«Оқыту мен оқуда мұғалімдердің шеберлігін шыңдау» тақырыбындағы воркшоп түріндегі шарамыздың алғысөзін ашу үшін сөзді мектеп директоры
А Абуов мырзаға жолдаймыз.
Құрметті шараға қатысушылар , бүгінгі шарамыздың түрі воркшоп түрінде өтеді.
Ал бұл сөз қандай мағына береді?
WORKSHOP- ағылшынша аударғанда цех, шеберхана деген мағына береді.
Қазіргі кезде жаңа технология бойынша жұмыс кезінде көбірек қолданылады.
WORKSHOP-Барлық қатысушыларға оқытудың соңында неғұрлым әділ болуға көмек беретін оқу тобы
WORKSHOP-Әрбір қатынасушы белсенділік танытатын оқу процесі
WORKSHOP-Нәтижесі әр қатынасушының құнды деректеріне тікелей байланысты тренинг .Осы кезге дейін білемін деп ойлағаныңнан да көп білу және айналаңдағы өзің күтпеген адамдардан үйренудің мүмкіндігін ашуға қол жеткізу
WORKSHOP-Қатынасушылар бір- бірінен көптеген тың ақпараттар білетін оқу процесі
WORKSHOP-Қатынасушылардың көңіл-күй әрекетіндегі ерекше күйзелісті басты назарда ұстайтын оқу процесі
Уақыт өзгеруде сонымен қатар сол заманның ұрпағыда өзгеруде.Әр заманның ұрпағы алдыңғысынан озып жаңаға талпынуда. Онсыз даму болмайтындығы секілді, бізде өз заманымызға сай болуымыз керек. Ендеше ұстаздар бүгінгі воркшопта өз қиялымызға ерік беріп, өз өз заманымызға сай екенімізді көрсетіп,белсенділік танытайық