Тақырыбы: «Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны



бет1/3
Дата04.09.2022
өлшемі309,01 Kb.
#148697
  1   2   3
Байланысты:
мен өмірді сүйемін


Ж.Егембердиев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі



«Мен өмірді сүйемін» психологиялық тренинг
Педагог-психолог: О.Асанова

Тақырыбы:


«Мен өмірді сүйемін» тренинг-ойыны 


Тренинг мақсаты: оқушылардың өмір туралы көзқарастарын анықтау және өмірді қалай сүйетіндерін байқау; өмірдегі орны қандай деңгейде бағаланып жатқанын қаншалықты білетіндерін анықтау. 
Міндеті: 
- Оқушылардың эмоционалдық көңіл-күйін жақсарту
- оқушыларды өз өмірінің мәнін түсіне білуге,рухани өсуге және жақсы мен жаманның аражігін ажырата отырып,өмірлік айқындамасын белгілей білуге үйрету; 
- Оқушыларды өз өміріне, өз сөзі, ойы және әрекетіне мұқият болуға тәрбиелеу
- Оқушылардың ойын ашу, өмірге деген жағымды көзқарасын қалыптастыру. 
Қатысушылар: мұғалімдер 
Сабақтың барысы: 
Ұйымдастырушылық кезең 
Кіріспе сөз. Психолог сөзі. Қайырлы күн! Құрметті әріптестер және қымбатты оқушылар сіздерді көргендерімізге қуаныштымыз!Бүгінгі тренинг-ойын сабағымыздың тақырыбы «Мен өмірді сүйемін!». Әрбір адам - өмірге келген қонақ. Өмір өте мәнді, мағыналы, мазмұнды өтуі үшін «қамшының ғана сабындай қысқа» өмірде адамдардың бір - бірімен сыйластықта болуы керек. 
Жан – жағымызға мұқият қарасақ, айналамызда күйбең тіршілік жүріп жатыр. Адамдар еңбек етуде, жұмысқа бара жатады, жұмыстан қайтып жатады. Демалады, қонаққа барады, алға қойған мақсаттарына жетіп, басқа бір мақсаттар қойып жатады. Кейбіреулер болса қайғы - мұңды бастарынан өткеріп жатады. Ал, кейбіреулер не үшін өмір сүріп жүргендерін, қиындықтардан қалай құтылу керектігін білмей өмірден түңіліп жатады. Бұл - өмір. Қақтығыстары мен қиындықтары көп осынау өмірде адамдар бір – біріне және өздеріне мейіріммен қарап, ізгі ниетпен жақсылық жасай білу керек. Сол қиындықтарды жеңу жолдарын іздеп, алға қойған мақсаттарына жете білулері әркімнің өзіне байланысты. 
Олай болса, бүгінгі тренинг-ойынымыз осы өзіміз таңдаған өмірімізде мәнді де, мағыналы өмір сүру әрқайсысымыздың өз қолымызда. Бүгін, тренинг барысында өзіміз сүріп жатқан өмірді танимыз, өзімізді танимыз деп ойлаймын.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет