ОООО: Сізге тұрақтылық пен көп тараған пікірлерге құлақ түру тән. Сіз жанжалдасу, дау-дамай мен кикілжіңдерді ұнатпайсыз
ОООС: Сіздің мінезіңіздің негізгі ерекшелігі – жігерсіздік. ООСО: Сізгежігерлілік, әзілқойлық және артистизм тән. Мінездің бұл түрі өте көпшіл болып есептелінеді. ООСС: Мінездің бұл түрі сирек кездеседі, ол алдыңғы түрге жақын, алайда оған қарағанда жұмсақтау. ОСОО:Мінездің бұл түрінде терең ой мен мінез жұмсақтығы ұштасады, оған жаңалыққа баяу үйрену мен сақтық тән. ОСОС: Мінездің сирек кездесетін әлсіз түрі. Ондай мінезді адамдар ықпалдарға бейім болып, көп жағдайда өздерін қорғай алмайды. СООО: Мұндай мінез жиі кездеседі. Оның негізгі ерекшелігі – эмоцияларға берілу, табандылықтың жетіспеушілігі. Сіз бөтен ықпалға бой алдырасыз және өмірдің әртүрлі жағдайларына оңай бейімделе аласыз. Адал достарыңыз көп, адамдармен тез тіл табысып кетесіз. СООС:Сізге жұмсақтық пен сенгіштік тән. Сіз өзіңізге ерекше ықылас жасағанды талап етесіз. ССОО: Сіздің мінезіңіз ашық әрі ақкөңіл. Сізге қарапайымдылық, қызығушылықтарыңыздың бір жақты болмауы, өзіңізге өзіңіз іштей есеп беру тән. ССОС:Сіздің мінезіңізде ақпейілділік, жұмсақтық және адамдарға сену басым. Бұл өте сирек кездесетін мінез түрі. СССО: Сіз сезімдерге беріліп кететін, пысық әрі жігерлі адамсыз. Алайда жиі жағдайды шиелендіре түсетін асығыс шешімдер қабылдайсыз. Сізге ішіңізде сенімді «тежеуіш» қалыптастырған жөн. СССС:Мінездің жаңалықтарға құмар түрі. Сіз ескі заттар мен жәйттерге жаңаша қарай аласыз. Сізге эмоцияларға берілу, менмендік, өзімшілдік тән. СОСО: Мінездің ең мықты түрі. Сізді бір нәрсеге иландыру мен сендіру қиын. Сізге өз көзқарасыңызды өзгерту қиынға соғады. Алайда Сіз өте пысық әрі жігерлісіз, өз мақсаттарыңызға жетуде табандысыз. СОСС:Алдыңғы түрге ұқсас мінез. Өз мақсаттарына жетудегі табандылық, өзінің әрекеттерін талдауға бейім болады. Алайда достар табу қиыншылық туғызады. ОССО: Сіздің мінезіңіз жайлы әрі жеңіл. Сіз жанжалдарды болдырмайсыз, саяхаттауды ұнатасыз. Достарды оңай табасыз. Алайда қызығушылықтарыңызды жиі өзгертіп отырасыз. ОССС: Сізге тұрақсыздық пен тәуелсіздік тән. Сіз сырт көзге жұмсақ көрінесіз, алайда күрделі мәселелерде Сіз талапшыл әрі табандысыз. (Бұл ойсергек Тадахико Нагао және Исаму Сайтоның «Кокология. Психологиялық ойындар» (Kokology. The Game of Self-Discovery), 2002 кітабынан алынды)