Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Нерв жүйесі дамуының ақаулары. Гидроцефалия. Микроцефалия. Балалардың церебральдық сал ауруы



бет20/23
Дата19.12.2021
өлшемі52,01 Kb.
#103310
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
215 невр2
Сауат 21.09 қмж, материя, 215 невр2
Ауру тарихының кестесі

1.Науқастың аты-жөні

2.Жасы


3.Жанұя мәліметтері

4.Мамандығы

5.Мекен – жайы

6.Клиникаға түскен күні



Шағымдары.

Бұл бөлімде науқастың клиникаға түскен күнгі негізгі шағымдары жазылады.



Аурудың даму тарихы

Бұл бөлімде аурудың басталуын, аурудың дамуын бірінші күннен бастап дәрігерге қаралғанға дейінгі уақытты, қай емдеу және алдын – алу мекемелерінде қандай ем берілді, олардың нәтижесі туралы толық жазылу керек.



Науқастың өмірбаян тарихы

Бұл бөлімде науқастың туған күнінен бастап осы ауруханаға түскен күніне дейін қысқа биографиялық мағлұматтарды хронологиялық тәртіппен жазады: туған жері және жанұясы, сәби кезіндегі дамуы, балалық шағы, мектептегі кезі, өз бетімен еңбектенуі және еңбек анамнезі.

Етеккірі, тұрмыс құруы, жүктілік, босануы, түсіктер, күйеуі туралы мағлұмат (немесе әйелі туралы мағлұмат).

Басынан өткен аурулары.

Соңғы жылдардағы еңбек ету орны мен тұрмыс жағдайы:

1.Еңбек ету жағдайы, тәртібі

2.Тұрмыс жағдайы

3.Тамақтану, оның қалыптылығы

Зиянды әдеттері.

Тұқымқуалаушылдық, мерез, психикалық аурулар, зат алмасу аурулары, гемофилия, туберкулез, қатерлі ісіктер, алкоголизмнің тұқымында ауырған адам бар болды ма екені туралы мағлұматтар жинау қажет.



Науқастың жалпы жағдайы:

Жалпы қарау.

Науқастың жалпы жағдайына баға беру: қанағаттанарлық, орташа, ауыр, өте ауыр.

Дене қызуы.

Есі: ашық, ашық емес, ступор, сопор, кома.

Беті мен шашын қарау.

Науқастың төсектегі қалпы: активті, пассивті, мәжбүрлі.

Дене бітісі, конституциясы, бойы, салмағы, жүрісі.

Терісі және көрінетін кілегейлі қабықтары: түсі (бозарған, сарғаю, қызғыш, көгеру, сұрғылт), пигментация, депигментация, тырнақ ізі, геморрагия, тыртықтар, бөртпелер, ксантомдар, дымқылдығы, эластикалығы. Теріасты майы, оның дамуы: қалыпты, әлсіз, артық.

Ісік: мінездеме, орналасуы, таралуы – орнықты, жалпы.

Лимфа бездері: жақ асты, мойын, бұғана асты, бұғана үсті, қолтықасты, шап, шынтақ бездері. Олардың үлкейген көлемі, консистенциясы, ауыруы, олардың терімен немесе бір-бірімен өсуі.

Бұлшықет: даму сатысы – қалыпты, әлсіз, жақсы.

Буындар: конфигурациясының өзгеруі, ісінуі, ауыруы, активті және пассивті қозғалуы кезінде сықырлауы.

Сүйіктер: деформациясы, сипау кезінде ауыруы, қол-аяқ саусақтарының шеткі буындарының қалыңдауы (барабан таяқшалары).

Тырнақтар жағдайы (сынғыштығы, сызықтар, «сағат әйнегі»).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет