Тақырыбы: «Негізгі ұлттық сертификаттау жүйесі»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата02.03.2023
өлшемі406,99 Kb.
#170830
1   2   3   4   5
Байланысты:
ААқнұр (1)

Инспекциялық бақылау
- это сертификатталған өнiмнiң, процестiң техникалық 
регламенттерде белгiленген талаптарға сәйкестiгiн растау жөнiндегi аккредиттелген 
органның уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асыратын тексеруi. 
Сәйкестік сертификаты
– техникалық реттеу объектілерінің техникалық 
регламенттерде және (немесе) стандарттау жөніндегі құжаттарда белгіленген 
талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат. 
Сәйкестік туралы декларация
- жеткізіп берушінің (дайындаушының, 
сатушының) өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік 
сертификаттау жүйесі белгілеген нысандағы құжаты. 
Сертификаттау
деп сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін 
қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін жазбаша куәландыратын рәсімді де 
атайды. 
Сертификаттау жүйесі
- жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша 
іске асырылатын сертификаттауға қатынасатындардың жиыны. 
Сертификаттау органдары
- аккредиттеу арқылы өз қызметін жүргізу құқығына 
ие болған ұйымдар болып табылады. 
Сынақ зертханасы (орталығы)
- зерттеулерді, сынақтарды жүзеге асыратын 
заңды тұлға немесе заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның құрылымдық бөлімшесі. 
Техникалық реттеу
– өнімге немесе өнім мен оған байланысты жобалау 
(іздестіруді қоса алғанда), өндіру, салу, монтаждау, баптау, пайдалану, сақтау, 
тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне қойылатын міндетті талаптарды 
белгілеу, қолдану және орындау саласындағы, сондай-ақ сәйкестікті бағалау 
саласындағы қатынастарды құқықтық реттеу. 
 
 

 
 
 
 
 
 
 



 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет