Тақырыбы: «Негізгі ұлттық сертификаттау жүйесі»



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата02.03.2023
өлшемі406,99 Kb.
#170830
1   2   3   4   5
Байланысты:
ААқнұр (1)

 
 
 
 
 



 
 
1. ҚР сертификаттау жүйесі 
Сертификаттау жүйесі - жүйеде бекітілген, сертификаттау ережелері бойынша 
іске асырылатын сертификаттауға қатынасатындардың жиыны. Сертификаттау 
жүйесінің сетификаттау жұмысын жүргізуге арналған ережелер мен басқару 
процедуралары бар. Сертификаттау жүйесі ұлттық мемлекетаралық және халықаралық 
денгейде құрылады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі деп, Қазақстан 
Республикасында сертификаттау және аккредиттеу бойынша сертификаттау саласында 
өзіне тән компетенциясы жаңа номативтік құжаттар жұмыстарын жүргізу тәртібін 
бекітуге арналған мемлекеттік басқару, сенімді және заңды адамдар бас қосуын айтады. 
Мемлекеттік сертификаттау жүйесін сертификаттау саласындағы біртұтас саясатты 
жүргізуді және сертификаттаудың негізгі ережеларі мен процедураларын, 
сертификаттау органдары мен сынақ зертханаларына қойылатын талаптарды және 
оларды аккредиттеу процедураларын сертификаттау бойынша эксперт - аудиторларды 
дайындау мен аттастациялауды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік сертификаттау жүйесін 
мемлекеттік реестрлеу, аудит пен инспекциялық бақылау, сертификаттау мақсаттарын 
іске асыруға арналған басқа да талаптарды бекітуге арналған. 
2. Өнімдерді сертификаттау жөнінде жұмыс жүргізудің жүйелілігі 
Өнімдерді сертификаттау жөнінде жұмыс жүргізудің жүйелілігі: 
1. Сәйкестігін растау жөніндегі органға өтініш (сәйкестігі туралы өтініш) беру 
және қарау;
2. Өтінішті (сәйкестігі туралы өтініш) қарау қорытындысы бойынша шешім 
қабылдау, сонымен қатар сертификаттау сызбасын таңдау;
3. Өнім сәйкестігін растау бойынша жұмыс жүргізуге өтініш беруші мен 
сәйкестігін растау жөніндегі орган арасындағы шартты рәсімдеу;
4. Өтініш берілген өнімдер үлгілерінің бірдейлігіне сұрыптау жүргізу және 
оларды сынақ орталығына (зертханаға) жіберу;
5. Сертификаттаудың таңдалған сызбасымен қарастырылған өтініш берілген 
өнімдер үлгілеріне және басқа да жұмыстарға сертификаттау сынағын жүргізу;
6. Сынақ қорытындысын талдау немесе сәйкестігі туралы өтініммен бірге алынған 
құжаттарды қарау; 
7. Сәйкестігі туралы декларацияны тіркеу немесе сәйкестік сертификатын беру 
мүмкіндігі туралы шешім қабылдау: 
8. Қазақстан Республикасының техникалық реттеу мемлекеттік жүйесінің 
мемлекеттік тізілімінде сертификатты тіркеу, өнімді сәйкестік белгісімен таңбалау 
құқымен (егер ол сертификаттау сызбасымен қарастырылса) оны өтініш берушіге беру;
9. Өнімнің сертификаттау сипаттамасының тұрақтылығына және сапа 
менеджменті жүйесінің жұмыс істеуіне инспекциялық бақылау жүргізу (егер ол 
сертификаттау сызбасымен қарастырылса);
10. Өнімді сертификаттау қорытындысы туралы ақпаратты ұсыну.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет