Тақырыбы: «Наурыз» Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат-міндеттері



Дата11.01.2017
өлшемі45,53 Kb.
#6822
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжі

WordArt 43


Мамандығы: 0301002 «Мектепке дейінгі тәрбие»

WordArt 42

Мектепалды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас»
Тақырыбы: «Наурыз»
Құзыреттілікке жеткізетін ұйымдастырылатын оқу іс-әрекет мақсат-міндеттері:

  1. Ақпараттық құзыреттілігі: Наурыз туралы білім беру.Басқа айлардан ерекшеліктерін түсіндіру.

  2. Коммуникативтік құзыреттілігі: Сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйрету.Тілдік қорын байыта отырып, ойларын дамыту.

  3. Проблема шешу құзыреттілігі: Берілген суреттер бойынша әңгіме құрату. Өздігімен сөзжұмбақ шеше білу дағдысын қалыптастыру.


Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: «Тіл дамыту»

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетте қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет өтілу әдісі: Түсіндіру, әңгімелету, практикалық.

Пән аралық байланыс: Сурет салу, көркем әдебиет.

Оқыту құралдары: Көктем бейнеленген суреттер.



Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы


Балаларды шеңберге тұрғызып ортаға жүрекшелер тасталады.Балалар бір –бірлеп алады.

Балалар бізге табиғат ғажайып сыйлық дайындап қойыпты. Жүрекшелер әртүрлі екен. Кәне, қарайық: мынау қызыл түс достарға, отбасыға деген махаббат, сары түс күнге деген махаббат, көк түс аспанға деген махаббат, ал жасыл ше? Оны кім біледі?

Ендеше балалар, бір –бірімізге күлімдеп қарайықшы. Мына кішкене жүрекшелерді жинап, біздің өмір сүріп отырған табиғат анамыз –үлкен жүрекшенің ішіне салайық.


Бұл табиғатқа деген махаббат...





Іздену – ұйымдастырушы

Балалар табиғатта неше жыл мезгілі бар?

Қазір қай мезгіл?

Ал көктемнің қай айы?

Дұрыс. Наурызда қандай өзгерістер болады?

Осы айда қандай мерекелер болады?

Ия, Наурыз мерекесін біз 22 наурызда тойлаймыз. Халық наурыз мерекесіне алдын ала дайындалады. Үйдің ішін, маңайын тазалайды. Барлық ыдыстарды дәммен толтырады. Әр үйде наурыз көже пісіріледі.Бұл –тоқшылықтың белгісі. Наурыз тойына өкпе –реніш болмайды, тек бір –біріне жақсылық тілеп, қуанып қауышады. Осы күні күн мен түн теңеліп, жаңа жыл, табиғат мерекесі басталады.

Балалар мына суретке қарап әңгіме құрастырыңдар.

Ал енді «Жыл мезгілдері» ойынын ойнайық.

Шарты: Балалар әр мезгілге сай суреттерді өз орнына орналастырады.

Жақсы. Енді балалар алда аналар мерекесі келе жатыр. Біз бүгін аналарға арнап ашық хат жасаймыз.Ашық хатқа өздерін сурет салыңдар. Осы ашық хатты мереке кезінде аналарымызға сыйлаймыз.



Төрт жыл мезгілі болады.

Қазір көктем мезгілі.

Наурыз айы.

Балалар жауап береді.

8-наурыз аналар күні, Наурыз тойы.

Балалар әңгіме құрастырады.

Балалар ашық хат дайындайды.


Рефлексивті

коррекциялаушы

Балалар бүгін не үйренгенімізді еске түсіру үшін мына сөзжұмбақты шешеміз.

Н А У Р Ы З К Ө Ж Е

Қ А Р Л Ы Ғ А Ш

А Қ Қ У

С Ә У І Р

Қ Ы З Ғ А Л Д А Қ

Б Ұ З А У

1. Наурыз тойында ішілетін сусын.

2. Көктемде ұшып келетін құс.

3. Көктемде ұшып келіп, көлдің көркі болатын құс.

4. Көктем мезгілінің екінші айы.

5. Көктемде шығатын гүл.



6. Сиырдың төлі.

Балалар сөзжұмбақты шешеді.


Күтілетін нәтиже:

Баланың білуі: Наурыз айының ерекшеліктерін біледі.

Баланың меңгеруі: Өздігімен әңгіме құрауды меңгереді.

Баланың жасай алуы: Ойын ойнап, сөзжұмбақты шеше алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет