Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым



бет1/2
Дата17.12.2021
өлшемі47,5 Kb.
#102077
түріПрезентация
  1   2

№ 32 ЖББОМ КММ

ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Тақырыбы: Менің Қазақстаным – менің болашағым!


Өткізген: Бейсекеева Ш. Б

Қарағанды 2013



Тақырыбы: «Менің Қазақстаным – менің болашағым!»

Мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне 1991 жылғы Желтоқсан көтерілісі арқылы қол жеткізгенімізді айтып, Отанды сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге баулу.

Әдісі: әңгімелесу, сұрақ-жауап, жоба қорғау.

Көрнекілігі: интерактив тақта, Н. Ә Назарбаевтің суреті, слайдтар, суреттер.

Барысы: Қазақстан Республикасының Гимні орындалады.

Презентация ««Менің Қазақстаным – менің болашағым!»



Кіріспе сөз.

  • Біздің Республикамыз қалай аталады?

  • Қазақстан Республикасы.

  • Астанасы қай қала?

  • Астана қаласы.

  • Біз қай ұлтпыз?

  • Ұлтымыз – қазақ.

  • Бізден біреу кімсің десе не деу керек?

  • Хормен: «Мен қазақпын деу керек».

  • Қазақстан Республикасының рәміздеріне нелер жатады?

  • Елтаңба, туы, әнұраны.

  • Балалар, Қазақстан Республикасы қай жылы тәуелді мемлекет болып жарияланды және қай күні?

  • - 1991 жылы 16 желтоқсанда еліміз тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

  • Ал тәуелсіздік сөзін қалай түсінеміз?

  • Тәуелсіздік – ешкімге бағынбайтын, өз алдына азат ел деген мағынаны білдіреді.

Мұғалім:

Тәуелсіздіктің туы желбірегеніне де, міне, 22 жыл толып отыр. Осынау уақыт ішінде елімізде қиыншылықтар аз болған жоқ. Бірақ сонын бәрін жеңе отырып, талай-талай жетістіктерге қол жеткіздік. Қазақстанды бүкіл әлем таныды. Экономикамыз дамыды. Ырысымыз артты. Ынтымағымыз нығая түсті. Еліміз аман, жұртымыз тыныш. Бейбіт заман. Қандай рақат!

Осының бәрі кімнің арқасы? Әрине, ел басқарған аға-апаларымыздың арқасы. Елбасымыз Нұрсұлтан аталарыңның арқасы. Нұрсұлтан аталарыңның атқарған еңбегі ұшан-теңіз.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! «Менің Қазақстаным – менің болашағым!» атты ашық тәрбие сағатын тамашалауға рұқсат етіңіздер.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет