Тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин
Жалпы мақсаты:
Білімділік: Жазушы С.Сейфуллин шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету.Оқушыларға Наурыз-жыл басы, ұлт мейрамы екендігін , ата-бабамыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ұлттық тәрбие туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең оқу,шығарма жаздыру арқылы тілдік қорларын дамыту.
Тәрбиелік: Қазақ халқының салт-дәстүрін, тілін, дінін, әдет-ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Көрнекілігі: наурыз мерекесіне арналған суреттер,Сәкен Сейфуллин портреті,бағалау парақшалары т.б
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Сабақ әдісі:сұрақ-жауап,көрнекілік,талдау-жинақтау,жоба қорғау.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар «Шаттық шеңберіне» тұрып көңіл-күйлерін сұрау,бір-біріне тілектер айту.
Сабақтың жалпы мақсатын білдіремін:
Сыныпты 3 топқа бөліп отырғызамын
І-топ: «Наурыз»
ІІ-топ: « Сәуір»
ІІІ-топ: «Мамыр»
Топ басшыларын сайлап аламыз.
І-топ ұраны:
Наурыз – шаттық әніміз
Салтанатты сәніміз
ІІ -топ ұраны
Сәуір болмай-тәуір болмас
ІІІ -топ ұраны
Мамыр шуақты болсын!
Күні қуатты болсын!
Топ басшылары бағалау парақшалары арқылы өз топтарын бағалап отырады.
Сабағымызды: Жұмыла көтерген жүк жеңіл деген ұстаныммен бастамақпын.Себебі ,сендер топпен жұмыс жасайсыңдар.
І.Қайталау-сөз анасы
ІІ.Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар.
ІІІ.Білгенге маржан-білмеске арзан
ІV.Жоба қорғау.
Олай болса сабағымызды бастайық.
І-бөліміміз бойынша: Қайталау-сөз анасы. (Үй тапсырмасын сұраймын).
Жаз келер, қыстыгүнгі қысым өтіп,
Қар, суық, аяз, боран – бәрі кетіп.
Қасықтай қар, тобықтай тоң қалмайды,
Табиғат барша жанға рахым етіп.
Жетпекке үлкендікке жас балалар,
Жүгірер қырдан ойға дүбірлесіп.
Шал-кемпір күншуақтап, көңілі жай боп.
Өткен күн, өмірін айтып, күбірлесіп.
Бота, құлын, бұзау, лақ, қозы туып,
Қуанып ойнақтайды, олар да өсіп.
Сүйтсе де адам көзі бір тоймайды,
Құдайым берсе-дағы қанша несіп.
Ітоп. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңінің 1-ші шумағын мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.
ІІ топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңінің 2-ші шумағын мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.
ІІІ топ. Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» өлеңінің 3-ші шумағын мәнерлеп оқу,мазмұнын түсіндіру.
2.Білімдерін жан-жақты тексеру. Қосымша тапсырмаларын сұраймын
І-топ: -Шәкәрім кім?
ІІ-топ: -Шәкәрімнің тағы қандай шығармаларын білесіңдер?
ІІІ-топ: - Шәкәрімнің өмірбаяны туралы не білесіңдер ?
3.Жаңа сабаққа даярлық кезеңі
-Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
4. Сөзжұмбақ шешу. «Наурыз»
ІІ. Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар . (суреттер көрсету)
Мына суреттен не көріп отырсыңдар? Естеріңе не түсті соны алдарыңдағы дәптерге түсіріңдер?
Балалар біз бүгін Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» өлеңімен танысамыз.
1. Тірек-сызба.
жазушы
ақын қоғам қайраткері
Сәкен Сейфуллин
жазушы-драматург
2.Слайдтан көрсету.
Сәкен Сейфуллин -қазақ әдебиетіне жаңа түр, күрескерлік идея, жанды бейне, көркем образдар әкелген ақиық ақын, ірі қоғам қайраткері, әдебиет зерттеушісі, жазушы-драматург.
Ол 1894 жылы 15 қазанда Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында туған.
Сәкеннің жан-жақты білім алуы, азаматтық көзқарасының қалыптасуы Ақмоладағы приходская школада, қалалық үш кластық училищеде, 1913-1916 жылдары Омбы мұғалімдер семинариясында оқуымен тығыз байланысты.
1914 жылы жиырма жастағы семинарист Сәкеннің "Өткен күндер" атты өлеңдер жинағы Қазанда басылып шығады.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, 1917 жылғы Қазан төңкерісі Сәкен өмірінде, оның азаматтық тағдырында ерекше орын алады.
3.Оқулықпен жұмыс. Жаңа білімді меңгерту.
- Өлең сөзін оқушылар тізбектей оқиды.
- Өлең не туралы екенін топта түсіндіреді.
- Көктемде қандай өзгешеліктер,табиғат құбылыстары болатынын сұрақтар қою арқылы біледі.
4.Дәптерге жазу. Сөздік жұмыс.
*Есіп тұр- жел соғып тұр
*Ескектің лебі- соққан жел
* Дүние балқып иіп тұр- Табиғаттың өзгеру, күннің жылуы
ІІІ. Білгенге маржан,білмеске арзан деп аталады.Бұл бөлімде топпен жұмыс түрлерін жүргіземіз.
І- топ өлеңге сүйеніп,Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып береді.
ІІ-топ өлеңде адам кейпіндегі бейнеленген табиғат құбылыстарын мына үлгі бойынша жазып шық.
Жаз –құшақтайды,беттен сүйеді.
Су-----сумаңдайды,былдырлайды.
Құстар------сұңқылдайды
Мал------------жадырайды.
ІІІ-топ әр шумақты жеке-жеке оқып екі өлеңнің ұқсастығын табыңдар
С.Сейфуллин «Наурыз»
|
Ш.Құдайбердіұлы «Жаз келер»
|
|
|
Сергіту сәті:
Жаңа білімді қорытындылау. (жоба қорғау)
І-топ:Наурыз туралы сурет салу.
ІІ-топ: Наурыз көже туралы эссе жазу.
ІІІ-топ: Наурыз туралы өлең шумақтарын жазу.
Рефлексия: «Мұғалімге хат» оқушылар сабақтан алған әсерлері туралы стикерлерге жазып тақтаға іледі. Не ұнады? Не қиын болды?
5.Бағалау. Топ басшысы бағалайды.
№
|
Оқушының аты-жөні
|
Қайталау-сөз анасы
|
Ой түбінде алтын бар,ойлай білсең табылар
|
Білгенге маржан-білмеске арзан
|
Жоба қорғау
|
1
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6.Үйге тапсырма
1. Наурыз өлеңін жаттау.
І-топ: Наурыз мерекесін қалай қарсы алатыны туралы жазып келу.
ІІ-топ: Наурыз мейрамына буклет жасау
ІІІ-топ: Наурыз сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
Достарыңызбен бөлісу: |