Тақырыбы: Мұхтар шыңына саяхат (танымдық-зияткерлік саяхат) Мақсаты



бет1/7
Дата10.04.2023
өлшемі26,42 Kb.
#174100
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Сабақ жоспары М.Әуезов



Тақырыбы: Мұхтар шыңына саяхат (танымдық-зияткерлік саяхат)
Мақсаты: М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау,
Функционалдық сауаттылығын дамыту.
Оқыту нәтижелері : М.Әуезовтың өмірі туралы біледі.
Шығармашылығы туралы білімдерін саралайды.
Құндылықтарға баулу: Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының:
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
Ұлттық дәстүрді құрметтеуге баулу.
Дереккөздер: Әуезов М. Шығармаларының елу томдық толык жинағы. - Алматы: Ғылым, 1998,- 432 б. т-2
1.Жұртбай Т. Бесігіңді аяла!.. Монография-эссе.–Астана: Фолиант, 2003.- 504 б.
2. Бітібаева Қ. Әдебиет пәнін оқытудың тиімді жолдары. – Алматы: Рауан, 1990. – 200 б.
3. Бітібаева Қ. М.Әуезов туындыларын мектепте оқыту. – Алматы: Мектеп, 2002. – 120 б.
5. Бітібаева Қ. Әдебиет сабағының түрлері мен үлгілері. – Алматы: Мектеп, 2003. – 144 б.
Көрнекіліктер: Ұлы жазушы өмірі мен шығармашылығына арналған бұрыш, «Дегдар» видиосы, сабақ барысы бойыншакөрсетілім. Тапсырмалар конверттері
Өткен ғасыр... үн келеді алыстан,
Қоңыраулатып, құлын- тайы жарысқан.
Үн қатады даналықтың тілімен,
Бабам менің ой түбінен ағытқан.

Бетке алып асқарлы Мұхтар шыңын


Аттанды аламанға,жүректе-жалын.
Көрсетіңдер білім мен тапқырлықты
Ауыздап бұл сайыстың шарттарын,- дей келе сайысымыздың шарттарымен таныс болыңыздар.
1. М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған сұрақтарға жауап береді;
2. Сайыс барысында әлсіздік көрсеткен ойыншылар топтан шығарылып отырды.
3. Сайыс сұрақтары 3 деңгейлік тапсырмамен берілген әрі әр топ өз қалауларынша таңдап ала алады.
Топтастыру: квест тапсырма: ұсынылған сурет арқылы топқа бөлінеді, сурет қималарын құрастырып, артында жасырылған сөзді табады. Табылған сөз жасырылған пікірге бағыттап, бүгінгі тақырыптың түйінді ойын болжайды.
Мінеки, алдарыңызда 3 түрлі жол жатыр. Айдай сұлу Айсұлуды іздеп шыққан батыр осы жол қиылысына келгенде қай жолға түсерін өз шамасы, өз күшіне қарай бағалап барып түскен деседі.
Қызыл – жалынды, қызулы, білімді жастарға арналған жол—қиын, қиын да болса, ОЛЖАЛЫ ЖОЛ- 40-50 ұпайға ие боласың.
Жасыл- Терең ақыл, кең сабыр тоғысқан жол- ТАБЫСТЫ ЖОЛ- 20-30 ұпайға ие боласың.
Сары - «Сабыр түбі – сары алтын» жолы, «Өрмелеп ұшып қыран шыққан шыңға асықпай өрмелеп жылан да шыққан» деген ҚАНАҒАТТЫ ЖОЛ – 1-10 ұпай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет