Жана ошақты туберкулез кезінде жиі кальциленген кеуде ішілік лимфа бездері немесе өкпеде бірен- саран кальцинаттар байқалады, олар эндогенді реактивацияның көзі болуы мүмкін. Ошақты созылмалы туберкулез кезінде кіші ошақтар 4 мм-ге дейін және орташа көлемдегі ошақтар 6 мм-ге дейін және олардың қанықтығы орташа, жоғары болады. Ошақтардың жиектері анық көрінеді, олардың кейбіреулерінде тығыз түйіршіктер кальций тұзының шөгуі байқалады.
ДИАГНОСТИКАСЫ
Туберкулин диагностикасы: Бірінші рет анықталған активті ошақты туберкулезбен ауыратыннауқастарға туберкулинді тері астына жібергенде, оларда жалпы кейде ошақты реакция беруі мүмкін.