Тақырыбы: Мұхит суының қозғалысы. Мақсаты: Білімділік



Дата18.03.2017
өлшемі74,35 Kb.
#11976
түріСабақ
Тақырыбы: Мұхит суының қозғалысы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға мұхит суының температурасы мен тұздылығы жайлы білім беру. Тұздылық пен температураның мұхитттың әр түрлі аймақтарында біркелкі болмауының себептерін ашу. Оқушыларда «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары» ұғымдарын қалыптастыру. (оқушылар бұл құбылыстардың пайда болу себептерін меңгерулеріне тиіс). Оқушылардың карта және интерактивті тақтамен жұмыс істеу біліктерін ары қарай дамыту.

Дамытушылық: Интерактивті тақта арқылы оқушылардың жұмыс істеу біліктілігін арттыру.

Тәрбиелік: Атмосфераның құбылыстарымен танысу арықылы, оны қорғау мәселелерін қарастыру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақты жүргізу әдіс-тәсілдері: проблемалық, сыни тұрғыдан ойлату.

Құрал-жабдықтар: Жарты шарлар картасы, атлас, интерактивті тақта

Негізгі ұғымдар: «толқындар», «цунами», «толысу мен қайту құбылыстары»

Сабақтың кезеңдері:

1. Ұйымдастыру кезеңі 5. Сабақты қорытындылау кезеңі

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі 6. Бағалау кезеңі

3. Жаңа тақырыпты меңгеру кезеңі 7. Үйге тапсырма беру кезеңі

4. Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі

Сабақ жоспары




Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

1

Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру.

Орындарынан тұрып мұғаліммен амандасу. Сабақта кім жоқ екенін анықтау. Сабаққа дайындалу.

2

Сергіту сәті

Интерактивті тақтадан «How Are You Today» әнін қойып көңілдерін сабаққа ауыстыру

3

Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:


  1. Интерактивті тақтада, семантикалық карта арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру



  1. Интерактивті тақтада, сайкестендіру кестесі арқылы оқушылардың өткен сабақ бойынша білімдерін тексеру





мұхиттар

Ең жылы

Ең суық

Температурасы 17,3

Ең терең

Температурасы 16,5

Түбінде ыстық бұлақтар бар

Температурасы -1

Тынық






















Атлант






















Үнді






















Солтүстік

Мұзды

























Тынық мұхиты




Пуэрто – Рико шұнғымасы

Атлант мұхиты




Гренланд теңізі

Үнді мұхиты




Мариан шұнғымасы

Солтүстік мұзды мұхит




Зонд шұнғымасы




4

1. Жаңа тақырыпты проблемалық сүрақтан бастау: «Толқын деген не?»

Мұхит суы әртүрлі күштердің әсерінен үнемі қозғалыста болады. Ең бірінші фактор – жел. Желдің әсерінен толқындар 10-15 м биіктікке көтеріледі. Толқынның элементтері: қыры немесе жалы, биіктігі, табаны, ұзындығы. Толқынның суретін оқушы тақтаға салып көрсетеді. Толқынның күштілігін анықтайтын шкала туралы айтып өтеді.


2. Кейін «соқпа толқын», «цунами», «тайфун» ұғымына тоқталады. Оның пайда болу себептерін оқушылармен бірігіп фотосуреттер (слаидтар) арқылы анықтайды.

Ашық мұхитта цунамидің биіктігі 1-2 метрден аспайды, ал жағалауға жақындаған кезде оның биіктігі бірден өсіп 20-30 м-ге жетеді. Цунами болар алдында су жағадан бірнеше жүзлеген метрге шегінеді, оның толқыны сағатына 800 км жылдамдықпен тарайды. Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын бөлігінде жазда және күзде пайда болып, сұрапыл дауыл түрінде соғатын жер тайфун деп аталады. Оның әсерінен таудай толқын көтеріледі.



  1. Оқушыларға сүрақ: Толысу және қайту құбылысы туралы не білесіндер?

Толысу және қайту құбылысы туралы бейне материал көрсету.

Мұхит пен теңіздерде қайталап тұратын құбылыс – толысу мен қайту. Оны меңгеру үшін оның сызбасын пайдалану жөн. Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалану мәселесі туралы сұрақ қою.




  1. Оқушылар оқулықпен жұмыс істеп мұғалімнің қойған сұрағына жауап береді:

Осы жерде оқушылар толқынның элементтерін мұғалімнің тақтаға салған графикалық суреті арқылы айқындап меңгеру мақсатында дәптерлеріне сызып отырады. Бір оқушы толкын суретін интерактивті тақтада суреттейді, оқушылар суреттерін салыстырады. Кейін оқушылар оқулық мәтінінен толқынның балдық шкаласы суретін тауып, толқынның күші 9 балдық шкаламен анқыталатынын өздері анықтап біледі.


  1. Цунами (жапонша цунами – қойнауындағы үлкен су) – теңіз түбіндегі жер сілкінулердің әсерінен пайда болатын сұрапыл жойқын толқын.

Цунами және оның пайда болуы мен әсерін оқушылар слаидтер арқылы көреді.

Мәтінді оқып, оны берілген суретпен салыстыра отырып, оқушылар өз ойларын сараптайды.

Соқпа толқын – теңіз жағасында пайда болатын толқын. Ашық теңізден сырғып жағаға жақындағанда толқынның төменгі бөлігі теңіздің түбіне үйкеліп, жылдамдығын баяулатады да, жоғарғы бөлігі одан төңкеріліп асып түсіп, жағаны ұрғылайды.

Тайфун (қытайша тай фын – үлкен жел) – Тынық мұхиттың Оңтүстік-Шығыс Азияға жақын маңында пайда болатын сұрапыл дауыл. Жапон, Филиппин аралдарына, Қиыр Шығыстың оңтүстік бөлігіне таралады.




  1. Балалар өз пікірлерін айтады.

Бейне материалдан кейін балалар толысу және қайту құбылысы туралы не түсінгенің және құбылыстың негізгі себебін айтады.

Оны жаксы меңгеру үшін оның сызбасын пайдаланады (72 сурет).



Толысу мен қайту құбылысын талдау барысында оларды шаруашылыққа пайдалануда үш мәселесін айтып өтеді.

5

Тақырыптарды бекіту үшін 121 беттегі сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.


Оқкушылар тақырыпты бекіту тапсырмалары мен сұрақтарына жауаптар береді


6

Сабақты қоыртындылау үшін оқушыларға стикерлер таратылады: Бүгінгі сабақта не білдіңдер? Сабақ несімен қызықты болды? Қандай қиыншылық болды?

Оқушылар стикерлерді толтырып тақтаға жабыстырып кояды.

7

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады Бағаларын айтып, күнделіктеріне қойып береді.

Оқушыларды үй тапсырмасының орындалуына қарай, сабақ үстінде көрсеткен белседіліктеріне қарай өзін – өзі бағалайды. Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырып алады.

8

Үй тапсырамысна: 37-38. анықтамаларды жаттау. Мәтін соңындағы тапсырмаларды орындау, сұрақтарға жауап беру.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет