбақ шешейік.

13 флипчарт: Сөзжұмбақ шеш. Қазақстан!

Қ

А

З

А

Қ

С

Т

А

Н

1 Мемлекеттік тіл. (қазақ)

2 ҚР Астанасы (Астана)

3 ҚР қандай мемлекет? (Тәуелсіз)

4 Ең ардақты жан (Ана)

5 Біздің ұлтымыз (Қазақ)

6 Жақсы баға (Бес)

7 Қазақстанның ақша бірлігі (Теңге)

8 Қазақстанның бұрынғы астанасы (Ақмола)

9 Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)

Көрініс: «Тәуелсіздік деген не?»

Шарты: балаларға үлестірмелі қағаздар таратылады. Онда кейіперлердің ат мен сөзі жазылған. Балалар сөздерін жаттап өз өнерлерін көрсетеді.

— Ата, тәуелсіздік деген не?

— Балам, сен барлық адамдар тең өмір сүрген тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің азаматысың.

— Аға, тәуелсіздік деген не?

— Елің де, жерің де сенікі. Тәуелсіздік деген сол. Сен қазақ баласысың. Отаның –Қазақстан, туған елін-қазақ елі.

— Мұғалім, тәуелсіздік деген не?

— Ол тәуелсіз туған жерің, туған тілің, салт-дәстүрің.

— Досым, сен тәуелсіздік үшін не істейсің?

— Ол үшін жақсы оқимын, тәуелсіз елім үшін адал еңбек етемін.

— Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды білесіңдер?

— Көкпар, асық, қыз қуу, теңге алу тағы басқа.

— Қандай жақсы, қазақтың ойындарын жақы біледі екеңсіңдер. Ола болса біз қазір сендермен «Құпия сандық» атты ойын ойнайық.

Ø «Құпия сандық»ойын.

Шарты: оқушылар, сандықтың ішінегі асықты алады. Асықта қандай сан жазылып тұрса сол санның сұрағы оқылады. Оқушылар сұраққа дұрыс жауап беру керек.

Шарты:

Сандықтан асықтарды бір-бірден ала отырып асықта жазылған нөмір бойынша сұрақтарға оқушылар жауап береді.

1. Қазақстанның ақша бірлігі (теңге)

2. Қазақстанның астанасы (Астана)

3. ҚР рәміздері (ТУ, Елтаңба, Әнұран)

4. Тұңғыш қазақ ғарышкері (Т. Әубәкіров)

5. ҚР мемлекеттік тілі (қазақ тілі)

6. Қазақтың ұлттық киімдерін ата (камзол,тақия, мәсі, бешпет, бөрік, шапан)

7. Қазақтың ұлттық ойындары (асық, көкпар,қазақша күрес, тоғыз құмалақ)

8. Қазақтың жаңа жылы (Наурыз)

9. ҚР тұңғыш президенті (Н. Ә. Назарбаев)

10. Тәуелсіздік алған күн (16 желтоқсан)



Қорытынды.

Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері.Отан — әр адам үшін оттан да ыстық.Сабағымызды жақсы оқып,еліміздің адал,еңбекқор азаматы болайық.Ер жетіп еліміздің одан әрі көркеюіне ,гүлденуіне өз үлесімізді қосайық. (оқушылардың барлығы тақтаға шығып,келесі әріптерді көтереді.).


Б- білімімді арнайтын
О- отанымды қорғайтын
Л- лаңкестікті даттайтын
А- адалдықты жақтайтын
Ш- шуағымды шашатын
А- асулардан асатын
Ғ- ғарыш сырын меңгерген
Ы- ынтымақты тең көрген
М- менмендікті жек көрген
Қ- қазаққа қызмет ететін
А- арманына жететін
З- заңды жақсы білетін
А- алға қарай жүретін
Қ- қайырымды елімнің
С- салтанатты жерімнің
Т- толықтырам сенімін
А- абыройын,жігерін
Н- намысын қолдан бермейтін
Бәрі: Мен боламын еңбекқор ,
Болашағы елімнің!
Жүректен жүрекке

Балалар жүрекшені бір-біріне ұсынып Отанға арналған өз тілектерін айтады.




Начало формы

Тәрбие үрдісі: Азаматтық, патриоттық және полимәдениеттік тәрбие беру. 


Барысы: І Ұйымдастыру кезеңі 
Оқушыларды дөңгеленте тұрғызып, қонақтарды қарсы алып, тәрбие сағатының тақырыбымен таныстырамын. 
Біз бүгін ата - аналармен бірлесе отырып, «Менің Отаным - Қазақстан» тақырыбында тәрбие сағатын өткелі отырмыз. Өту барысында өз Отанымыз туралы ой - пікірлерімізді ортаға салып,, Отандарыңа арнап салған суреттеріңді көреміз, өз ойларыңнан жазған шығармаларыңды тыңдаймыз. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады. 
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен? 
- Қазақстан 
- Қазақстан жері қандай? 
- Қазақстан жері үлкен, әдемі, әрі бай.(слайд) 
- Дұрыс айтасыңдар, балалар, Қазақстан жері батыстан шығысқа қарай 300 000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке қарай 1700 шақырымға созылып жатыр.(ҚР - ның физикалық картасынан көрсету) 
- Біздің еліміз - жерінің кеңдігімен қатар, табиғи байлығы да мол мемлекет. Өріс толы малы, тайдай тулаған балығы, теңіздей толқыған егіні, дала толы аң - құсы, таусылмас кен байлығы да жеткілікті, мол.(слайдтан көрсетіледі) 
Хор: «Отан» 
- Балалар, «Отан» деген сөзді қалай түсінеміз?(ой - пікірлерін тыңдау) 
- Осы айтылған ойларымыздың дұрыстығына көз жеткізу үшін қазір мынадай өлең шумақтарын тыңдап көрсек. 
1 - оқушы:  
Көп аузынан түспейтін, Отан - сенің ата - анаң, 
Отан деген немене?, Отан - досың, бауырың. 
Оның тұлға түс кейпін, Отан - өлкең, астанаң, 
Достым білгің келе ме? Отан - аудан, ауылың. 
2 - оқушы:  
Отан - жерім, Отан - суым, 
Отан - қуат, нәр береді. 
Отан - ұран, Отан - туым, 
Отан мәңгі гүлденеді. 
Сүйемін мен Отанымды, 
Гүл жайнаған жерімді. 
Сүйемін мен ата - анамды, 
Мені өсірген елімді. 
3 - оқушы:  
Отан деген - атамекен, 
Отан деген - туған жер. 
Отан - ана, Отан - пана, 
Қазақстан - туған ел. 
4 - оқушы:  
Отанды біз атамекен, 
Деп аялап айтамыз. 
Өйткені оны мекен еткен 
Бабамыз бен атамыз. 
5 - оқушы:  
Отанды жас - кәріміз де, 
Туған жер деп сүйеміз. 
Өйткені онда бәріміз де, 
Туып, өмір сүреміз. 
Мұғалім: 
- Балалар, біздің туған жеріміз, кіндік қанымыз тамған жер қалай аталады? 
- Арал 
Туған жеріміз Арал біздің Отанымыз Қазақстанның кішкентай ғана бір бөлшегі болып есептеледі. Біз осы жерде өмір сүріп жатырмыз. 
Қазір, сендер «Туған жер» өлеңін мұқият ден қойып отырып тыңдап, өз ойларыңды айтуға дайындалып отырыңдар.(өзім оқимын) 
Осы кезде Аралдың өсіп - өркендеп келе жатқандығын сипаттайтын түрлі суреттер топтамасы слайдтан көрсетіледі, зер салып қарап отырамыз. 
- Біздің өз туған жеріміз Аралды сағынған кезіміз болды ма?(тыңдау) 
Қазір Қ. Мырза Әлінің «Не үшін?» өлеңін екі оқушының орындауында тамашалайсыздар.  
Ата - ана «Туған жер» өлеңін оқиды. 
Туған жерін сүймейтін адам жоқ. Олай болса, туған жер туралы қандай мақал - мәтелдер біледі екенбіз? 
1. Туған жер - тұғырың 
Туған ел - қыдырың. 
2. Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық. 
3. Туған жер – алтын бесік. 
4. Туған жердің топырағы да ыстық. 
Хор: «Атамекен» (ата - аналардың оындауында) 
Мирас Ж. Смақовтың «Туған ел» өлеңін оқиды 
10 - оқушы:  
Отан дегеніміз - адамның туып өскен жері, туған - туысқандарымен, жақындарымен бірге тұратын атамекені. Қазақ елінде тұратын адамдардың Отаны - Қазақстан Республикасы. 
Бәрі: Қазақстан - Туымен тұғырлы, 
Елтаңбасымен еңселі, 
Әнұранымен айбатты. 
Мұғалім:- Балалар, 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер - Елтаңба, Ту бекітілді. Міне, бүгінгі таңда Қазақстан өз алдына Тәуелсіз мемлекет. Біздің өзіміздің Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бар. Егеменді Қазақстанбыз. 
Хор: «Елтаңбасы елімнің» әні  
11 - оқушы:  
Тас жаратын семсердей тілімдесің 
Жүрегімде, дінімде, ділімдесің. 
Байлығым, бақытымсың, ардақты Отан 
Ойым да, түнім де, күнімдесің. 
Мұғалім: Қазақ халқы сөз қадірін білген, қасиетті сөзді қастерлеп, аузынан тастамай, өнеге ретінде данышпандығын өлең өрнектерімен өрнектеп, терең мағыналы сөздерімен зерделеп келе жатқан халық. Терең мағыналы сөз өнері арқылы тәлім - тәрбиесі зор ойлар айта білген. Қазір қазақ халқының үш биінің сөзіне назар аударалық. 
Ортаға Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би түрінде киінген үш бала шығып, сөздерін айтады. 
12 - оқушы:  
Жаңа ғана қазағымның таңы атты, 
Алу мақсат Ел деп алғыс сауапты. 
Әр отбасы, әрбір қазақ, әр адам, 
Тәуелсіздік сақтау үшін жауапты. 
13 - оқушы:  
Ел тарихы, жер тарихы өзіміз, 
Болашақтың қасиетті көзіміз. 
Барлық ұлтпен бауырласып жетелеу, 
Ақ, қараны тіліп тұрса сөзіміз. 
Осы жерде ата - ана тәуелсіздік тақырыбына өлең оқиды. 
Хор: «Біз өмірдің гүліміз» 
14 - оқушы: 
Отан - менің өзегім, 
Қиының болса төземін. 
Алдағы бақыт шақтарды, 
Жүрегіммен сеземін. 
15 - оқушы:  
Отаным - менің өзегім, 
Қырыңды шарлап, кеземін. 
Білу керек әр ұрпақ, 
Бес саусақтай өз елін. 
16 - оқушы:  
Отаным - мәңгі қорғаным, 
Қалаймын бақыт қонғанын. 
Сүйемін және сондықтан, 
Өзенін, көлін, орманын. 
17 - оқушы: 
Бақытты боп жүргенім, 
Сенің арқаң, Ұлы Отан. 
Елім менің тірегім, 
Құшағыңда гүл атам. 
18 - оқушы:  
Ата, Әжем, Әкем, анам - 
Төртеуі де «Отан!» маған 
Төртеуі де «Ботам» дейді 
«Ер азамат атан!» дейді 
Мақтанамын Отаныммен, 
Отаныма «Ботамын»мен 
19 - оқушы:  
Сарқылмайтын қуатым, 
Тірегімсің сен, Отан! 
Мәңгі соғып тұратын, 
Жүрегімсің, сен Отан! 
Хор: «Сүйікті Отаным» 
20 - оқушы: 
Кең байтақ Қазақстан менің туған өлкем, оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы, жасыл жайлауы - менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны анамдай сүйемін. 
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары тыңдалады. 
Шығармаларын оқып, өз ойларын ортаға салады. Суреттерін таныстырамын. 
21 - оқушы: 
Біз жас ұлан - Отан ана өркені 
Үміт артқан болашағы, ертеңі. 
Туған елдің даңқын көкке өрлетіп
Гүлге бөлеп жасартамыз өлкені. 
Ән «Бақытты балалық шақ» 
22 - оқушы:  
Отан дейміз от жаққан жерімізді, 
Отан дейміз өсірген елімізді 
Отан дейміз туған жер, атамекен 
Биік тау, орман, тоғай көлімізді 
Ата – ана орындауында «Туған ел» әні домбыраның сүйемелдеуімен. 
23 - оқушы:  
Отан дейміз кең - байтақ астананы, 
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы. 
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ 
Ол бірақ өз үйіңнен басталады. 
24 - оқушы:  
Қазақстан - көк байрақты ел едің, 
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім. 
Өзің менің мақтанышым, тірегім, 
Өзің менің қуанышым, бақытым 
25 - оқушы  
Қыран құсым көк аспанда самғасын, 
Желбіресін көк байрағың сан ғасыр! 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын. 
26 - оқушы:  
Қойнауы мол кенге тұнған 
Кең жайлауы малға толған, 
Жерұйықтай жері дархан 
Жаны жомарт елі дархан 
Бәрі: Ол біздің - Қазақстан! 
Нұрай: «Отан» М. Мақатаевтың өлеңін оқиды. 
Хор: «Біз Қазақстан балаларымыз» 
Қорытынды: 
Бәрі: Қазақстан, сен заңғар биіксің, кеңсің. Біздің жанымыз өзіңе деген мақтанышқа бөленген. Біз сенің атыңды жер бетіне жар салар перзентіңбіз, тәуелсіздікті мықтап қолға ұстайтын балаңбыз! 
Мұғалім: 
Біз - тәуелсіз қазақ елінің ең жас жеткіншектеріміз. Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелеріміз бен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық дегім келеді. 
Ұстаздар, ата - аналар, оқушылар сіздерге көп - көп рахмет. Сау болыңыздар!

Конец формы

Начало формы

Тақырыбы: Менің Қазақстаным-менің болашағым


Мақсаты: Отанды сүюге. Ата Заңымызды қадірлеуге, туған еліне, жеріне деген  
сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Еліміздің рәміздерін қастерлеуге үйрету 
Тәуелсіз, бейбіт ел туралы ұғым. Оқушыларды достыққа,адамгершілікке,  
саналылыққа, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. 
Көрнекілігі: Қазақстан туралы слайдтар, суреттер, нақыл сөздер 
Сабақтың барысы: 
Тәуелсіз ел – Қазақстан арайлы 
Бүгін саған әлем түгел қарайды 
Тәуелсіздік тұғыры бұл халқымның 
Бейбітшілік таңы әр кез арайлы  
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы  
«Менің Қазақстаным – менің болашағым» 
Еліміз 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Бүгінде Қазақстан елі дүние жүзіндегі көптеген елдермен достық қарым-қатынас орнатқан әлемге танымал елге айналды. Қазақстанның тұңғыш рет өз Ата заңы қабылданды. Тәуелсіздік туы, көк байрағы желбіреп, асқақтаған Әнұраны шырқалуда Қазақстанның жаңа Астанасы күннен күнге жаңарып гүлденуде. Егеменді тәуелсіз Қазақстанды бүкіл әлем таныды.  
Қазақстан дейтін менің бар елім 
Жатыр алып жарты дүние әлемін 
Бұл даланы анам жаспен суарған 
Бұл далада атам қолға ту алған 
Бұл далада жылап келіп уанғам 
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам 
Бұл далада өскен жанда жоқ арман 
Қазақ жері көп шеккен қасіретті 
Қазақ жері өнерлі, өсиетті 
Египетті билеген Бейбарыстай 
Елі текті, киелі, қасиетті. 
Азамат бүгін байлыққа тұнған жерім 
Азап жүгін ел жауын қуған ері 
Әділет пен бірлікке жанын қиып 
Әділ өткен билердің туған жері 
Қазақ жері – қонақжай төрлер жері 
Қазақ елі – қас сақтай ерлер елі 
Елі кедей болмаған, жері байтақ 
Едігедей, Бабырдай шерлер елі 
Мәнге толы қазағымның ғұмыры 
Сан асылдың ашылып тұр тұғыры 
Кеше ғана керексіз ғып тастаған 
Ғажап екен әдеті мен ғұрыбы 
Шетсіз, шексіз қиырсыз ұлы дала 
Шуақ болып шашылмай жылына ма 
Сүй, Отанды 
Шынымен сүйіп өт те 
Гүл боп қадал, ойына, қырына да 
Ел болдың ерік алдың астаналы 
Енді кімнен қазағым, жасқанады 
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі 
Нұрсұлтанның атымен басталады. 
Сөзжұмбақ «Отан» 
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы Достық 
2. Елордамыз қай қала Астана 
3. Біз қай ұлтпыз? Қазақ  
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі Әнұран 
Көп нүктенің орнына осы сөздерді қойып дауыстап айт. 
Отаным, туған жерім, Атамекенім, туған өлкем, туған елім. 
Менің - Қазақстан 
Қазақстан! Қазақ халқының атамекені, ұлы ордасы, киелі ошағы. 
Қыран құсым көк аспанда самғасын 
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр 
Жас ұландар, берік ұста туыңды 
Жарқыратып туған елдің таңбасын - дегендей, Қазақстан Республикасының өз рәміздерін мақтаныш етеміз.  
Еліміздің рәміздерін атайық.  
(Туы, Елтаңбасы, Әнұраны) 
1992 жылы ҚР жоғарғы Кеңесінің сессиясында Республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды.  
Тудың ашық көгілдір түсі соғыссыз бейбіт ашық аспанымызды білдіреді.  
Жобасын жасаған – Шәкен Ниязбеков  
Елтаңбаның авторлары – Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Елтаңбадан елдің тарихы, дәстүрі рухы толық танылуы керек. Сондықтан да Елтаңбаның ортасында шаңырақ тұр. Қазақта шаңырақ биік, керегең кең, босағаң берік болсын деген сөз бар. Осы ұлы тілек негізге алынған.  
Республикамыздың Әнұранының сөзін жазған ақын Жұмекен Нәжімеденов және Н.Назарбаев. 
Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов.  
Біздің еліміз 
Қазақстан Туымен тұғырлы 
Елтаңбасымен еңселі 
Әнұранымен айбатты 
Еліміздің рәміздері туралы не білесіз? 
Әнұраным, жанұраным 
Айтар әнім, сөйлер сөзім 
Мәңгі бақи шырқалады  
Республикам – Әнұраным 
Шексіз көк аспанды жамылады 
Уақыттың басылған жоқ дауылы әлі 
Бірігіп бір жүрекпен шырқай тұғын 
Әнұран – Мемлекеттің халық әні 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны 
- Еліміздің Туы. Елтаңбасы туралы не айтамыз? 
Айнымайды аспаннан. Біздің тудың бояуы,  
Оны халық қашанда. Биікке іліп қояды. 
Көк аспанда алтын күн. Көк аспанда жас қыран, 
Естілгендей біздің үн. Сол ғарыштың астынан. 
Туымызға жас туған, 
Бір қарамай өтпейміз. 
Сол көк тудың астында, 
Көгереміз көктейміз. 
Қатар шапқан қос тұлпар 
Ай астында қазақ үй 
Қалықтаған жас сұңқар 
Шарықтаған таза күй 
Бұл - таңбасы елімнің 
Елдігімнің белгісі 
Мұнда да бір ерлігім 
Мұнда да бар жер күші 
Қара –шаңырақ – ел күні. Асқақтатып тұр мұны 
Елтаңбасы – елдігім. Елдің тыныш тірлігі 

Ән. Елтаңбасы елімнің 


Қазақстан – қазақ елі, қашаннан ата-бабамыз қоныс еткен жер. Қазақ жері – ұлан – байтақ. Жер көлемі дүние жүзінде 9 орында тұр. Жерінің кең – байтақ болуына байланысты. Қазақстан жері мөлдір көлдерге сай, қайың мен көктеректі ормандарға, кең алқапты жазық далалы жерлерге бай Қазақстанның жер қойнауынан барлық қазба байлықтар кездеседі.  
Ақын – жазушыларымыз  
Қандай сұлу, қандай көркем,  
Осы менің туған өлкем! – деп тамсана жырлаған.  
Әйнегі күн – шатыры аспан 
Кең дала, төсі толқыған егін. 
Көлдері көкке күмістер шашқан 
Қазақстан – Республикам менің! 
Айқаста жаудың алқымын сыққан 
Ажалға қимай намысты елін 
Төлеген, Мәншүк батырлар шыққан 
Қазақстан – Республикам менің  
Абай туған, Сәкен Туған 
Құрметте досттым қазақтың жерін 
Қамбаға жылда мол астық құйған 
Қазақстан – Республикам менің! 
Көгінде күн нұрын төккен 
Жерінде гүл жұпар сепкен 
Неткен сұлу неткен көркем 
Осы менің туған өлкем 
Алтын дәнді даласы бар 
Ақ күмістей қаласы бар 
Неткен сұлу неткен көркем 
Осы менің, туған өлкем! 
Ер еңбегі шалқып тасқан 
Ел еркіндей бақыт тапқан 
Неткен сұлу, неткен көркем 
Осы менің туған өлкем! 
Ән. Отаным Қазақстан! 
- Мен. Қазақпын мың өліп, мың тірілген  
Жөргегімде таныстым мұң тілімен 
Жылағанда жүрегім күн тұтылып 
Қуанғанда күлкімнен түн түрілген 
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би былай деген.
Біз, қазақ – мал баққан елміз 
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз 
Басымыздан құт-береке қашпасын деп 
Жеріміздің шетін жау баспасын деп 
Найзамызға үкі таққан елміз 
Ешбір дұшпан басынбаған елміз 
Басымыздан сөз асырмаған елміз 

Желдей еркін, түздей кең, таңдай азат 


«Мен қазақпын» деген де қандай ғажап! дегендей біз өз ұлтымызды мақтаныш етеміз.  
Мен, қазақпын биікпін, байтақ елмін 
Қайта тудым өмірге қайта келдім 
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске  
Айта бергім келеді, айта бергім. 
Біз қазақпыз ел үшін атқа мінген 
Жанып жатқан лапылдап отқа түскен  
Бойтұмар ғып ар-ождан қазынасын 
Ерлеріміз ел намысын сақтап жүрген 
Көк байрағын көтеріп 
Желбіреткен қазақпыз 
Түбі бірге бауырды 
Елжіреткен қазақпыз 
Бостандықты сағынып  
Қолына алған қазақпыз  
Жұлдызымыз жарқырап 
Жолы болған қазақпыз 
Би «Қара жорға» 
Туған тілім – тірлігімнің тірегі 
Тіл – қай ұлтта, қай елде болса да қастерлі құдыретті. Тіл байлығы – әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Егеменді мемлекеттің басты белгілерінің бірі – тіл. Қазақ тілі – атадан балаға мирас болып қалған қасиетті мұра. Демек әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға тиіс.  
Қымбат маған анам тілі, бал тілім 
Қымбат маған дана тілім, ар тілім 
Ақ сүтімен бірге сеңген бойыма 
Ана тілім ардақ тұтар алтыным. 
Ана тілін жырлап өткен талайлар 
Жырлап өткен Ыбырай мен абайлар 
Қасиетті менің ана тілімде 
Өшпес мәңгі алаулаған арай бар. 
Ана тілім бәрін сөйлер шежірем 
Тілсіз нені білдіре алам не білем 
Тілім барда ғана мынау ғаламның 
Кілтін табар саналысы сезінем 
Өлең жырмен арайланса таң күліп 
Ардақтымды жырлап өтем мәңгілік  
Мағжан, Қасым, Мұқағали жырларын 
Жалғастырып жаза берем мәңгілік 
Ән «Айналдым ана тілімнен» 
Өткен тарихымыздан аздаған түсінік 
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығын құрдық Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.  
Көрініс Үш бидің даналығы.  
Жерімді гүлдендірген аңыз өлкен  
Данышпан даналары аңыз еткен  
Үш жүздің басын қосып біріктірген  
Төле би, Әйтеке мен Қазыбектер 
Қазақ биі (Әмірбекова Ақерке) 
Отанымыздың жүрегі 
Тәуелсіздік тірегі 
Жеріміздің кіндігі 
Халқымыздың бірлігі – Астана 
Қазақстанның жаңа бейнесі, жарқын келбеті 
Астана – 1997 жылы 10 желтоқсанда Тәуелсіз еліміздің астанасы болып бекітілді. Бүгінгі Астана – азат елдің бас қаласы.  
Астана кеше ғана басқа қала  
Айналды бәйтеректі Астанаға 

Астана туралы өлең шумақтары 


Осынау елде бақ табам.  
Осынау елде шат балам  
Мерейін елдің артырған  
Астанам – менің Астанам 
Байтақ дала – жерім менің 
Арта берсін кенің сенің 
Көк байрағың желбіресін  
Егеменді елім менің 
Ән «Бала тілегі» (Әбдіхалықова Лиза) 
Біздің Қазақстан Республикасы жылдан-жылға, күннен – күнге өркендеп өсіп, кеңейіп, гүлденіп келеді. Біз өзіміздің Көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз Елтаңбамыз бен Әнұранымызды қастерлей отырып күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздік пен ерліктің үлгісі дала қыраны шарықтай берсін демекпіз.  
Жаса Қазақстаным, 
Жаса, менің ұлы елім! 
Ән «Атамекен» 
Міне, балалар бүгін өздерінді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендіктерінді көрсете білдіндер. Халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Еліміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарына сеніміміз мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!

Конец формы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет