Биология ғылымының негізгі зерттеу әдістері: 1.Сипаттап жазу әдісі- өте ерте заманда пайда болған ежелгі әдіс. Кез келген құбылысты зерттеу үшін оны толық сипаттау қажет, ал ол үшін нақтылы деректер жинақтау керек. Бұл әдісті қазіргі кездегі зерттеулерде де ғалымдар кеңінен қолданады.
2.Салыстыру әдісі- ХVІІІ ғасырда кең өріс алып дамыды. Бұл әдістің мәні ағза-ларда не олардың ұқсастығын не айырмашылықтарын анықтау болып саналады. Осы әдіс көмегімен өсімдіктер мен жануарлардың систематикасы құрастырылды.
3.Тарихи әдіс - ертеде өмір сүретін, жойылып кеткен ағзаларды зерттей оты-ра, қазіргі кезде тіршілік ететін ағзалардың құрылысын, шығу тегін және даму заң-дылықтарын анықтауда қолданылады. Бұл әдіс Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі пайда болғаннан кейін қалыптасқан.
4.Тәжірибе жасау әдісі – табиғат құбылыстарын тәжірибе жасау арқылы зерттеу болып табылады. Бұл әдіс химия, физика, табиғаттану ғылымдарының жетістіктерін кеңінен қамтиды.
Биологияның алғашқы қалыптасқан салалары ретінде ботаник -өсімдіктер туралы ғылым және зоология -жануарлар туралы ғылымдарды айтуға болады. Ботаник ғалымы б.ж.с. дейінгі IV-III ғғ. қалыптасқан, оның атасы болып Теофраст танылды. Ол өсімдіктер туралы 11 кітап жазған. Зология ғылымы да б.ж.с. дейінігі IV-III ғғ. қалыптасқан және оның аттасы Аристотель саналады. Ол 500-ден астам жануарлар түрлерін сипаттап жазып олардың алғашқы жүйесін жасаған. Биолгия ғылымыының қалыптасуына ертедегі грек дәрігері Гиппократтың рөлі ерекше. Ол жануар мен адамның құрлысы туралы көптеген деректер қалдырған. Сүйектерді, бұлшықеттерді, сіңірлерді, миды және жұлынды сипаттап жазған. Адам денесінің құрылысын зерттеуде Рим дәрігері Галеннің еңбегі өте үлкен. Ол маймыл мен шошқаны сойып, оның ішкі құрылысын зерттеген. XV-XVI ғасырлардан бастап биология ғылымы жаңадан өрлеп дами бастады. 1583 жылы А. Чезальпино өсімдіктердің алғашқы жасанды жүйесін құрастырды. 1543 жылы Везалий адам денесінің құрлысын зерттеп «Адам денесінің құрылысы туралы» атты кітап жазған; 1628 жылы У.Гарвей кіші қан айналым шеңберін зерттеп, қан айналым туралы ілімін қалыптастырған; 1665 жылы Р.Гук жасушаны, 1673 жылы Левенгук сперматозоидтарды және микроағзалар дүниесін ашқан. К. Линней өсімдіктер дүние-сінің жасанды жүйесін жасап, ботаниканың дамуына зор үлес қосты.
1970 жылы молекулалық биологияның жаңа саласы генетикалық инже-нерия, биотехнология, қалыптасып жасанды генотипті ағзаларды жасауға, көп-теген гормондарды лабораториялық жағдайларда синтездеуге қол жетті. Мысалы: осылайша 1977 жылы соматотропин, 1978-1979 жылдары инсулин, интерферон, простагландин гормондары синтезделінді. ХХ ғасырдың аяғында ғалымдар жоғары сатылы ағзалардың сомалық жасушаларын клондауға қол жеткізді. Мысалы: 1997 жылы Англияда алғаш рет клондау әдісі арқылы «Долли» атты қозы, 1998 жылы торай, 1999 жылы маймыл дүниеге келген. Қазіргі кезде ғалымдар ДНҚ-тесттер арқылы адам геномы анықталады. Осылайша молекулалық генетиканың жаңа саласы геномика қалыптасты. Мұның медицина үшін маңызы өте зор, се-бебі, генодиагностика, генотерапия, жасушалық терапия т.б. ауруды емдеудің және анықтаудың жаңа әдістері медицина практикасына енгізілуде.
ХХ ғасыр-биология, оның ішінде генетика ғасыры деп аталуда. Оның бола-шағы медицина үшін орасан зор, себебі жаңа жетістіктер, жаңалықтар нәтижесінде осы уақытқа дейін емдеуге болмайтын адамның тұқым қуалайтын ауруларын емдеуге қол жетеді, адамдардың өмір сүру ұзақтығын едәуір ұзартуға мүмкіндік бере-ді. Қазіргі кезде биология ғылымы осы әдістердің бәрін де пайдаланып, тірі ағзаларды кешендітүрде зерттейді.