Тақырыбы: Нерв жүйесінің жұқпалы аурулары. Менингиттер, энцефалиттер. Тексерудің, емдеудің, күтім жасаудың негізгі принциптері. Нерв жүйесі дамуының ақаулары. Гидроцефалия. Микроцефалия. Балалардың церебральдық сал ауруы



бет17/23
Дата19.12.2021
өлшемі52,01 Kb.
#103310
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
215 невр2
Сауат 21.09 қмж, материя, 215 невр2
Салмақты сезіну. Сырқат алақанын жоғары қарата қолын алға созады. Дәрігер оның алақанына әр түрлі садмақтағы таразы тастарын қойып, қайсысының ауыр, қайсысының жеңіл екендігін сұрайды.
Сезімділік курделі турлерін тексеру

Қай жерден тітіркенгенді сезіну. Сырқат екі көзін жұмып тұрып, дәрігердің сипаған немесе жанышқан жерін дәл табу керек.

Ми қатпары қызметі тексеру

Қарапайым және курделі сөйлемдердің мағынасын тусіну. Дәрігер сырқатқа:аузыңды аш,көзіңді жұм,сұқ саусағыңмен оң құлағынды ұста деген сияқты бұйрықтар беріп,оның әрекеттерін бақылайды. (Ахмет Хасеннің артынан келе жатыр) дейді де, (Алда келе жатқан қайсысы?) деп анықтап сұрайды.

Есту қабілетін тексеру. Сырқатқа дыбысталу жағынан ұқсас б-п,п-б,да-та,та-да деген сияқты дыбыстарды естіртіп, қайталауын өтінеді.

Естігенді қайта айтып беру. Дәрігер сырқатқа а,ә,қ,к,б т.с.с. әріптерді, ба, на, ке буындарын, апа, қасық, қаймақ, бота, құлын деген сөздерді айтып, қайталап тұруды сұрайды.

Жуйелі сөйлеуді тексеру. Сырқатқа (Сіз қалай ауырдыңыз?), (өз жұмысыңыз туралы айтып беріңізші?) деген сауалдар қойып,жуйелеп әңгімелеуін өтінеді. Маңайдағы заттарды айтқызады Егер ми қатпары зақымданған болса, сырқаттың сөзі, үні бұзылуы, заттарды айыра алмауы, жуйелі сөйлей алмауы мүмкін.

Оқытып көру. Сырқатқа әріптер, жеке сөздер көрсетіп, қысқа немесе ұзақ сөйлемдер беріп оқытады. Дұрыс оқи алмаса, оны алексия дейді.

Жаздырып көру. Сырқаттың қолына қалам немесе карандаш беріп,сөздер жаздырады, қойылған сауалдарға жауап беруді сұрайды. Адамның жазу қабілетінің бұзылуын-аграфия деп атайды.

Санатқызып көру. Сырқатқа қарапайым есеп амалдарын беріп,шығаруды ұсынады. Сандарды қостырады, алдырады, бөлдіреді немесе көбейттіреді. Есептен жаңылу- акалькулия деп атайды.

Іс-әрекетті тексеру. Дәрігер өз әрекеттерін сырқаттың қайталауын өтінеді, нақты қимыл жасап, айтқан тапсырманы орындатқызып көреді, (сіріңке тұтату,жағаны жөндеу, туймені салу). Егер сырқаттың іс-әрекеті уйлесімсіз болса, мұны апраксия деп атайды.

Туйсіну функциясын зерттеу. Сезімі, көруі, естуі, иіс және дәм сезінуі бұзылмаса да, затты танымайтын болса- агнозия деп есептеледі.

Көру агнозиясы-сырқат көріп тұрған затын танымайды.

Есту агнозиясы-құлағы естіп тұрғанмен сырқат адам дыбыстың мән мағынасын айыра алмайды.сағаттың тықылын,иттің ургенін,машинаның дүрілінін танымайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет