Ласег симптомы – дәрігер шалқасынан жатқан сырқаттың аяғын жоғары қарай тік көтереді, бұл әрекетті сырқат шыдағанға дейін тоқтатпайды. Мұны Ласегтің алғашқы фазасы деп атайды. Сырқаттың белі мен сегізкөзі ауыра бастағанда,қимыл тоқтатылады. Одан кейін аяқты тізеден бүккенде, ауру жеңілдейді немесе жоғалады. Ласегтің 2-ші фазасы деген осы.
Вассермен симптомы– дәрігер етпетінен жатқан адамның аяғын артқа қарай мүмкіндігінше жазып байқаса,санның алдыңғы жағынан ауырсыну байқалады.
Нери симптомы – басты оқыс иіп қалғанда, бел немес сегізкөз тұсы ауырады.